Intranet — қосымшаларын өңдеу құралдары туралы қазақша реферат
Intranet-қосымшаларды жүргізу, оның эксплуатациясы және өңдеу құралдары
Intranet-қосымшаларды жүргізу, оның эксплуатациясы және өңдеуге тағайындалған құралдар құрамына келесі топтар кіреді:
— Run-time (орындалу уақыты) құралдары;
— өңдеудің инструментальды құралдары;
— әкімшілік құралдар.
Run-time құралдарына келесілер жатады:
— навигация (браузер) және қарау программалары;
— клиенттік қосымшалар және кеңейтулер;
— Web–серверлердің программалық жабдықтауы;
— Серверлік қосымшалар және кеңейтулер;
— Ақпаратты іздеу құралдары;
— Internet-серверлердің программалық жабдықтауы;
— Қауіпсіздік құралдар.
Навигация мен қарау программалары гипермәтіннің интерпретациясын
немесе гипермедианы, диалогтың ұйымдастырылуын, клиенттік қосымшалар мен кеңейтулердің орындалуы мен активациясын, серверлік қосымшаларға кіріс мәліметтерін беруін қамтамасыз етеді. Браузерде мобильді кодтардың интерпретаторы құрылған және браузер әртүрлі ақпараттық ресурстарға унифицирленген интерфейс ретінде қызмет етеді.
Клиенттік қосымшалар әртүрлі табиғатқа ие болады. Бұл гипермедиа немесе гипермәтін болуы мүмкін. Қосымша қызметті JavaScript немесе VBScript тіліндегі құрылымдар, мобильдік Java-апплеттер, helper-программалары (мәтін редакторлары,электрондық кесте процессорлары және басқа да файл типіне байланысты программалар) және клиенттік кеңейтулер (ActiveX пен Plug-in) қамтамасыз етеді.
Web–сервердің программалық жабдықтауы гипермәтін, гипермедиа және клиенттерге сұраныс бойынша басқа да файлдарды, серверлік қосымшалардың активациясын, мәліметтер базасының серверлері мен файл-серверлері арасындағы байланысты жүзеге асырады.
Серверлік қосымшалар – бұл Web–серверлерде орындалатын интерпретацияға арналған жүктеме модульдері болып табылады.
Ақпаратты іздеу құралдары Intranet-те іздеу шарттарын қанағаттандыратын қажетті мәліметтерді табуға көмектеседі. Ол ұшін іздеу машиналары және толық мәтіндік индексерлеудің құжаттарын басқару құралдары қолданылады.
Internet-серверлердің программалық жабдықтауы файлдарды беруге арналған FTP-сервис, жаңалықтарға ену мүмкіндігі және электрондық почтаны пайдалану үшін қызмет етеді.
Қауіпсіздік құралдары Internet-серверлердің программалық жабдықтауына құрылуы немесе қосымша компоненттер: Firewall және Proxy-серверлерінің әртүрлі деңгейдегі сұрыптауды орындайтын кешендері түрінде көрсетілуі мүмкін.
Intranet-қосымшаларды өңдеудің инструментальдық құралдары әртүрлі болып келеді және оның құрамына келесілер кіреді:
— Гипермәтін редакторы;
— Бейне конверторлары және графикалық редакторлар;
— Бейне карталарын белгілеу құралдары;
— Мультимедиа (аудио,анимация,видео) құралдары;
— Виртуальды шынайылық генерациясының құралдары;
— Клиенттік қосымшалардың программалау жүйелері;
— Серверлік қосымшалардың программалау құралдары;
— Клиенттік және серверлік кеңейтулерді құруға арналған программалау жүйелері.
Гипермәтін редакторлары HTML-файлдарын программалау немесе
WYSIWYG режимінде қалыптастыруға тағайындалады. Гипермәтінді құру үшін қарапайым мәтіндік редакторлар, сонымен қатар браузерге құрылған құралдарда қолданылуы мүмкін.
Графикалық редакторлар гипермәтінге кіретін бейнелерді құру үшін қызмет етеді. Бейне конверторлары формат, өлшем және түстердің және арнайы эффекттердің құрылуын қамтамасыз етеді.
Бейне карталарын белгілеу құралдары бейнені бөлікке бөліп және олардың әрбіреуімен гиперсілтеме байланыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай құралдар графикалық редакторға құрылуы мүмкін.
