Инвестициялық сала туралы қазақша реферат
2006 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 147,3 млрд. теңгені немесе 2005 жылғы деңгейге 91,3 пайызды құрады. 2006 жылы инвестицияның азаюының негізгі себебі 2005 жылы мынандай: Қазақстан-Қытай мұнай өткізуі «Атасу-Алашанькоу» пайдалануға енгізу (26,8 млрд. теңге), «Миттал Стил Теміртау» АҚ үзіліссіз қорғасын құю цехын пайдалануға беру (34,9 млрд. теңге) ірі жобаларды іске асыру, «Жәйрем ГОК» — ның ғимараттарына, жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізумен (3,0 млрд. теңге), технологиялық жабдықтарды модернизациялаумен түсіндіріледі.
2006 жылы осы кәсіпорындар негізгі капиталға 36,9 млрд. теңге инвестиция салған, бұл 2005 жылғы деңгейдің 57 пайызын құрайды.
Біраз инвестиция қара және түсті металлургия өңдеу саласына және инвесторлардың энергетика объектілерін, көмір өнеркәсіптерін алуларына, қолданыстағы кәсіпорындардың рудалық базасын кеңейту мен негізгі қорларын жаңартуға салынған.
Шет ел инвестицияларының көбірек көлемі (65,5 пайыз) шет елдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындармен игерілген. Шет ел инвестицияларының қалған бөлігі 34,5 пайызы шет елдің өз меншігі кәсіпорындарына келеді. Олардың арасында: «Миттал Стил Теміртау» АҚ мен «Қарағанды сыра шығару зауыты эфес» ЖК ЖАҚ, онда шет ел инвестициясы есебінен қолданыстағы кәсіпорындарды қайта жөндеу іске асырылады.
2006 жылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халық қаражаты өндіріс қорларын жаңартуға жіберілген, жаңа қуаттар мен басқаларды енгізу 94,7 млрд. теңгені құрады (2005 жылға 110,7 пайыз).
2007 жылы негізгі капиталға 38, 5 млрд. теңге шет ел инвестициясы игерілетін болады, бұл 2006 жыл деңгейіне 130 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылы негізгі капиталға кәсіпорындар мен ұйымдар, халық қаражаты есебінен инвестиция 104,2 млрд. теңгені немесе 2006 жылғы деңгейге 110,1 пайызды құрайды. Облыс кәсіпорындары бірқатар жаңа өндірістерді енгізуді жоспарлауда, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес өндірісті қайта жөндеу, жаңа негізгі қаражатты ауыстыру мен алу, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін алу мен қайта жөндеу.
Облыстағы инвестиция салу бойынша басымдылықты құрылым саласында тау кен рудасы мен өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясы, газ бен су өндірісі болып қалуда.
Тағы рефераттар
- «Нибелунгтер туралы хикая»: қысқаша мазмұны және «аудармада аударылмайтын» сөздер
- Кәсіпкерліктің жалпы мәні курстық жұмыс
- Қаржылық тұрақтылығын бағалау мен талдау
- КСРО-ның ыдырауының саяси себептері
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және фискалдық қызметті ұстауға байланысты бюджет шығыстары мен олардың біліктілігін арттыру жолдары