ҚР-да инновациялық қызметті ақпараттық қамсыздандыру 17.06.2003 ж. «Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Ұлттық Агенттік жарлығымен» реттеледі. Соған сәйкес инновация статистикасы анкеталау жолымен жүргізіледі. Анкета № ИН-001 өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыстық ұйымдардың инновациялық қызметінің даму тенденцияларын зерттеу. 11.11.2003 ж. инновация «Ұйымның инновациялық қызметі туралы мәліметтер» атты №1 статистикалық бақылау нормасы бекітілген.Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесі (ҒТАМЖ) – ғылыми-техникалық кітапханалар, ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау және өңдеумен айналысатын ұйымдар жиынтығы.
ҒТАМЖ-ның мақсаты – ғылыми-техникалық ақпараттың (ҒТА) мемлекеттік ресурстарының құрылуы мен тиімді пайдаланылуын және оларды әлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялауды қамтамасыз ету.
Ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік органдарына ғылыми-техникалық кітапханаларға: министрліктер, ведомостволар, агенттіктердің ақпараттық орталықтары; «Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы» АҚ; «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ; даму институттарының ақпараттық орталықтары: «Қазына» Холдингі, Қазақстан Даму банкі, инвестициялық қор, ғылыми және салалық кітапханалар жатады.
ТМД бойынша 1989 ж. ОЭСР-ға негізделген, бірегей әлемдік бағыттар мен стандарттар бойынша жасалған ғылым мен инновация статистикасы жүргізілуде.
Ғылым мен инновация статискасындағы халықаралық стандарттар – ғылым мен инновация облысындағы, нарықтық жағдайда олардың методологиясы мен жүйелік сипатын қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдардың ұсыныс кешені және статистика бойынша халықаралық стандарттар деп аталады. Ғылым статистикасын стандарттау алғаш рет өнеркәсібі дамыған әлемдік елдердің шаруашылығын, экономикалық, ғылыми-техникалық іскерліктің дамуын интеграциялау нәтижесінде пайда болды.
Ғылым және инновация статистикасы бойынша халықаралық стандарттарды нақтылау және жаңа стандарттарды құруда Евростат- Евро Одақтың статистикалық қызметі басты орынды алады. 1969 ж Евростат ғылыми бағдарламалар мен бюджеттерді сәйкестендіру және талдауға арналған бірінші номенклатура басылымын жасаған.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық қызметін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: кәсіпорынның инновациялық белсенділігі, инновация туралы ақпарат көздері; инновациялық қызмет мақсаттары; технологиялық инновацияларға шығындар, зерттеулер; зерттеулерді жүзеге асыру бойынша біріккен жобалар саны; технологиялық айырбас; өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтеру мен оны ұстап тұру әдістері; инновациялық қызмет нәтижелері; инновацияға кедергі жасайтын факторлар; ұйымның қаржылық және материалды-техникалық қамсыздануын талдау.
2015 ж. дейін Қазақстанда «Виртуалды-технопарк» — инновациялық дамудың бірегей ақпараттық жүйесі жасалады. Ол даму институттары және басқа да инновациялық даму ұйымдарының қызметін көрсететін көп деңгейлі деректер базасы. Осы жүйе шегінде мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалының картасы және деректердің электронды базасы жасалады.
Тағы рефераттар
- Ертедегі Вавилон мемлекетінің құрылымының алғы шарттары
- Негізгі құралдер есебі дипломдық жұмыс
- Хаббл эффектісі
- Тарақты Байғозы батыр
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ курстық жұмыс