1992 ж. «ҚР-ның ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» заңы қабылданды. Заңға сәйкес осы саладағы республиканың мемлекеттік саясатының негізі болып мемлекеттің ғылыми-техникалық потенциалының дамуымен материалды өндірістің жандануы, ғылым мен техниканың басты бағыттарын қолдау табылады. Бүгінгі күнге дейін бұл заң өз күшін жойды.
1992 ж. 4 маусымда жеке кәсіпкерліктің дамуына негіз болған «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заң қабылданды.
Инновациялық салада басты орынды интеллектуалды меншік объектілерін қорғау алады. Осылайша, 18.01.1993 ж «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауардың жасалу орындарының атауы туралы», 10.06.1996 ж. «Авторлық құқық және аралас құқық туралы» заңдар қабылданды.
06.07.1999 ж. «Меншік қатынастарын, өнеркәсіптік және интеллектуалдық меншік объектілерін қорғауды» реттейтін Парламенттік заң қабылданды.
1993 ж. Қазақстан Республикасының Үкіметімен мемлекетте шағын кәсіпкерлікті құру бастамаларын анықтаған «Шағын бизнес орталықтарын құру туралы» құжат қабылданды.
1995 ж. Венчурлық фирмаларды құрудың ұйымдық сұрақтары «Венчурлық фирманы құру туралы» құжатында көрсетілді. Құжат осы құрылымдарды құрудың ұйымдық сұрақтарын ғана қарастырады, онда қаржыландыру көздері көрсетілмеген.
1994 ж. бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына сай кәсіпкерлердің инновациялық қызметін салықтық реттеу қарастырылған. Бірақ бұл салық туралы жарлықта ескерілмеген.
2008 ж. қабылданған жаңа салық кодексінде инновациялық қызметті салықтық реттеудің барлық құралдары ескерілген.
1996 ж. наурызда Белорус Республикасының комитеті, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Парламентаралық шешімі бойынша «Инновация туралы» үлгілік заң қабылданған. Бұл заң стратегиялық бағыт ретінде инновациялық қызметті ұйымдастыру мен іске асыру мақсатымен келісім-шартқа қатысушы мемлекеттердің ісәрекетінің сипаттамасын анықтаған. Сондай-ақ бұл заң инновациялық қызметтің іске асырылуына түрткі болған. Нәтижесінде, бүгінгі күні инновациялық және ғылыми-техникалық салаларда, инновациялық инфрақұрылымда нормативтікқұқықтық база құрылды, инновациялық салаға капитал тартылды, Қазақстан Республикасында инновациялық кәсіпкерлік құрылды.
1997 ж. маусымда ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының бірлескен отырысында «Инновациялы инвестициялық желілі инфрақұрылым туралы» үлгілі заң қабылданды, яғни инновациялық қызметті іске асыру сұрақтарын шешетін, өзара байланысқан ұйымдар мен басқару звеноларының жүйесі туралы.
1996-1997 ж.ж Қазақстан Республикасында алғаш рет инновациялық қыметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері, Ұлттық инновациялық саясаттың жағдайы айқындалды, мемлекеттің инновациялық доктринасы қабылданды, инновациялық кодекстің заңдары, мемлекеттік инновациялық бағдарламаның мақсаттары мен негізгі шарттары анықталды.
1997 ж. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қорғау бойынша нормативтікзаңнамалық база жаңартылды. Сол арқылы оның дамуы жүзеге асырылды. Осыған қосымша жалпы шағын бизнесті қолдау шараларына 1997ж. бекітілген Ғылым және Білім Министрлігінің ғылыми-технологиялық саладағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы бағдарламасы жасалды.
Осы бағдарламаға сәйкес келесі іс-әрекеттер жүргізілді:
- Шағын кәсіпкерлік құрылымдардың құрылуы
- Шағын кәсіпорындарға пайдаланылмайтын өндірістік аудандар мен жабдықтардың ұсынылуы
- Ғылыми сиымдылығы бар өнімдер нарығының құрылуы
Бірақ осы кезеңде жеткілікті қаржыландыру мен қажетті нормативтік-құқықтық базаның жоқтығынан республикада инновациялық саланың құрылуы баяу қарқында болды.
19.06.1997 ж. шағын кәсіпкерлік құрылымдардың қызметін реттеуді қамтамасыз ететін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды.
1999 ж. ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми сиымды өндірісі бар жоғары оқу орындарын интегралдау концепциясы жасалған. Интегралдау ҒТҮдің әлемдік динамикасына енуде мерзімді уақыт қатынасындағы кадрлық және басқа да ресурстардың бірігуін болжайды.
