Инновациялық процесті идеяның тауарға айналу реттілік процесі ретінде қарастыруға болады және іргелі, қолданбалы зерттеулер, конструкторлық өңдеулер, маркетинг, өндіріс, өтім кезеңдерінен өтудегі ─ технологияларды коммерциализациялау процесі.
Инновациялық процесс әр түрлі жағдайлардан және әр түрлі дәрежедегі нақтылаудан қарастырылуы мүмкін.
Біріншіден, ғылыми-зерттеудің, ғылыми-техникалықтың, инновациялықтың, өндірістік қызметтің және маркетингтің параллельді-реттілік түрдегі жүзеге асырылуы.
Екіншіден, жаңалықтың өмірлік циклның идеяның пайда болуынан бастап оның өңдеуі мен таратуындағы уақытша кезеңдері ретінде.
Үшіншіден, жаңа өнім түрі мен қызмет көрсетуді өңдеу мен таратудағы қаржыландыру мен инвестициялау процесі ретінде.
Жалпы инновациялық процесс жаңа табыстарын алудан және коммерциализациялаудан, жаңа технологиялардан, өнім және қызмет түрлерінен, өндірістік, қаржылық, әкімшілділік немесе басқа сипаттағы және басқа интеллектуалдық қызметтің нәтижелерінен тұрады.
«Изменение характера инновационного процесса» атты еңбегінің авторы Рой Росвелл инновациялық процестің бірнеше модель буынын ұсынды.
Инновациялық процестің мәнінің желілік жолын ол 1950 және 1960 жылдардың ортасына жатқызады, яғни инновациялық процестің бірінші буынына, бұл технологиялардың әсерлерінен алға жылжып отырады.
Росвелл бойынша, инновациялық процестің екінші буыны 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басына жатады деген. Бұл да желілік-тізбектілік модель, бірақ нарық маңыздылығына тіреледі және қажеттіліктерге ҒЗТКЖ әрекет етуді.
Төртінші буын: 1980 жылдардың ортасы ─ қазіргі уақыт. Бұл алдыңғы қатарлы жапондық модель. Интегралданған топтың параллельді қызметіне және сыртқы көлденең және тік байланыстарға назар аударуымен ерекшеленеді. Мұнда параллельді қызмет маңызды. Әр түрлі бағыттардағы іс-әрекетті орындау негізінде бірнеше топ мамандары бойынша бір уақытта жұмыс жасау қарастырылады. Бұл тапсырмаларды шешуді тездетеді.
Бесінші буын: қазіргі уақыт ─ болашақ. Бұл стратегиялық тораптар, стратегиялық интеграция, байланысты орнату моделі. Бұның басқалардан ерекшелігі, параллельді процеске жаңа функциялардың қосылуында. Бұл есептеу техника жүйесін, информатиканы қолданудағы ҒЗТКЖ-нің енгізу процесі және солардың көмегімен стратегиялық байланыстар орнатылады.
Инновациялық идеялардың пайда болуы жаңа ғылыми нәтижелерді пайдалану мүмкіндігі фундаментальды кезеңде және іздестірушілік зерттеулерінде, қолданбалы зерттеулерде, өңдеулерде жүзеге асады.
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесі жаңа ғылыми білімдерді алуға бағытталған фундаментальды зерттеулерден (ФЗ) басталады. ФЗ-ның мақсаты ─ құбылыстар арасындағы жаңа байланыстарды ашу, табиғаттың даму заңдылықтарын түсіну. ФЗ теоретикалыққа және іздестірушілікке бөлінеді.
Теоретикалық зерттеулердің нәтижелері ғылыми жаңалықтарда , жаңа түсініктерді ұсыну мен дәлелдеуде, жаңа теорияларды жасауда көрініс табады. Іздестірушілікке негізгі міндетті қамтитын идеялар мен технологиялардың жаңа прициптерін ашудағы зерттеулер жатады. Іздестірушілік ФЗ қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдістерін экспериментальдік тексерумен және дәлелдеумен аяқталады. Барлық іздестірушілік ФЗ академиялық мекемелерде, ЖОО-да, сонымен қатар ірі ғылыми-техникалық өнеркәсіптік ұйымдардағы жоғары ғылыми білікті персоналдарында жүргізіледі.
