МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ТОО «Helios» компаниясы
1.1 Жалпы сипаттамасы
1.1.1 ТОО «Helios»
1.1.2 Құрлымы
1.1.3 Филиалдары
1.2 Жалпы ережелер
2 Кәсіпорын тауарлық қорын есептеу және талдаудағы ақпараттық жүйесін құру
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері
2.1.1 Қаржылық есеп беру
2.1.2 Ақша ағымы туралы есеп беру
2.1.3 Кәсіпорын жағдайын талдау
2.2 Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы
2.2.1 Кіріс құжат
2.2.2 Шығыс құжаты
2.3 Ақпараттық база
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база
2.4 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
2.4.1 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
2.4.2 Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
2.4.3 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
2.4.4 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны пайдалану саласының мүмкіндіктері
3.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В
Кіріспе
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) — Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ — ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп — ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді — бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Қазақстанда ақпараттық өнім керек ететін фирмалар мен ұйымдар саны жылдан жылға артуда. Осындай ірі ұйымның бірі — «Helios» компаниясы болып табылады. Осы курстық жұмыс жазу кезінде мен «Helios» компаниясы ның ұйымдастырушылық құрылымына біраз тоқталып және оған сипаттама көрсетілген. Сонымен қатар бірінші бөлімге Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар мен концептуалды схема кірген.
Дипломдық жұмыс / 52 бет
Тағы рефераттар
- АҚШ-та тренингтің ұлттық лабораториясының құрылуы
- Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару
- «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы
- Франциядағы шағын бизнес
- Бауыржан Момышұлының шығармашылығы лабораториясы дипломдық жұмыс