Ішкі аудит процедуралары туралы қазақша реферат

Аудит процедуралары

Ең адлымен, жұмыстың бірінші күнінен бастап, аудитор клиенттің құжаттарынмен танысуы қажет: жарлық, тіркеу құжаттары, акционрелер мен директорлар кеңесі жиналыстарындағы хаттамалармен – мұнда тапқан табыстарының таратылуы, реттелуі туралы мәліметтер, дивиденттер туралы хабарламалар, сыйақы беру, келісім және шартқа қол қоюы туралы,  меншіктің иеленгені, ұазақ мерзімді қарыздардың берілуі, қамтамасыз етуі және кепілдік беруі, қол қоюға құқығы бар мүшелер туралы айтылған.

Сонымен қатар, клиенттің міндеттемесін анықтағаннан бұрын оның келісім шарттарын қарау, аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын дайындау қажет. Аудиттің бағдарламасын және жалпы жоспарын дайындау барысында, аудиторлық ұйымдастыру кезінде, экономикалық субъекті туралы алдын ала бiлiмдер болуы қажет, сонымен қатар аналитикалық процедураларын жүргізгені туралы мәліметтері болуы қажет.

Аудиторға аудит туралы жоспар жасап, оның ішінде аудиторлық тексеру жүргізудің ұйғару тәртібі және көлемі көрсетілген құжат түрінде рәсімдеу керек. Аудиттің жалпы жоспары аудиторлық бағдарлама әзiрлеудегі басшылыққа негiз болу үшiн толықтай нақты (достаточно подробным) болуы тиіс.

Аудиттің жалпы жоспарында пішіні мен мазмұны аудитор жасалынып жатқан объектінің масшабы мен қызметтің ерекшелігіне қарай, тексерушінің тексеру күрделілігіне және қолданылатын нақты методикасына қарай өзгеруі мүмкін. Аудиттің жалпы жоспатырн құру барысында аудитор назарына келесілерді алуы қажет:

а) аудит жасалып жатқан тұлғаның қызметi, оның ішінде: тұлғаның қызметіне әсер ететін жалпы экономикалық факторлар және саладағы жағдай; аудиторлық тексеру жүргізіліп жатқан тұлғаның, оның қызметінің, қаржылық жағдайының, қаржылық (бухгалтерлік) немесе басқа да есеп берудің талаптарының, алдыңғы кезең тексерудегі ауытқушылықтарды қоса алғандағы ерекшеліктері; басқару құзыреттiлiгінің ортақ деңгейi;

б) бухгалтерлік есептің және ішкі бақылау жүйелері, оның ішінде: аудиттелетін субъекті қабылдаған есеп беру саясаты және оның алдағы уақытта өзгеруі; тексерістегі субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есеп берудегі жаңа нормативтік-құқық актілерінің қаржылық (бухгалтерлік) есеп беру нәтижелеріне ықпалы.

в) тәуекелділік және маңыздылық, оның ішінде: аудитқа ең маңызды аймақтардағы күтілетін ажыратылмайтын тәуекелділігінің және бақылау құралдарының тауекелділік бағасы; аудит үшін маңыздылық деңгейін қалыптастыру; маңызды бұрмалаушылықтың (сонымен қатар өткен жылдар негізінде) немесе алақтықтың болу мүмкіндігі; бухгалтерлік есептіліктегі қиын аумақтарын анықтау, сонымен қоса соңғы нәтижесі бухгалтердің субъективті пікіріне тікелей қатысы бар, мысалы бағалау нәтижелерін дайындау кезінде.

г) мінез-құлық, уақытша шекаралар және процедуралар (жұмыс) көлемі, сонымен қатар: аудит жүргізудің есеп берудегі түрлі бөлімнің қатысты маңыздылығы; қолдағы компьютерлік жүйенің және оның ерекшеліктерінің аудитке әсері: тексерістегі ұйымдағы ішкі аудиттің болуы және оның сыртқы аудит процедураларын мүмкін болатын әсері;

д) жұмыстың үйлестiрілуі және бағыты, ағымдағы бақылау және iстелiнген жұмыстың тексерілуі, сонымен қатар: тексерістегі тұлғаның басқа аудиторлық ұйымдарды филиалдарды, бөлімшелерді, iшкi серiктестiктердi тексеруге тарту; эксперттерді тарту; бiр тексеріс жргізілген тұлғаның территориялық оқшау бөлiмшелерiнiң саны және олардың кеңiстiктегі бiрінен-бiр алшақтығын; аудит жасалатын тұлғағаның жұмысы үшiн қажеттi мамандар сан және олардың бiлiктiлiк мәлiметi;

е) басқа да аспектілер, оның ішінде: тексерістегі тұлғаның қызметiнiң үзiлiссiздiгi қауіпті жағдайда болу мумкіндігі туралы жорамал; ерекше назар аударуға талап ететін жағдайлар (мәселелер), мысалы, аффилиирленген тұлғалардың болу; аудиторлық қызметтердiң көрсетуi туралы келiсiм шартының ерекшелiктерi және заңның талабы; тексеру жүргізілетін тұлғаға аудитор қызметкерлерiнiң жұмысының мерзiмi және олардың бiрге болатын қызметтерiнiң көрсетуге араласуы.

