Инновациялық процестерді басқару проблемасы оның кең ауқымды өсімі бойынша объективті түрде  күрделенуде. Қазіргі қоғамның нарықтық қатынастары инновацияларды басқару жүйесіне қатты талаптарды қоюда.

19-20 ғасырларда басқару тапсырмаларының сандық өсуі ғана емес, сонымен қатар олардың сапалық күрделенуі көрініс тапты. Инновацияны басқару саласындағы жұмыс табысты болған сайын, басқару объектінің сандық және сапалық өзгеруі тезірек болады. Ғылымды дамыту диалектикасы және инновацияларды басқару тәжірибесі жаңа ұйымдық проблемаларды үнемі айқындау қажеттілігінен, оларды шешудегі құралдарын және әдістерді іздеуден тұрады.

Нарықтық жағдайда инновацияларды басқару жүйесі негізгі түрде қалыптасады. Шаруашылық өмір жағдайларының барлық кешендеріне өзгерістер қажет ─ өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, қаржылық-экономикалық. Нарықтық экономикаға көшу кезінде инновацияларды басқарудың ұйымдық құрылымдары, қайта өндіру процесінің қатысушыларының өзара әрекет ету формалары жаңа көрініс табады, салалар арасында шектер бұзылады, инновациялық процестердің әр түрлі стадияларының шоғырлануы дамиды.

Қазақстан Республикасындағы іске асып жатқан инновацияларды басқару механизмінің басты проблемасы болып ғылым мен өндірістің арасындағы өзара байланыстылығының және өзара әрекет етуінің тиімді тізбегінің болмауы табылады. Микро- және макро — экономикалық мүдделерді сәйкестендіретін және осыған жауапты болатын біртұтастылық ұжымдық жүйе жоқ.

Соңғы 20 жылда инновацияларды басқару көптеген өзгерістерге ұшырады.  Бұрынғы басқару жүйесі бойынша кәсіпорын жабық жүйе ретінде қарастырылды, ал оның қызметінің табысы негізінен ауыспалы ішкі ортаның әсеріне байланысты болады. Осындай басқару жүйесінде мақсаттар мен міндеттер ұзақ уақытқа алдын ала белгіленген және тұрақты деп есептелген. Отандық экономиканың тиімді экономикалық қайта құрулары инновацияларды басқару жүйесін және жаңғыртуды талап етті. Осыған байланысты, қазіргі этапта басқару парадигмасының мағынасы қайта қаралды, бұл әр түрлі елдерде жүзеге асырылатын ғылым мен техника саласындағы әлемдік қайта құру әсеріне байланысты. Қоғам ақпаратты ашық, сонымен бірге инновацияларды басқарудың мағынасы мен рөлді түсінудегі түбегейлі жаңаруы бола бастады, яғни оның әлеуметтік уағдалы, кең ауқымдылығы, тиімділігі.

Нарықтық механизмдерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған Қазақстан экономикасының қайта құрылуы инновацияларды басқарудағы теоретикалық концепциялардың қайта қаралуын талап етті. Қазіргі жағдайда Қазақстанға инновацияларды басқарудағы жаңа концептуалды модель қажет. Осыған байланысты, инновацияларды басқарудағы жаңа парадигманы жасауға қажеттілік туады. Жаңалық енгізудің басқару жүйесінің мазмұны бойынша мыналарды қамтиды:

  • жиын жүйесі, ғылыми-техникалық және басқарушылық ақпаратты өңдеу мен талдау;
  • басқарудың ұжымдық құрылымы ─ билік пен жауапкершілікті бөлу, барлық деңгейдегі міндеттер мен құқықтардың теңдігі;
  • шешімдерді қабылдау механизмі, олардың атқарушыларға жеткізілуі және атқаруды бақылау;
  • кадрларды іріктеу мен орналастыру жүйесі, оларды жаңалық енгізудегі басқару процесіне қатыстыру.

Инновацияларды басқарудағы ұсынылған парадигма жағдайлық, жүйелік, инновациялық тәсілдерге және стратегиялық басқаруды қолдануға негізделген. Кәсіпорын оны «ашық жүйе» ретінде қарастырады, қызмет тиімділігінің алғышарттары оның инвестициялық белсенділігіне негізделеді.

Жүйелік  тәсіл қазіргі түсінікте  инновацияларды басқарудағы тиімділігін, ұйымдастырушылығын, сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Жүйелік тәсіл басқарудың философиясы және нарықтық экономика жағдайында тіршілікке қабілетті әдісі болып табылады. Бірақ, инновацияларды басқаруда барлық жағдайларда қолданылатын бір ғана принцип жиынтығы жоқ. Кәсіпорынның әрбір жағдайы талдануы және соған сәйкес сипатта басқарылуы керек.

Берілген тәсіл әр бір ерекше жағдайларда инновацияларды енгізуде баламалы негізді жасайды. Басқарудағы инновациялық тәсілдің мағынасы республика экономикасының ісі инновацияллық қызметті қарқындатуға бағытталған, бұл экономиканың және басқару жүйесінің дамуының қозғаушысы болып табылады. Сонымен бірге өндіріс факторлар және инвестициялар ғылыми негізделген қызметтің құралдары болуы керек.