Инновациялық процестің келесі кезеңі ─ қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстар. Олардың орындалуы теріс нәтижелерді алумен байланысты болып келеді. Қолданбалы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды жүргізуге құралдарды салу кезінде тәуекелділік пайда болады. Егер инвестициялар инновацияда тәуекелділік сипатта болғанда, олар тәуекелді инвестициялар деп аталады.
Тәжірибелі-конструкторлық және конструкторлы-жобалау жұмыс кезеңдері жаңа өнім түрін өңдеумен байланысты. Ол эскизді-техникалық жобалауды, жұмыстық конструкторлық құжаттамалауды шығаруды, тәжірибелі нұсқаларды сынауды және жасауды қарастырады.
Тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар (ТКЖ) техникалардың, материалдардың, технологиялардың жаңа нұсқаларын жасау үшін қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қолдануда көрініс табады. ТКЖ ─ бұл ғылыми зерттеулердің қорытынды сатысы және зертханалық жағдайлар мен экспериментальдық өндірістерден өнеркәсіптік өндіріске өзгеше түрде өтуі. ТКЖ-ға мыналар жатады: инженерлік объектінің белгілі конструкциясын өңдеу, жаңа объектінің нұсқаларын және идеяларды өңдеу, технологиялық процестерді өңдеу.
Инновациялық жобаның күрделілігіне байланысты (жаңа өнім түрін меңгеру және өңдеу) инновациялық қызметтің бастапқы кезеңінде шешілетін міндеттер әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе, ірі инновациялық жобаларды меңгеру және өңдеу кезінде ғылыми-зерттеулер жұмыс нәтижелерінің жүйелік интеграциясы жүзеге асады.
Бастапқы кезеңдегі жұмысты атқарушылары болып ғалымдардың шығармашылық ұжымдары, ЖОО-дың, университеттердің, институттардың, мемлекеттік және ғылыми-техникалық орталықтардың (ҒТО) инженерлі-техникалық жұмысшылары табылады.
Инновациялық қызметтің нәтижесінің тәжірибелік жұмысын жасау нарықтық кезеңде жүзеге асады, бұл нарыққа енгізуді, нарықты кеңейтуді, өнімнің жетілуін және төмендеуін қамтиды.
Өндірістің алдын алу сатысында тәжірибелі және экспериментальды жұмыстар жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізуге қажетті экспериментальдық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтарды қамтамасыз етуге, жасауға, жөндеуге бағытталған.
Өнеркәсіптік өндіріс сатысы екі кезеңнен тұрады: жаңа өнім өндірісі және оны тұтынушыларға жеткізу. Біріншісі ─ бұл тұтынушылардың сұранысымен анықталатын, материалданған жетістіктердің ғылыми-техникалық өңдеудегі тікелей қоғамдық өндірісі. Екіншісі ─ жаңа өнімді тұтынушыға жеткізу.
Инновациялық процестің ҒТП-тен айырмашылығы, ол енгізумен аяқталмайды, яғни жаңа өнімнің нарықта бірінші пайда болуы және қызмет көрсетуі. Бұл процесс енгізуден кейін де тоқтамайды, өйткені тарату (диффузия) шаралары бойынша жаңалық әбден жетіледі, тиімдірек болады, бұрын белгілі болмаған тұтынушылық қасиетті иемденеді. Бұл оған жаңа нарық пен қолдану саласына және жаңа тұтынушыларға жол ашады. Осылайша, бұл процесс нарық талап ететін өнімдерді жасауға, қызмет көрсетулерге бағытталған және тығыз біртұтас ортада жүзеге асатын: оның бағыттылығы, қарқындылығы, мақсаттары әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және онда ол қызмет атқарады, дамиды.
Инновациялық ортаның әр түрлі деңгейлерінде пайда болатын диффузды процестердің мәні жаңалықтар мен жаңалық енгізудің тепе-теңдік күйде таралуының ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдық-экономикалық қызметтердің іскерлік циклмен және қызмет көрсету сферасымен анықталады. Соңында диффузды процестер қоғамдық өндірістегі жаңа технологиялық тәртіптерге басымдылық жағдайды алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге экономиканың құрылымдық қайта құрылуы жүзеге асады.
Тағы рефераттар
- Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
- Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
- «Еркетай» шағын орталығы (балабақшадағы жылдық жоспар)
- Коммерциялық банктердің құрылымы және заңдық ұйымдасуы
- Үдеріс