2000 ж. наурызда «Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің жарлығымен мемлекетте инновациялық даму жағдайларын құруға негіз болған ҚР ның инновациялық концепциясы бекітілді.
Республикадағы инновациялық қызметті қолдау шараларының ең тиімдісі 2000 ж алдағы 5-10жылға арналған ғылыми-техникалық саланың үздіксіз дамуына экономиканың инновациялық дамуы мен оның ресурстық мүмкіншіліктерінің заманауи талаптарына жауап беретін ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық потенциалдың құрылуына бағытталған ғылыми және ғылымитехникалық саясат концепциясын қабылдау болып табылады.
2001 ж. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды. Бұл құжаттарда мемлекет экономикасының инновациялық даму жолына көшу негіздері және ғылым мен техника саласындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, инновациялық инфрақұрылымның дамуы мен кадрларды дайындауда мемлекеттің қатысуы қарастырылған. Ғылыми-техникалық даму концепциясымен айқындалған мақсаттарға жету үшін келесі шаралар ұйымдастырылған: инновациялық, ғылыми-техникалық салаларда нормативтік-құқықтық базаны құру, ресурстық қамсыздандыру, соның ішінде ғылымитехникалық, инновациялық қызметті қаржылық қамсыздандыру.
2001 ж. мамырда Қазақстан Республикасының Парламенті шешімімен 2001-2015 ж.ж. арналған инновациялық даму бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама мақсаты: ғылым мен техника жетістіктерін қолдану, балансталған өндірістік инфрақұрылымды құру және ЖҰӨ-нің шикізат бөлігін жоғары технологиялы экспорттық өнімдерге біртіндеп енгізу негізінде мемлекет экономикасының дамуына қажетті жағдайлар мен жағымды ортаны жасау.
Бағдарлама негізінде келесі міндеттер шешіледі:
- экономиканың ғылымитехникалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ету;
- экономиканың шикізаттық салаларын құру;
- инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін құру және өндірісітік кәсіпкерлік қызметтің күшті дамуы;
- өнеркәсіпті технологиялық модернизациялауды жүргізу және экспортқа негізделген ғылыми сиымдылығы бар өндірісті құру;
- инновациялық қызмет инфрақұрылымын құру;
- шағын бизнес субъектілерін инновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызметті кадрлық қамсыздандыру;
- экономиканың инновациялық дамуын қамтамасыз ететін инновациялық қызметтің нормативтіқұқықтық базасын құру;
- халықаралық ғылыми-техникалық іскерлікті дамыту.
Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыру мақсатымен жыл сайын мемлекет Үкіметімен индустриалды-инновациялық саясаттың бастапқы мақсаттарын іске асыратын іс-шаралар жоспары бекітіледі. Оның орындалуын Сауда және Индустрия Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қадағалайды.
Жоспарды іске асыру барысында қажетті шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік өкімет органдарымен келесі шаралар жүргізіледі: өнеркәсіп салаларының бәсеке қабілеттілігін маркетингтік коньюнктуралық зерттеу аудандардың өнеркәсіптік инвестициялық және инновациялық потенциал мониторингі, ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар, ғарыштық, ядролық, нанотехнологиялық, инжинерия салаларының даму потенциалын талдау, инновациялық инфрақұрылымды құруда ресурстық қамсыздандырудың проблемалары айқындалады және оларды шешу жолдары көрсетіледі.
03.07.2002 жылы инновациялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін, мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі принциптері, бағыттары мен іске асыру формаларын анықтайтын, оны іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құқықтарын бекітетін Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы күшіне енді. Сондай-ақ заңда инновациялық қызмет мазмұны, субъектілері, республикалық, аудандық және салалық инновациялық бағдарламаларды құрудың реті көрсетілген.
Заңға сәйкес, мемлекеттің ииновациялық саясатының негізгі принциптері мен инновациялық даму жолындағы экономикалық стратегиялық негізделуі маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешетін инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қолдау, инновациялық инфрақұрылымның дамуы мен кадрларды дайындауда мемлекеттің қатысуы анықталады.
Инновациялық саясаттың құрамдық бөлігімен инновациялық болжаулар жасалады. Болжаулар негізінде болашақта мемлекетің инновациялық дамуының негізгі бағыттарын анықтау жоспарланады.
17.05.2003 ж ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы бекітілген. Оның іске асырылуы үш кезеңді қамтиды (2003-2005 ж.ж, 2006-2010 ж.ж, 2011-2015 ж.ж). Стратегия мақсаты – экономика салаларын диверсификациялау жолымен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру үшін инновациялық жобаларды қаржыландыру, зерттеумен айналысатын арнайы институттар құрылған. Оған: бизнес-инкубаторлар, технопарктер, технополистер. Сауда және индустрия Министрлігінің қолдауымен бәсекеге қабілетті бағыттар мен перспективалы жобалардың алдағы іске асырылуы және де қызығушылық танытқан инвесторларды іздеуді анықтайтын инжиниринг және технология трансферті орталығы құрылды. Тағы да жаңа институт – Ұлттық өндірістің бәсеке қабілеттігін анықтайтын стратегиялық зерттеулермен айналысатын маркетингтік және аналитикалық зерттеулер орталығы құрылды.
Индустриялды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру үшін даму институттары жүйесі қалыптастырылған: Инвестициялық қор, Ұлттық қор, Қазақстан Даму банкі, экспортты сақтандыру бойынша корпорация. Инвестициялық қордың мақсаты жоғары құнды тауарлар өндіретін Қазақстандық компанияларды құру. Қорға венчурлық кәсіпкерліктегі инновацияның енуі мен дамуын жүзеге асыру қызметі жүктелген. Оның міндеттерінің қатарына: Қазақстанның шағын және орта кәсіпорындарына капитал салымдарын тарту, жал бойынша операцияларды қаржыландыру мен займдарды алуға көмек көрсету және техникалық көмек көрсету.
Стратегия мемлекеттегі ғылыми және инновациялық қызметті реттеуге бағытталған мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты жүргізуді болжайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін қаржы нарығының алдағы дамуы және фискалды, білім, антимонопольді, инфрақұрылымды саясаттың жандануы болжанады.
Инновациялық реттеудің басты әдісі-экономикалық әдістер болып табылады. Олар әкімшілік әдістерден экономикалық тетіктер мен реттегіштерді қолданумен ерекшеленеді.
Экономикалық ықпал етудің тікелей әдістеріне қаржыландыру, несиелендіру, жал, қор операциялары, жоспарлау және бағдарламалау түріндегі инвестициялау жатады.
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттермен қоса, мемлекеттік емес инновациялық қорлармен, инновациялық қызмет субъектілерінің меншікті қаражаттарымен, халықаралық қаржылық ұйымдардың қаражаттарымен және заңмен тиым салынбаған басқа да көздермен іске асырылады.
Өнеркісіп пен даму институттарын диверсификациялауға және болашақта қажетті шараларды қаржыландыруға жауапты Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі қазіргі уақытта жаңа кәсіпорындарды құру мен жаңа технологияларды енгізу туралы аса перспективалы идеяларды қарастыруда. Осындай компаниялардың жарғылық қорындағы мемлекеттің бастапқы үлесі 25%.
Инновациялық қызметке мемлекеттің тікелей ықпал етуінің негізгі құралы мемлекеттік инновациялық саясат болып табылады. Инновациялық бағдарламаларды іске асыру, жоспарлау және ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, мемлекет инновациялық қызмет үшін өзі ресурстарды жасайды.
Жанама экономикалық әдістердің міндеті инновациялық қызметтің жеке емес, қоғамдық шарттарын құру болып табылады. Солардың ішінде ең жиі қолданылатындар: салықтық және амортизациялық реттеу, несиелік және қор саясаты, бағалық реттеу, протекционистік саясат.
Инновациялық саясаттың жанама әдістері экономикалық реттеу құралдары арқылы іске асырылады. Бұл әдістер инновациялық ресурстарды құруға бағытталмай, инновациялық кәсіпкелікке қатысты тәуекелдердің нәтижелерін жақсартуға, өнеркәсіптіп кәсіпорындардың инновациялық ресурс құрылымы мен бағасы, қол жетімділігіне әсер етеді.
Ең маңызды жанама әдістерге несиелік және салықтық саясаттар жатады. Несиелік саясат жаңалық еңгізуді қаржыландыруға қажетті қаржылық ресурстар көлемін реттейді. Бұл мақсат капитал нарығындағы несие ресурстарының негізгі көздері болып табылатын жинақтау деңгейін реттеу және ссудалық деңгеін басқару арқылы жүзеге асады. Мемлекет инновациялық қаржы ресурстарының бағасын және олардың құрылымын реттей отырып, инновациялық қызметті іске асырады. Сондай-ақ инновациялық қызметті басқаруда үлкен орынды жеңілдетілген несиелендіру алады.
