Гештальт психологиясы туралы қазақша реферат
Ұзақ уақыт бойы жас экспериментальдық психологияның зерттеу объектісі болып ─ түйсік саналды. Осы уақытта психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық лабороторияларда ашылмай, керісінше, жоғала бастады. Оны идеалистік философия үстем етуші кезде қалыптасқан гештальпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты.
Неміс сөзі гешталь ─ «пішін», «құрылым», «біртұтас» конфигурация» дегенді білдіреді. Гештальтизмнің пайда болуы кезінде біртұтастық және бөлшектік проблемалары өзекті болды. Барлық жағдайда психикалық өмірді біртұтас, іштей байланысқан түрінде қарастыруды ұсынды. Болашақ гештальтистер екі лабораторияда тәрбиеленді: К.Штумпфтың (Берлинде) және профессоры Э.Гуссерль болған Геттинген университетіндегі Г.Мюллердің, Э.Гуссерль психологияны емес логиканы өзгертуге тырысты. Ол логиканы танымның заңдары мен негізгі фомендерін ашуды мақсат ететін, фонемонологияға айналдыру керек деп есептеді. Ол фоменология адам тіршілігіне қатыстының барлығынан абстракциялануы керек және «таза» мағыналарға жетуі керек деп санады. Бұл мәселені шешуде бұрынғы интероспективтік әдіс тиімсіз болды. Оның модификациясы, феномонологиялық әдіс керек болды. Осының бәрі гештальпсихологиясының мектеп ретінде қалыптасуына әкелді. Оның өкілдері : М.Вертхеймер, В.Келлер, К.Коффка, Д.Катц, Е.Рубин және т.б.
Д.Катц бейнені жеке феномен ретінде зерттеуді ұсынды. Бейнеің басты ерекшелігі болып ─ қабылдаудың құбылмалы жағдайларындағы оның тұрақтылығы саналады. Жағдайлар құбылып тұрады, ал сезімдік бейне тұрақты болып қалады. Егер объект көру аумағынан бөлек қабылданса, оның тұрақтылығы бұзылады. Қабылдаудың бір біртұтастығы мен оны түйсіктер мозайкасы ретінде түсінудің қате екенін көрсететін айғақтарды, «пішін мен көрініс» феноменін зерттеген дат психологы Е.Рубин айтты. Пішін көріністен бөлек, біртұтас, тұйық сипатта қабылданады, ал бұл кезде көрініс артқы жағынан көрінеді. Олардың айырмашылықтарын қосалқы бейнелер анық біллдіреді.
М.Вертхеймердің фи-феноменді зерттеудегі басты эксперименті осы мектептің пайда болуына себеп болды. Ол арнайы құралдардың көмегімен екі тітіркендіргішті бірінен кейін бірін әр түрлі жылдамдықпен көрсетті. Интервалды салыстырмалы ұзақ болған кезде ─ сыналушы оларды кезекпен қабылдады. Интервал өте қысқа болған кезде ─ олар мәліметтер сияқты бірге қабылданды, ал қолайлы интервал кезінде (60 милисекунд) ─ қозғалысты қабылдау пайда болды, яғни көз кезекпен немесе бірге берілген қисық түзулерді емес қисық түзулердің оңға немесе солға орын ауыстыруын көрді. Уақытша интервал оптималдыдан асқан кезде ─ белгілі бір сәтте, сыналушы таза қозғалысты қабылдады, яғни, қисық түзу орын ауыстырмай-ақ қозғалыстың болатынын ұғынды. Бұл құбылыс фи-феномен деп аталды. Фи-феномен жеке сенсорлық бөлшектердің қосылысы ретінде емес, «динамикалық біртұтастық» түрінде көрінді.
В.Келлердің пікірі бойынша, физикалық алаң мен біртұтас қабылданудың арасындағы дедал ретінде жаңа физиология ─ оқшауланған элементтер мен жолдардың физиология емес, гештальттер, яғни біртұтас және динамикалық құрылымдар физиологиясы болуы керек.
Гештальтистер изморфизм ұстанымы психофизикалық проблеманы шешуге мүмкіндік береді деп болжады. Әрине, изоморфизм, математикалық дәреже сияқты, өз-өзінен материалистік те, идеалистік те бола алмайды. Гештальтистер психикалық формаларға өзінше бір мағына берді. Олар бұл формалар өздерінің бөлшектеріне сәйкес емес деп қана қоймай, гештальттың ерекше заңдылықтары болатынын айтты. Олар психология осы заңдарға сүйене отырып, физика сияқты нақты ғылымға айналады деп ойлады.
Гештальт психологиясының құлдырауының себебі мынада: ол өзінің теоретикалық тұжырымдамаларында бейне мен әрекетті бөліп қарастырды. Гештальтистер бейнені өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мағына ретінде көрсетті. Оның шынайы зат әрекетімен байланысы жұмбақ болып қалды. Осы екі маңызды дәрежелерді біріктіре алмай, психикалық талдаудың біртұтас схемасын жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады. Сананың феноменологиялық концепциясына негізделген жалған әдістеме бұл екі дәрежені ғылыми тұрғыдан біріктіруге кедергі болды.
Тағы рефераттар
- Экономикалық тұрақтылық жағдайындағы банк қызметінің өзекті мәселелері
- Алтын Орда дипломатиясы және Алтын Орданың Египетпен, Осман империясымен қарым-қатынастары
- Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінде болатын тексерістер
- Туризм туралы түсінік және туризм менеджментінің тиімділігі
- АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