Инновацияның әсерлеріне техникалық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және инновациялық процестің басқа нәтижелері жатады.
Инновация әсерлері мен инновациялық процестің тиімділігін бағалау келесі шектеулер мен рұқсаттамаларға негізделген:
- инновация әсерлері бөлек кәсіпорын деңгейлерінде бағаланады және өлшенеді;
- өлшеуде экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б. әсер түрлері қарастырылады;
- кәсіпорын инновациялық жобаға инвестицияланған құралдарды қайтарып алуға сенеді, яғни қаржылық нәтиже инновация табыстылығының соңғы белгісі болып табылады;
- әсерлерді өлшеу үшін сапалық және мөлшерлік әдістер қолданылады;
- әсерлер инновациялық процестің барлық кезеңдері бойынша өлшенеді және бағаланады, инновация идеяларынан бастап коммерциялық іске асырудың бастапқы кезеңімен аяқталады;
- инновациялық процестің барлық қатысушылары жағынан кезең бойынша әсерлерді өлшеу мен бағалау жүзеге асады;
- алынған инновация нәтижелерін салыстыру үшін өлшенетін көлемдердің барлығы қарастырылады.
Инновацияны жүзеге асыру кезінде пайда болатын нәтижелер әр түрлі деңгейлер мен бағыттарда өлшенуі мүмкін. Жалпы екі негізгі деңгейді қарастыруға болады: микро және макродеңгейде. Микродеңгейде, яғни кәсіпорын деңгейінде, бөлек инновациялық жоба бағаланады, бұл жаңа өнім жасауды, енгізуді немесе қызмет көрсетуді, технологияларды, жоспарлау жүйелерін, есептеуді және т.б. қарастырады. Бір кәсіпорын деңгейінде жүзеге асатын кешенді жобалар сериялары бағаланатын болса, онда макродеңгейлік бағалауды айтуға болады. Бұл жерде, саладағы лидердер болып табылатын ірі кәсіпорындар туралы айтылған. Макродеңгейге әр түрлі саладағы кәсіпорындар мен кооперация шеңберінде іске асатын инновациялық жобалардың кешендерін жүзеге асыру нәтижелері жатады. Салалық немесе халықшаруашылық бағытындағы инновациялардың іске асуы кезінде пайда болатын әсерлер макродеңгейде бағалануы және өлшенуі керек.
Макро және микродеңгейлер арасындағы аралық кәсіпорын деңгейінде бірнеше техникалық тектес және өзара байланысты синергетикалық әсерлердің жетістіктерін қамтамасыз ететін инновациялық жобалардың өңделу нәтижелері болып табылады.
Тікелей | Тікелей емес | Тікелей | Тікелей емес | Жүйеліктер | Индивидуалды |
Объект бірліктері үшін ерекше түрде анықталады | жаңа технологияларды меңгеру, оқу | айналысты жоғарлату | бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі | экологиялық | ғылыми қабылдау |
ноу-хау | табысты көбейту | әсекелестердегі шығындардың көбеюі | әлеуметтік | өзін таныту | |
патенттер,артықшылықтар | шығындарды төмендету | басқарушылық | |||
әлсіз орындарды табу | нарықтың өсім үлесі |
4-сурет. Инновациялық қызмет әсерлерінің түрлері.
Жоғарыда айтылғандай, инновация процесінің барлық нәтижелер түрлері бағалану және өлшену қажет.
Техникалық әсерлер. Инновациялық жобалардың әр қайсысына техникалық әсерлердің өзіндік ерекше өлшеуіштері анықталуы керек. Мысалы, техникалық инновация процесі кезінде сенімділік, беріктілік, тезқозғалғыштық, уақыт мерзімдік және т.б. берілген сипаттамалар жүзеге асуы мүмкін.
Басқарушылық инновация сферасындағы техникалық әсерлерге, мысалы, шығындардың пайда болу орындарына байланысты олардың дәл есептеулерін көтеру, құжат айналым уақыттарын қысқарту және т.б. жатқызуға болады. Тікелей техникалық әсерлерді объективті бағалау зерттеушілердің, инженерлердің, технологтардың және инновацияның объектісі бойынша басқа мамандардың көмегі арқылы алынуы мүмкін.
Тікелей әсерлермен қатар тікелей емес әсерлер болады. Тіпті егер инновация жоспарланған техникалық әсерлерге жетпесе, жаңа өнім, қызмет, әдістер мен амалдарды меңгеру аймағында оқытулық әсерлер пайда болады. Сонымен қатар, бөлек ноу-хау және артықшылықтарды тіркеуді патенттеу жүзеге асуы мүмкін, сонымен бірге техникадағы әлсіз орындарды, технологияларды, кәсіпорын ұйымдарын білу қарастырылады.
Экономикалық әсерлер. Шешім қабылдау сатысында инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау есептемелерін және инновацияның жүзеге асудағы коммерцияның бастапқы фазасында бағаланатын экономикалық әсерлерден айырып білу керек. Біріншілері ─ инновацияның ең қолайлы баламаларын таңдауда қолданылады, екіншілері ─ кәсіпорын қызметтерінің нақты жағдайларын қоса алғанда, таңдалған баламаларды жүзеге асырудағы нәтижелерді бағалау үшін қолданылады.
Экономикалық әсерлерді техникалық әсерлер сияқты тікелей және тікелей емес деп бөлуге болады. Тікелей әсерлерге пайда өсімін, айналыстың жоғарлауын, нарық өсімін, шығындардың төмендеуін және т.б. жатқызуға болады. Қарастырылған экономикалық әсерлер түрлерін белгілі уақыт аралығында және де өнім бірлігінде де өлшеуге болады. Өлшеу әдісін таңдау инновацияның түріне байланысты.
Тікелей емес экономикалық әсерлер ең алдымен бәсеке аймағында көрініс табады: бәсекелестердегі сату көлемінің төмендеуі, бәсекелестердегі шығындардың жоғарлауы және т.б.
Басқа әсерлер. Жүйелік және индивидуалды аймақтағы әсерлерді бағалай және тани білу керек. Инноваторлардың сәттілігінің индивидуалды аспектілерінде маңызды орынды жариялауда қабылдау, беделді премия алу және т.б. алады. Қазіргі кезде жаңа өнімдерді және технологияларды жасау саласында қоршаған ортаға зиянды әсер етудің төмендеуі инновацияның сәттілік көрсеткіші болып табылады.
Инновацияның жүзеге асырудың әлеуметтік нәтижелері ретінде жаңа жұмыс орындарын жасауды, жұмыс жағдайын жақсартуды, жаңа басқару әдістерін енгізу арқылы ұжым арасында адамдық қатынастарды жасауды айтуға болады.
«Инновация табысты ма немесе табысты емес пе?» деген қорытындының дұрыстығы табыс көрсеткішінің қандай уақытта өлшенгендігіне байланысты. Мысалы, инновациялық процестің жүзеге асырылуындағы тікелей экономикалық әсерлер өлшенетін болса, онда өнімді шығарғаннан кейін өлшеуді жүргізу керек. Бұл жерде жыл ішінде белгілі бір сату көлеміне жеткеннен кейін өлшеуді бір жылдан, екі жылдан кейін жүргізу керек.
Инновациялық әсерлерді өлшеу мен бағалауда маңызды орынды бағалау субъектісін таңдау алады. Оның сайма-сайлығы, толықтылығы, аспектілері, әділдік деңгейін бағалауды кім жүргізгеніне байланысты. Инновацияның табыстылығын бағалау субъектілерінің түрлері 5-суретте көрсетілген.
Инновация әсерлерін өлшеу концепциясы инновациялық процестің барлық кезеңдерін реттілік түрде қамтуына негізделген. Осы концепцияға сай өлшеуді процесс алып жүреді, ал нәтижелер басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылады. Кезеңнің аты, аралық нәтижелердің түрлері, сандық өлшеуіш, бағалау субъектілері 1-кестеде көрсетілген.
Инновациялық процестің кезеңдері бойынша бағалау және өлшеу.
Кезеңнің аты. | Аралық нәтижелердің түрі | Нәтижелердің сандық өлшеуі | Бағалау субъектісі (сатыны бағалаушы) |
Өнім(қызмет) идеясы | Бірнеше өңделген идея мен ұсынысты сипаттайтын хаттама | Идеялар саны, альтернативалар | Техника бойынша эксперттер |
Зерттеулер, өңдеулер | Конструкциялар, прототиптер, экспериментальды қондырғылар | Өндірістіліктің өсімі, жылдық өнімнің шығуы, ресурс шығындарының төмендеуі, техниканы дамыту | Техника бойынша эксперттер |
Жаңалық ашу | Патенттер, публикация, премия | Аталған нәтижелердің саны | Ғылыми қызметкерлер |
Инвестициялар, шығару, маркетинг | Нарықтық өнімдер, жүзеге асырылатын технологиялар | Техникалы-экономикалық жақсарулардың толық сипаттамасы | Маркетинг бойынша менеджерлер, инженерлер |
Инновацияларды нарыққа немесе өндіріске шығару | Айналым, шығындарды экономдау, пайда | Ақша құралдарының абсолютті сомасы, индекстер, уақыт бойынша салыстыру көлемі, бағалы қағаздар курсының өсімі | Маркетинг, өндіріс бөлімдері, тексерушілер, сала бойынша эксперттер, банкирлер |
Ағымдық сауда немесе қолдану | Нарық, шығын, пайдалар үлесінің өзгеруі |
Тағы рефераттар
- Турбо Паскаль бағдарламалау тілінің графикалық мүмкіндіктері курстық жұмыс
- Инвестициялық портфельді модельдеу
- Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
- PowerPoint 2007
- Тарихи шығармалар мен әдебиеттердің басылып шығарулуы. Кореядағы білім саласы