Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар):
1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).
Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.
Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды.
Тағы рефераттар
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
- Жапонияның шет елдерімен қарым қатынасы
- Кәсіпкерлік курстық жұмыс
- Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері дипломдық жұмыс
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны