Инжинирингтік ұйымдар – бір жағынан ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды, және екінші жағынан жаңалық енгізу мен өндірісті байланыстыратын элементі.
Инжинирингтік қызмет өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, жобалау бойынша қызмет, машина өндірісі мен эксплуатациясы, өндірістік процестерді ұйымдастырумен байланысты.
Енгізуші ұйымдар инновациялық процес дамуын көздейді және қолданылмаған технологияларды енгізуге мамандандырылған.
Технополис жеке қала негізінде жасалған ғылыми-өндірістік құрылымның бүтіндігін айқындайды. Ғылыми орталықтарда жасалған жаңа тауарлар мен технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық проблемалар кешенін шешуде қолданылады.
Технопарктік құрылымдар кіруші ресурстарды шығушы инновациялық қызметтерге айналдырады. Технопарктік құрылымдар кіруші ресурстар мен шығушы қызметтердің құрылымы мен көлемі бойынша ерекшеленеді.
Ғылыми-технологиялық парк – жоғары технологиялы өнім нарығында өндірісті үйрену және жүзеге асыру үшін ортаны құру және кіші ғылыми-техникалық кәсіпкерлікті қолдау мақсатымен ғылыми және ғылыми қызмет көрсету саласында құрылатын ұйымдық құрылым.
18.08.2003 ж №1166 ҚР-ның Президентінің жарлығы бойынша Алматы қаласының Алатау поселкесінде «Ақпараттық технологиялар паркі» атты арнайы экономикалық зона құрылған. 12.08.2005 ж №832 ҚР Үкіметі қаулысымен «Ядролық технологиялар паркін» басқаратын компания Курчатов қаласында ашылған. Қазақстанның басқа аймақтарында «Ақтөбе» индустриалды паркі, «Алгоритм» технопаркі, Астанада «Биотехнология» паркі, «Қарағандылық аймақтық технопарк» құрылған.
Венчурлық фирмалар өте икемді және тиімді кәсіпорындардан тұрады. Венчурлық бизнестің мәні: ғылыми зертеулерді жүргізетін дәстүрлі құрылымға әсер ететін жаңа шаруашылық бірліктерін құру және мемлекеттегі қоғамдық өндірісте құрылымдық өзгерістердің пайда болына әкеледі.
Қазақстанда бес отандық және бес шетелдік венчурлық қорлар құрылған: «Әрекет», «Адвант», «Сентрас венчурлық қоры», «Almaty Venture Capital», «Glotur Technology fund », «Wellington Partners Еуропалық технологиялық венчурлық қоры», «CASEF Орта Азиялық қоры», «Flagship Ventures Fund 2004, LP», «JAIC-Mayban ASEAN Fund», «Vertex III».
Бизнес инкубаторы – ерекше ғылыми-техникалық идеяларды іске асырушы кіші инновациялық ұйымдардың тиімді қызмет етуіне жағымды жағдайлар жасауға маманданған құрылым. Клиент ұйымның инкубациялық кезеңі 2-3 жыл, кейде 5 жылға созылады. Осы мерзім өткен соң ұйым инкубатордан шығып, өз еркімен қызмет жасайды.
Бизнес инкубатор – шектеулі персоналы бар шағын ұйым. Алматыдағы Қазақстандық-Британдық Университет, Шымкенттегі М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті және Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен бірігіп технологиялық бизнес инкубаторлар жасалған. Қазақстандағы дамудың қаржылық және сервистік институттары.
2015 ж. дейін арналған стратегия шегінде ұлттық институттар қызметін координациялау жолымен экономиканың диверсификациясын қамтамасыз етеді: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Кіші кәсіпкерлік дамуының қоры» АҚ, «Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталықтары» АҚ, «Әлеуметтік инновациялық технологиялар» АҚ, «Kazyna Cappital Management» АҚ сияқты ұлттық даму институттарының жалғыз акционері болып табылады.
«Самұрық — Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының міндеттері:
— корпоративті басқару принциптері негізінде, институттар дамуы қатынасында басқарушы компания қызметінің тиімділігін жоғарылату;
— экономикада инвестициялық белсенділікті күшейту; Қазақстандық бизнестің сыртқы нарыққа шығуын қолдау жүйесін ұйымдастыру;
— әлемдік қызметті іске асыру;
— шет елдік технологияларды іздестіру, сатып алу және Қазақстан ұлттық экономикасына енгізу.
Тағы рефераттар
- Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы
- Компьютер қолданушыларды электронды ақпаратпен қамтамасыз ету жолдары дипломдық жұмыс
- ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі
- МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Бейбітшілікке қарсы қылмыстар