Салықтық саясатпен қандай да бір қызмет түріне субсидиялар, сонымен қатар негізгі капиталдың жаңаруы мен технологиялық жаңалықтарды жүргізуді реттеуге арналған жаңа машиналар мен құрылғыларды жасауға байланысты табысты салық салынатын сома бөлігінен алу. Капитал салымдарының уақыттық кеңістігіне байланысты салықтық жеңілдіктерді ұсыну арқылы мемлекет инновацияны ендіру және жасаумен байланысты ұзақ мерзімді капитал салымдарын реттеу мүмкіншілігіне ие. Әр түрлі көздерден алынған табысқа салық салуды түрлендіру арқылы мемлекет инновациялық процесстердің қаржылық көздерінің құрылымына ықпал етеді. Табысқа салық салу мен қосымша пайданың әртүрлі шарттары жаңа технологияны жасау және ендірумен байланысты қызметті реттейді. Осыған орай 2006 ж бастап ҚР-ның салықтық кодексіне өзгертулер енгізілді, яғни ҚҚС, табыс және әлеуметтік салықтар мөлшерлемесінің біртіндеп азаюы. Бұл елімізде инновациялық қызметтің дамуына түрткі болды.
Инновациялық қызметке жанама ықпал етудің тағы бір құралы бәсекенің ережелерін реттейтін заңнама. Нарықты монополияландыруға бағытталған антитресттік заңдар шаруашылық субъектінің инновациялық қызметін іске қосады.
Осылайша, 11.06.1991 ж «Бәсекенің дамуы және монополиялық қызметті шектеу туралы» заң қабылданды. Бірақ бұл заң қазіргі уақытта ескірген, ол заманауи шарттарға негізделмейді. Осыған байланысты Сауда және индустрия министрлігі қазіргі экономикалық шарттарға бейім жаңа Заң жобасын жасауда.
Инновациялық қызметке жанама ықпал ету әдісіне: халықаралық технологиялық айырбастауды реттеу, технологиялық ұсынуды экспорттық және импорттық бақылау режимі жатады. Технологиялық айырбасты реттеу осы саладағы мемлекеттік саясат мақсаттары мен міндеттеріне тәуелді. Бірақ оның жалпы мақсаттары болып: жаңа технологияларды пайдалану мен коммерциялық іске асыруды қамсыздандыру және ұлттық монополияны қорғау, ұлттық технологиялық потенциалды дамытуға арналған шет елдерден әкелінген жаңа технологияларды реттеу.
Инновациялық қызметке мемлекеттің спецификалық фирамаға әсер етуіне кадрларды дайындау және қайта дайындау процесі жатады.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы елімізде инновациялық кәсіпкерліктің дамуы және қолдауына арналған мемлекеттік саясаттағы қажетті шараларды іске асыруды қарастырады. Мысалы: мынадай мемлекеттік даму институттары құрылған: банктік несиелендіру жолымен жобаларды қаржыландыруға негізделген Қазақстан Даму банкі; жарғылық капиталдағы үлесі бойынша қаржыландыратын Қазақстандық инвестициялық қор; гранттар, капиталдағы үлесі бойынша қаржыландырылатын инновациялық қор.
Сауда саясатында біртіндеп сауда режимінің либерализациясы жүргізілуде. Ол импорттың орнын толтыру саясатын бәсекені және экспортты реттеу саясатымен алмастырады; қазақстандық экспортты дискриминациялауды жою, халықаралық имидждің күшеюі, ТМД және ЕврАЗЭС көлемінде аймақтық интеграциялық процестердің дамуы, кедендік одақты құру, экспортты ретеу шараларын жасау және іске асыру, экспорттық операцияларды жүргізгендегі тәуекелдерді сақтандыру міндеттерін шешуге септігін тигізетін Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру процесі жүзеге асырылады. Осыған байланысты 2006 ж. қаңтарда Республика Үкіметімен Қазақстанның әлемнің бәсекеше қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы қабылданды. Оның жүзеге асырылуы әлемдік нарықта отандық тауарлардың бәсеке қабілеттігін қамтамасыз ету, мемлекеттің имиджін жақсарту және оның бәсеке қабілеттігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Инвестициялық саясатта аса маңызды болып келесілер табылады: Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» заңына сәйкес берілген мемлекеттік гранттар, инвестициялық салықтық преференциялар қолданылатын өңдеу өнеркәсібіне жеке инвестицияларды тарту жағдайларын жасау, инновациялық қызмет дамуындағы мемлекеттік инвестицияларды құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің мемлекеттік бақылауындағы кәсіпорындардан құралдардың берілуі.
