Герундийді формаларға бөлу туралы қазақша реферат

       Герундийдің 4 формасы бар: екі сабақты етісте және екі ырықсыз етісте.

Герундий сабақта етісте:

1. Simple Gerund Жай герундий
2. Perfect Gerund Перфекті (аяқталған) герундий

Герундий ырықсыз етісте:

3. Simple Gerund Passive Ырықсыз етістің жай герундийсі
4. Perfect Gerund Passive Ырықсыз етістің перфекті герундийсі

 

Герундийдің формасы

Етіс

Сабақты етіс (Active) Ырықсыз етіс (Passive)

 

Simple

IV

being III

painting

being painted

Perfect

having III

having been III

having painted

having been painted

        Тұйық райға қарағанда герундийде бір ғана синтаксистік құрылым бар: герундиальды айналым. Ол келесі түрде көрінеді:

Жатыс септігіндегі зат есім / жатыс септік + Герундий

His buying a gift is really no excuse.— Сыйлықты сатып алуы оны еш ақтамайды.

Герундийдің активті және пассивті формасы

       Герундийдің активті формасы мағыналық етістікке –ing жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Ал герундийдің пассивті формасы мағыналық етістіктің 3-ші формасы (яғни I есімше) мен «being» сөзі арқылы жасалады.

Герундийдің активті формасы, мысалы ретінде  осындай сөйлемде қолданыла алады:

He remembered reading the book spoken about by all. – Ол барлығы талқылап жатқан кітапты оқығанын есіне түсірді.

Мұндағы «ол» кітапқа деген қатынасына активті күйінде тұр; «ол» (субъект) –бастауыш-  объектке (кітап) байланысты іс-әрекет жасайды, ал керісінше емес.

Пассивті құрылымда іс-әрекет субъектке (бастауышқа) бағытталған, сондықтан да герундий пассивті формада тұрады. Мысалы:

He didn’t remember being knocked down. –Қалай аяқтан шалдырылып қалғанын оның есінде болмады.

Субъектің пассивті күйінде тұрғанына қарамастан (яғни іс-әрекетті ол жасамайды, керісінше  іс- әрекет оның үстінен жасалады), олардан кейін герундийдің активті формасы қолданылатын бір қатар сөздер бар. Оларға: want, need, deserve, require  етістіктері мен worth сын есімі жатады. Мысалы:

This car needs repairing.- Бұл машинаны жөндеу керек ( іс-әрекетті машинаға қатысты жасауға тиіс, герундий формасы- активті болса да, субъект – машина пассивті күйде тұр).

This film is worth seeing.- Бұл фильм оны көруге тұрарлық ( бұл жағдайда қайтадан герундий формасы- активті болғанымен, субъект- фильм пассивті күйде тұр).

Герундийдің жай және перфекті формасы

        Сабақты етіс пен ырықсыз етістегі жай герундий етістік-баяндауышпен көрсетілген іс-әрекетке қатар іс-әрекетті білдіреді. Етістік-баяндауышқа байланысты, ол осы шаққа, келер шаққа немесе өткен шаққа қатысты бола алады. Мысалы:

Bill usually works for many hours without resting.- Билл әдетте демалыссыз көп сағат жұмыс істейді.

She told her story to her friends without stopping.- Ол өзінің достарына өзінің оқиғасын тоқтамай әңгімеледі.

Tom will not go there without knowing the correct address.- Том ол жаққа нақты мекен-жайды білмей бармайды.

Герундийдің жай формасы (giving, sending, forgiving  және т.б.) мағыналық етістікке –ing жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

Герундийдің перфекті формасы (having given, having sent және т.б.) мағыналық етістіктің 3-ші формасы (есімше II )  мен having сөзі арқылы жасалады.

Герундийдің перфекті формасы  күнделікті тілде өте жие қолданылады- әсіресе, сипатталып тұрған іс-әрекет басыңқы сөйлемдегі іс-әрекетке уақыты бойынша келер шақта болғанын көрсету үшін.  Мысалы:

In addition to having sent his partner all necessary documents he telephoned him twice a day – Осыған қоса, ол өзінің серіктесіне барлық керекті құжаттарды бергенімен, оған күніне екі рет телефон шалатын.

Келер шақты айрықшылау керек болса да, етістіктер мен предлогтармен  қатар герундийдің жай формасы қолданылады. Бұл етістіктерге мыналар жатады: remember, excuse, forgive және  upon, on, after, without предлогтары. Мысалы: He wrote a letter in which he thanked John for giving him a chance to make a photo of that rare bird last Monday- Ол өткен дүйсенбі күні  бұл сирек кездесетін құстың суретін істеуге мүмкіндік берген үшін Джонға алғысын айту үшін  хат жазды.

After receiving the telex he started for New York – Телексті алған соң, ол Нью- Йорке аттанды.
Тағы рефераттар