Тексерушiге сипатын анықтайтын, уақытша шектеулер және жоспарланған аудиторлық процедуралар көлемін тексеру бағдарламасын құрап және оны құжатты түрде ресiмдеу керек 

ІШКІ АУДИТ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамыр айының соңында-маусым айларында алдыңғы айдағы бекітілген графикке сәйкес сапа менеджменті жүйесінде ішкі аудит өткізіледі. Аудит – бұл ИСО 9001:2008 стандартының шарттарына сәйкес, ұйымның сыртқы және ішкі құжаттандыру шарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесіндегі жүйелі, тәуелсіз және құжаттандырылған үдеріс. Жоспарланған аудит мақсаты болып еңгізіліп жатқан  СМЖі халықаралық стандарт МС ИСО 9001:2008 шарттарына сәйкес бағалау және СМЖнің сыртқы сертификациялық аудитке дайындық дәрежесін анықтау, жүйенің жоспарланған шараларға және ұйымның  шарттарына сәйкес болуы. Аудит нәтижелері университет қызметінің алға қойған мақсаттарының нәтижелерімен салыстыруға және іс-әрекеттерді түзетумен алдын-алу жұмыстарын өткізумен қайта өндеу үшін қолданылады.

Төменде ұсынылған бағдарламаға сәйкес барлық құрылымдық бөлімшелер құжаттарды дайындау қажет. 

Аудит бағдарламасы және критерийлері

1. «Құрылымдық бөлімше туралы ереженің» актуалдалғаны; басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу схемасы; ҚазҰМУде іске асырылатын үдерістердің өзара әрекеттесу картасы,;

2. Штаттың жинақылығы, қызметкерлердің біліктілігі (негізгі жоғары білімінің лауазымына сәйкес болуы, біліктіліктің жоғарылатуы, мемлекеттік тілді меңгеруі). Жұмыстан шығудың бір жылғы мөлшері,саны мен себептерінің мәліметтері.

3. Бөлімше қызметкелерінің бекітілген Лауазымдық нұсқаулықтардың және таныстыру парағының болуы;

4. «ҚазҰМУнің 2010-2013ж. сапа саласындағы саясаты мен мақсатының» болуы;

5. 4п. сәйкес құрастырылған «Құрылымдық бөлімшенің 2010-2013ж.ж. сапа саласындағы мақсатының» болуы;

6. СМЖ құжаттарының актуалдалғаны, қызметкерлерге оның шарттары жеткізіліп куәліктерінің болуы:

  • Сапа басқарма жүйесі бойынша нұсқау
  • Құжаттарды басқару туралы нұсқау
  • Жазбаларды басқару туралы нұсқау
  • Басқарма тарапынан СМЖнің талдауы бойынша нұсқау
  • Сәйкессіздікті түзету және ескерту әрекетін басқару бойынша нұсқау

7. СМЖ құжаттарымен орнатылған мақсаттар, мәселелер және шарттар бойынша  қызметкерлердің түсіну дәрежесін анықтау (әңгімелесу, анкеттеу)

8. Сыртқы құжаттарды басқаруды талдау (алу, тіркеу, тарату, сақтау шарты), бөлімше жұмысында қолданылатын сыртқы нормативтік құжаттардың тізімдемесінің бары.

9. Ішкі құжаттарды басқаруды талдау (құру, рәсімдеу, тіркеу, тарату, алу, сақтау)

10. ҚазҰМУнің 2008-2011ж. даму стратегиясын іске асыратын негізгі шаралардың жоспары

11. Осы жылғы бөлімше жоспары мен даму жоспары, жоспар бойынша іске асырылған шаралардың тиімділігін талдау

12. Алып жатқан аудандардың  жеткілікті болуы (жұмыстық, оқулық, т.б.), жарықтандыру, температура, шу деңгейі – еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарының аттестациялау актілері

13. Материалдық қорлардың қажеттілігін анықтайтын құжаттар

14. Қажетті құрал–жабдықтармен, техникамен, құрал–саймандармен, бағдарламалармен жабдықтау дәрежесі: инвентаризациялық актілер, құрал– жабдықтардың/техниканың төлқұжаты, пайдалануға арналған нұсқаулар

15. Жабдықтардың, техникалық және бағдарламалық құралдардың жәй-күйі, (профилактикалық тексеру, жөндеу, есептен шығару актілер). Бақылап–өлшейтін құралдардың тексерілуі туралы құжаттар

16. Жабдықтарды пайдаланудың куәліктері, пайдаланудың тиімділігін бағалау

17. Компьютерлік вирусқа қарсы бағдарламалардың жағдайы

18. Интернетті пайдалану мүмкіндігі, АБЖн ендіруі және жұмыс істеуі

19. Құрастырылған құжаттар мен мағлұматтардың түпнұсқаларының электрондық болжамалары, рұқсатсыз кіруден қорғау

20.Құрылымдық бөлімшесінің қызмет сапасының көрсеткіштерінің (айқындағыштар), оны бақылауда және санақтық талдауда қолданылатын әдістерінің дәл болуын талдау

21. Өткізілетін шаралардың нәтижесін көрсететін сапа бойынша жазбаларды басқаруды талдау,  рәсімдеу ережелерін және мерзімімен сақтау шарттарын орындау (мәжіліс хаттамасы, есеп беру және жоспарды орындайтын құжаттар, бөлімше қызметінің санақтық талдау нәтижелері, бөлімшенің аудиттік актілері)

22.  Тұтынушының қанағаттанушылық пен мұқтаждықтарын зерттеу бойынша материалдар

23. Бөлімшенің жұмысын жақсарту ұсыныстарды енгізу туралы куәліктер

24. Жұмыс процесстерінің нормативтік құжаттарда анықталған шарттарға сәйкестігін талдау

25.Бөлімше жұмысының алға қойған мақсаттары мен мәселелерінің сәйкестігін талдау

26. Бөлімшеде бар құжаттардың бекітілген іс номенклатурасына сәйкестігі бойынша жұмыс тиімділігінің талдауы

27. Бөлімше жұмысы туралы тұтынушылар үшін көрнекті және түсінікті мәліметтің болуы

28. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің ережелері/нұсқаулары және жұмыс нұсқауларының болуы.
Тағы рефераттар