Гиддингс Франклин Генри туралы қазақша реферат
Гиддингс Франклин Генри (1855-1931) – америка әлеуметтанушысы АҚШ әлеметтануы профессоры ( Колумбия университетінде), Американдық әлеуметтанулық қоғамның президенті (1908). Ол АҚШ-та Колумбия университетінде (1894) ең алғашқы әлеуметтану кафедрасын ашқан.
Гиддингс психологиялық негіздеме арқылы жалпыны қамтитын әлеуметтанулық жүйе құруға ұмтылды.
Гиддингс әлеуметтану «нақты, бейнелейтін, тарихи, түсіндірмелі» ғылым деп, оның психологиядан айырмашылығы индивидуалды сананы зерттейді, әлеуметтану индивидтердің бір бірімен ассоциациясын бақылайтын сананың арнайы күрделі құбылыстарына қатысты.
Гиддингстің пайымынша, қоғам «ерікті процесстер» және «саналы таңдау ретіндегі жасанды іріктеу» күштерінің әрекетінен тұрады. Бұл бір жағынан индивидтің ұмтылысы мен құмарын әлеуметтендіретін күштер (климат, тұқым, т.б.), ал екінші жағынан әлеуметтік күштер болады. «Әлеуметтік күштердің» құрылымына топтар немесе қоғамның индивидқа әсерін жатқызды. Оның нақты мысалы ретінде қоғамдық пікір мен заңнама болуы мүмкін. Ол өзінің ғылыми қызметінің алғашқы кезеніңде ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басындағы психологиялық социологияның бір тармағы болып саналатын психологиялық эволюционизм ағымымен айналысқан.Бұл ағымның басқа өкілдері сияқты,Г.Спенсердің қоғамдық өмірді тірі организмге теліген идеалистік көзқарасымен байланысты болды.1896 жылы ұзақ ғылыми қызметінің жемісі ретінде Гидденстің бірінші үлкен кітабы «Әлеуметтанудың принциптері» жарияланып шығады,ал соңғы кітабы 1932 жылы қайтыс болғаннан кейін жарық көрген «Мәдениеттілік және қоғам» деген еңбегі. Гидденс эволюцияны мойындағанымен қоғамдық өмірдің психологиялық интерпретациясынан бас тартқан жоқ.Американдық социолог Уорд объективтік идеализмнің әсерінде болса,Гидденс позитивистік бағыттың жолын қуушы болып қалады.Социология,Гидденстің пікірінше,қоғамды тұтастық ретінде түсінуге ұмтылатын және оны космос заңдылықтары мен себеп-салдары арқылы түсіндіруге тырысатын.Гидденстің ойынша, «Әлеуметтік эволюция» космос эволюциясының бір түрі:әртүрлі әлеуметтік күштер функциялық күштердің өзгеруі болып табылады.Г.Спенсердің бағытымен Гидденс энергияның тепе-теңдік,күштің тұрақтылығы деп түсінеді.Бірақ,қоғам организмінен гөрі үлкенірек,күрделірек құбылыс деп дәлелдейді.«Қоғам ұйым,яғни бір жағынан саналы дамудың (эволюция),екінші жағынан,сапалы бастардың жемісі болып саналатын ерекше ұйым.Сондықтан қоғамдық процестерді социологиялық талдауында объективті табиғи және субъективті психологиялық факторлары болуы тиіс».Қоғамдық өмірдің психологиялық негізін Гидденстің осылай түсіндіруіне Тарттың ықпалы бар.Қоғамдық өмірдің негізгі элементтері «тұқымның санасы» (бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсінушілікті қамтамасыз ететін ұжымдық сана) деп есептей келе Гидденс қоғамдық сананы түсіндіру үшін «әлеуметтік ақыл парасат» терминіиен қатар қолданады.
Әлеуметтік құрылымның тұжырымдамасында Гидденс үш топты («өмірлік топтар», «жеке адамдар топтары», «әлеуметтік топтар») ерекшк атайды да,қоғамдық ұйымдардағы дамуды түсіндіру үшін социолизмнің «зоогендік ассоциациясының» қазіргі кезеңдері «демогендік ассоциацияға дейін» деген тезисты пайдаланды.ХХ жылдары басталған ғылыми қызметінің екінші кезеңінде Гидденс позитивизм (Э.Мак,К.Пирсон,Б.Рассел) концепцеиясының және АҚШ-та эмпирикалық социологияның қалыптасуына ерекше ықпал еткен «зерттеудің статистикалық тәсілін» белсенді насихаттаушы болды.Осыған орай оның социологияның пәні туралы көзқарастары да өзгерді.
Тағы рефераттар
- Джеймс Кук
- Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы
- Есеп жүйесін стандарттаудың қажеттігі
- Delphi-де «Санақ жүйесі» бағдарламасын құру курстық жұмыс
- Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудын теориялық негізі дипломдық жұмыс