Білімді және мамандандырылған кадрларды дайындау облысындағы мемлекеттік саясат келесі міндеттерді шешеді: инновациялық қызметке арналған білім дамуының маңызды бөлімі болып табылатын кадрларды дайындауды анықтау; мемлекет пен жеке секторлардың қатысуымен кәсіптік дайындық, аттестациялау және жұмысшы мамандармен техникалық мамандықтарды қайта даярлау; барлық білім түрлерінің материалды-техникалық және методикалық базасын жоғарылату; халықаралық талаптарға сәйкес білім стандарттарын жасау және ендіру; Қазақстандағы жаңа құрылған өндірістерде жұмыс істеу үшін жоғары маманданған қызметкерлерді дайындау және тарту облысындағы халықаралық бірлестігі.
Фискалды саясаттағы өзгеріс ғылыми және инновациялық қызметті салықтық реттеу бойынша қосымша ұсыныстарды, салық салудың льготтық режимін енгізуді қарастырады. Индустрияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, табиғи монополия субъектісінің жұмыс істеуі, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қызметкерлер тарифтерінің өзіндік құнын және деңгейінің тұрақтылығын төмендету үшін тарифтік саясатты келесідей жаңартады:
- орта мерзім кезеңіндегі инвестицияларды реттейтін және тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тарифтік білімнің жаңа әдістерін енгізу
- есептің халықаралық стандарттарын және қызмет түрі мен шығын элементтері бойынша шығындардың бөлек есебін ендіру
- тұтынушыларға табиғи монополия қызметінің әсерін талдауға арналған ақпараттық базаны құру
Инновациялық қызмет облысындағы мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуы диверсификациялау, экономиканы модернизациялау және бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісі мен экспорттың өсуіне жағдайлар жасау негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
2005 ж. патенттік саладағы құқықтық базаның әлсіздігінен 2010 ж дейінгі патенттік жүйе бойынша бағдарлама қабылданды. Ол 2 жылға созылған жаңалықтарды тіркеу процессін жеңілдетеді. Интеллектуалды меншік объектілерін қорғайтын құқықтық базаны жаңартуға арналған ҚР-ның интеллектуалды меншік институтарының тұрақты өмір сүру алғышарттары жасалады.
2006 ж. қаңтарда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды. Ол экономика саласындағы құқықтық базаны жаңартады, жеке кәсіпкерлік сектордың құқықтарын кеңейтеді.
Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлік құрылу процесінде. Оның дамуы үшін сәйкес институционалды, нормативті-құқықтық базасы жасалуда.
Өзара байланыс мезанизмін жаңарту шегінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында өзара байланыс меморандумын жасау; тек инновациялық кәсіпкерлікпен айналысатын салалық ассоциацияларды құру; инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға арналған тұрақты базаны құру шараларын қабылдау; аймақтық және халықаралық нарыққа ену стратегияларын жасау.
Мемлекеттің өндірігіш күштерін жандандыру міндеттерін жүзеге асыру, отандық өнімдердің бәсекеге қабілетігін көтеру, осының негізінде халықтың табысын тұрақты өсіру, әлеуметтік бейімделген нарықтық экономиканың құрылуын болжайды және осыны іске асыруда мемлекеттің жауапкершілігін арттырады. Мемлекеттік реттеудің жүзеге асырылуы нарықтық өзін-өзі ұйымдастыру және кәсіпкерліктің мәнін түсірмей, керісінше олардың өсуіне жағдайлар жасайды.
Қазіргі экономикада мемлекет қатаң бәсекелестік күрес жағдайында ішкі және әлемдік нарықта жұмыс істей алатын шаруашылық ұйымдардың құрылуына, ресурстарды экономикалық дамудың перспективті бағыттарына шоғырландыруға көмек береді. Осыған орай мемлекеттік ықпал ету құралдары бір жағынан қоғам жағдайын көтеруге бағытталған қызмет пен творчестволық бастамаларды қолдауы тиіс, екінші жағынан жоюшы тенденцияларды шектейді.
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
- Күштік транзисторлар
- Фискалдық саясаттың түсінігі мен мәні
- Корей елі
- Юань моңғолдық династиясы эпохасының әдебиеті