ГИДРОИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӨНДІРІСІ туралы қазақша реферат

Бұл материалдардың кеңінен қолданылуы арзандығына негізделген. Битумдарды қолданудың бірнеше әдістері бар:

-битумды барынша қозғалымдылығына дейін қыздыру (150…2000С), битумды ыстық кезінде микро- және макротолтырғыштарға жағу және сіндіру; жабындарды сіндіру алдында шаңнан тазалайды және БН 50/50 немесе БН 70/30 маркадағы 90….950С дейін қыздырылған битумы бар ваннаға салады; битумды бірте бірте 105…1100С-қа дейін қыздырады, осы кезде бетондағы ауа мен ылғалдың жоюылу есебінен көбіктену өтеді; көбіктенудің аяқталуымен ваннадағы температура 160…1700С-қа көтеріледі, ал кейін жайлап 70…900С-қа дейін төмендейді; суыту процессінде бетон кеуектеріндегі ауа көлемінің азаюы мен будың конденсация кезіндегі ажырау есебінен сіңірілу интенсивті жүреді; жұмыстың жүруіне бақылау сол бетон араласпадан жасалған үлгілер бойынша жүргізіледі; 20 мм тереңдіктегі бетонды сіңіртуге кететін «қара байланыстырғыштың» 1м2 бұйымның бетіне шығыны 1…2 кг-нан аспауы керек;

-битумдарды бензинде, жасыл майда, локойлде, этинолда және басқада органикалық еріткіштерде ерітіп,  темірбетон конструкциясына ерітіндіні жағу, ерітілген битумды микротолтырғыштармен араластырып және суық кезінде жағу; толтырғышсыз қабықшаның немесе суық мастиканың қатаюы еріткіштің ұшуы есебінен өтеді;

-суда ерігіш эмульсия немесе пастаны алуымен битумның механикалық дисперциялануы; судың булануы және битум бөлшектерінің коагуляциялану есебінен эмульсияның қатаюы.

Эмульсиядан жасалған қорғаушы қабаттың сапасы ең төмені, жоғары сапалысы – ерітіндіден жасалғаны және ең жоғары сапалысы – балқымадан жасалғаны. Битумды-күйелі құрам 10…20% концентрациялы қышқыл, ерітінділер, сілтілер ( 10%-ке дейінгі) әсері кезінде, сонымен қатар ауада жақсы қорғаушы қасиеттерге ие.

Битумды-күйелі құрамға агрессиялық әсер етеді:

–     қатты концентрациялы және ерекше қышқылдандыратын қышқылдар;

–     концентрациялы сілтілер;

–     структураның тығыз емес жерлеріне кіруші су  (бетонмен мастиктің арасындағы байланыстардың бұзылуын туғызуы мүмкін);

–     төмен температура ( -40….-500С битумның шынылануын туғызады, нәтижесінде бұзылуына әкеледі);

–     көптеген органикалық еріткіштер ( битумды материалдарды ерітеді );

–     температураның 30…700С-қа дейін жоғарлауы (битумдық қабықшаның жұмсаруына және ағуын туғызады).
Тағы рефераттар