Әлеуметтік нәтиже- адам мен қоғамның қажеттіліктерін қанағат ететін және құндық баға алмайтын (денсаулықтың жақсаруы, эстетикалық сауалдардың қанағаттандыруы және т.б.) нәтиже. Көптеген әлеуметтік әсерлерді тура немесе жанама өлшеуге болмайды. Мұнда тек сапалы көрсеткіштермен шектелуге тура келеді. Әлеуметтік жетістіктердің маңызы арта түскенмен, оған интеграл сандық бағалауын жасауға қиындыққа түседі. Инновация игеруінің әлеуметтік зардаптарының бағалауы, инновациялық қызметінің методологиялық аспектісіндегі проблемалардың ішіндегі ең күрделісіне жатады. 

Кесте 2 — Инновациялық қызметтің және инновацияның тиімділігінің көрсеткіштерінің жүйесі

Инновациялық қызметтің тиімділігі    Мінездеме
1. Экономикалық

эффект

1.1.  шығындардың төмендетілуі, соның салдарынан өнімнің өзіндік бағасының төменделуі;

1.2. шығарылатын өнімнің санын арттыру;

1.3. өнімнің сапасын арттыру;

1.4. кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жоғарлату;

1.5. нарықта өту жолдарын ұлғайту және сату өнімінің көлемін арттыру;

1.6. кәсіпорын қызметінің қаражатты-  экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;

1.7. өндірістің пайдалылығы мен рентабельділігін арттыру;

1.8. өндірістің құнын арттыру (гудвил);

1.9. басқару жүйесін жетілдіру, нәтижелі менеджмент;

1.10. қызметкерлердің жұмысқа деген ынталарын көтеру үшін, олардың материалдық жағдайын жақсарту;

2.Ғылыми-техникалық

эффект

2.1. инновациялық өнім материалдық түрінде (жаңа құралдар және еңбек заттары) және материалдық емес түрінде (ноу-хау, қолданған кезде кейбір артықшылықтар мен сауда пайдасын беретін);

2.2. ой меншігі және онымен бірге келетін патенттер, авторлық куәліктер, тауарлық белгілер, материалдық емес активтердің құрамына  кіретін элементтер және ұзақ мерзім бойы кәсіпорынға пайда әкелуі;

2.3. беріктік және қолданбалы зерттеулердің өткізуі нәтижесінде ғылыми хабарлар өседі.

3. Өндірістік

эффект

4.1. өнімнің саны мен сапасы (өндірістің көлемін, жаңа өнімнің салыстырмалы салмағын, өнімнің қасиеттерін және сапасын жақсарту);

4.2. өндіріс қорлардың бар болуы және оларды қолдануы (еңбек өнімділігі, жабдықтаудың толтырып арту деңгейі);

 

4. Әлеуметтік

эффект

4.1. өмірдің және денсаулықтың сапасын арттыру;

4.2. эстетикалық сұраныстарды қанағаттандыру;

 

5.Қаржы-экономикалық

эффект

5.1. құндылықтың абсолюттік және салыстырмалы белгілері;

5.2. жаңа өнімдердің сату көлемі және жаңа технологиялық процестер арқылы дайындалған өнімдер;

5.3. өндіріс мөлшері және құндылықтың өзгеруі;

5.4. инновацияның құны және қаржыландырудың қайнар көзі;

5.5. таза дисконтталған табыс немесе интегралдық әсер;

5.6. рентабельділік индексі; табыстылықтың ішкі нормасы;

5.7. есесін қайтару мезгілі.

Инновацияның тиімділігін бағалауда екі қаржылық ұрдіс қарастырылады: инвестициялаудың бастапқы кезеңінен болашаққа дейінгі ақша ағымының қозғалысы және болашақтан қазіргі күнге дейінгі (дисконнтау) ақша ағымының қазғалысы. Келген қаражат көлемінің экономикалық мағынасы, ол берілген инвестицияның кіріс деңгейіндегі құнын көрсетеді. Ал дисконттаудың экономикалық мағынасы, ол әр-түрлі уақыт кезеңіндегі әр түрлі ақша ағымдарын реттейді. Дисконттаудың коэффициенті инвестордың салған салымынан жыл сайын қандай пайыз алатынын көрсетеді.
Тағы рефераттар