Бұл тәсілдің артықшылығы жоғары ұйымдастырушылық ортаның әрқашанда өзгеруін мойындауды жорамалдайды және экономика осы ортада қызмет атқарады. Сондықтан, болып жатқан өзгерістермен есептесу және соларға бейімделу қажет.

Жаңа парадигма инновацияларды басқару принциптерінің қайта қаралуын талап етті, себебі бұрынғылары жаңа жағдайларға сәйкес келмеді.

Инновациялық қызметті басқарудың мақсаты ұйымның ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінің негізгі бағыттарын анықтауға негізделген, яғни жаңа өнім мен технологияларды өңдеу мен енгізу, шығарылатын өнім мен технологияларды жаңарту, жетілдіру, өнімнің дәстүрлі түрлер өнідірісінің келешекте дамуы, моральды түрде ескірген өнімдер өндірісін тоқтату.

Инновациялық қызметті басқарудың жаңа парадигмасы инновациялардың экономикалық жүйеде әркелкі, яғни кластерлер түрлерінде пайда болады дегенге негізделген. Кластер ─ белгілі бір уақыт пен белгілі бір экономикалық кеңістікке негізделген базистік инновациялардың жиынтығы (жаңа өнімдер мен технологиялардың біртұтас жүйесі).

Қорытынды.

Инновациялық қызмет ─ нарыққа енгізілген идея-инновацияның жаңа жетілдірілген өнімге ауысуымен байланысты қызмет түрі. Инновациялық қызмет ғылыми, техникалық, ұйымдық, қаржылық, коммерциялық шаралардың барлық кешенін қарастырады. Инновациялық қызметтің негізгі түрлері ерекшеленеді: инструментальды даярлау және өндірісті ұйымдастыру, өндірісті жүргізу және өндіріс алдындағы өңдеулер, технологиялық процестер мен өнімнің өзгеруін,  жаңа технологияларды қолдану негізінде персоналды қайта даярлауды, жаңа өнімдердің маркетингін, технологиялардың патент, лицензия, ноу-хау, сауда маркалары, модельдерінің конструкциясы түрінде алуды, инновацияларды енгізілуімен байланысты машиналар мен құрал-жабдықтарды сатып алуды, өңдеуге қажетті өндірістік жобалауды және жаңа тауарлар мен қызметтерді, басқару құрылымын қайта ұйымдастыруды қамтиды.

Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тәсілдер мен бағытты таңдауы кәсіпорынның ресурстық және  ғылыми-техникалық потенциалына, нарықтық талаптарына, техника мен технологияның өмірлік циклының стадиясына, салалық жабдықтардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Инновацияларды жобалау, өңдеу, енгізу кезінде оларды жүзеге асырудағы шығындарды, мүмкін болатын қаржыландыру көздерін анықтау және инновацияны енгізудегі экономикалық тиімділігін бағалау, шығындар мен табыстарды салыстыру жолымен әр түрлі инновациялардың тиімділігін салыстыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─ Алматы: Экономика, 2002. ─ 109 бет.
  2. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─ Алматы: Экономика, 2003─ 252 бет.
  3. Экономика предприятия и отрасли промышленности. 3-е изд., перераб. и доп. ─ Ростов н/Д: «Феникс», 1999 ─ 608 с.
  4.  Экономика предприятия: Учебник для вузов / И.Э. Берзинь, С.А. Пикунова, Н.Н. Савченко, С.Г. Фалько: Под ред. С.Г. Фалько ─ М.: Дрофа, 2003 ─ 368 с.
  5. Экономика предприятия:  Учебник для вузов / Под ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. В.А. Швандара ─ 4-е изд., перераб. и доп. ─ М.: ЮНИТИ─ДАНА, 2004 ─ 670 с.
  6. Экономика предприятия:  Учебник для вузов / Под ред. П.П. Табурчака и В.М. Тумина. Ростов-н/Д: «Феникс», 2002─ 320 с.
  7. Экономика предприятия:  Учебник  / Под ред. проф. Н.А. Сафронова ─ М.: Юристъ, 2003─ 608 с.
  8. Инновационный менеджмент: Учебник / Под ред. В.А. Швандара, проф. В.Я. Горфинкеля ─ М.: Вузовский учебник, 2004 ─ 302 с.
  9. Медынский В.Г. Инновационный менеджмент: Учебник ─ М.: ИНФРА-М, 2002 ─ 295 с.
  10.  «Аль-Пари». Экономический журнал. 2005 – 2.
  11.  «Аль-Пари». Экономический журнал. 2004 – 2,3.
  12.  «Қаржы-қаражат ─ финансы Казахстана», 2005 -1.
  13.  «Саясат». Информационно-аналитический журнал. 2005-3.
  14.  Статистический ежегодник Казахстана: Статистический сборник/ Под. ред. К.С. Абдиева ─ Алматы: Агенство РК по статистике, 2004─ 598 с.

Тағы рефераттар