Мультимедиа құралдары анимациялық және видео роликтер мен дыбыс пен музыканы жүргізуге арналады. Мультимедиа файлдары көбінесе клиенттік кеңейтулер мен helper-программаларымен жүзеге асады.
Виртуальды шынайылық генерациясының құралдары үшөлшемді сценаларды программалауға және оларды VRML тілінде басқаруға мүмкіндік береді, виртуальды шынайылық қосымша құралдарды да қажет етуі мүмкін.
Клиенттік қосымшалардың программалау жүйелері клиент жағында орындалатын Java тіліндегі мобильдік қосымшалар және JavaScript, VBScript тіліндегі өңдеулерге тағайындалады. Өңдеудің көптеген өнімділігі визуальды программалаудың құралдарын береді.
Серверлік қосымшалардың программалау құралдары ретінде программалаудың қарапайым жүйелері (C/C++, Visial Basic, Java және т.б.), командалар интерпретаторы (UNIX-shell, REXX және т.б.) және JavaScript, VBScript және Perl тілдеріндегі интерпретаторлар мен компиляторлар қолданылуы мүмкін.
Клиенттік және серверлік кеңейтулерді құру үшін интерфейстердің құрылған және қосымша кітапханалар түрінде көрсетілетін ActiveX және Plug-in механизмдерін қолданатын компоненттерді құруға мүмкіндік беретін программалау жүйелері қолданылады.
Әкімшілік құралдары ереже бойынша Web-сервердің программалық жабдықтау құрамында қойылады және Internet-сервистердің мониторингі, активациясы үшін қызмет етеді. Қауіпсіздік жүйелерін баптау үшін, гипермәтіндік құрылымның байланысын бақылау үшін, серверлерді қолдану есебі үшін қызмет етеді.
Құжаттарды қарау және жариялаудың дәстүрлі сызбасы — бастапқыда Intranet технологиясы құжаттарды жариялауға және ақпаратқа енуді жеңілдетуге арналған болатын.(сурет 5). Клиент программасы (браузер) тұтынушы интерфейсінің функцияларын орындайды және Intranet-тің барлық ақпараттық ресурстарына HTTP-сервисі арқылы енуін қамтамасыз етеді. Гипермәтіннің мәліметтер базасы – бұл HTML форматындағы мәтіндік файлдар және сонымен байланысты графика, сонымен қатар басқа да ресурстары бар файлдық жүйенің бөлігі болып табылады. Клиент типтік интерпретатор ретінде әртүрлі функцияларды орындайды. Бұл функциялар қатарына мәтіннің экранға орналасуымен бірге, алынған HTML – мәтіннің талдауы бойынша ақпараттың сервермен алмасуы да кіреді. Сервер командалары бойынша клиент GIF, JPEG, MPEG, PostScript форматындағы құжаттармен жұмыс жасау үшін қосымша help-программаларын жібереді. Сонымен қатар гипермәтінге диалог логикасын (PL) кеңейтетін және қарапайым (BL) өңдеуін қамтамасыз ететін JavaScript, VBScript мәтінсценарийіқұрылуы мүмкін.
Web-клиенттің басқа да серверлермен өзара байланысы
Қазіргі кезде www браузерлері FTP, gopher, mailto, news, nntp, telnet, wais, file (кесте№1,сурет 6) протоколдарын қолданатын серверлердің әртүрлі түрлерімен өзара байланысуы мүмкін. URL құрамына www браузеріне қажетті ену әдісі туралы ақпарат кіреді
Ену сызбасы | Ену сипаттамасы |
http | Гипермәтінді беру хаттамасы |
ftp | Файлдарды беру хаттамасы |
gopher | Gopher хаттамасы |
mailto | Электрондық почта адресі |
news, nntp | Жаңалықтар |
telnet | telnet сеансы |
wais | wais хаттамасының сервері |
file | Компьютердегі файл аты |
Кесте №1. Қазіргі кездегі серверлердің әртүрлі түрлері
Intranet технологиясының копхаттамалы мүмкіндіктері оның қабілетін офистік қосымшаларға, жеке алғанда электрондық почта, файл-серверлеріне енуін және Intranet-тен Internet ресурстары мен қызметтеріне енуін анықтайды, сонымен қатар Intranet ортасына жаңалықтардың, ftp-архивтердің және іздеу қызметтердің функционалдылығын көшіруге де мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар
- Еркін валюта бағамдары
- Алаштың алдаспаны
- Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролі
- Іріктеменің типтері және процедурасы
- Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері