Испания Республикасының жеңілуі туралы қазақша реферат

17 мамыр 1937 жылы Ларго Кабальеро орнына солшыл социалистердің лидерінің бірі Хуан Негрин мемлекет басшысы болып келді. Ол коммунистер үсынған республика қорғанысын нығайту шараларын жүргізді. 1937 жылы біртүгас тұрақты халық әскері мен 1936 жылы шілде-тамыз айларында бүлінген ескінің орнына жаңа мемлекеттік аппарат құру негізінен аяқгалды. 1936 жылы 6 қазанда бүлікке қатысқандардың жер иеліктерін национализациялау және оны шаруаларға ркымдық немесе жеке пайдалануға беру туралы декрет қабылданды. Осы декрет бойынша 1938 жылға дейін шаруалар 5 млн. гектардан астам жерге ие болды. Осының нәтижесінде республика территориясында помещиктік жер иелену жойылып, аграрлық мәселе шешілуге қадам басты. Мемлекет шаруаларға кредит, тыңайтқыш, түқым, техника бөлді. Бүл республикада шаруаларға үлкен көмек болып, шаруа шаруашылықгарының дамуы әскер мен қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге жағдай туғызды.

Бүлік басталысымен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарды жұмысшылар мен профсоюздар басқаруды өз қолдарына алды. 2 тамыз 1936 жылы бүлікшілдерге қарайтын кәсіпорындарды национализациялау туралы декрет қабылданды. Қорғаныс өнеркәсібі, транспорттың барлық түрі байланыс құралдары, шахталар мен рудниктер бірте-бірте мемлекеттің бақылау орнатылды.

Каталония мен қатар 1936 жылдың қазанында Баскілер еліне де автономия беріледі. Алайда бүлікшілдер қолында болған Галисия автономия ала алмады. Халық ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау саласында да түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде Испания республикасы, помещиктер мен капиталистер, жаңа типті республикаға айналды.

Бүлікшілдер басып алған территорияларда фашистік диктатураның террористік режимі орнады. 1936 жылдың қазанында генерал Франко генералиссимус және мемлекеттің басшысы деп жарияланды. 1937 жылы сәуірде ол «испандық дәстүрлі фаланга және «ХОНС» атты фашистік партияны басқарды. Оған испан фашизмінің көсемі — «каудильо»- титулы беріледі. Франконың астанасы уақытша Бургос болды. 1938 жылы фашистер басып алған территорияларда жұмысшылар мен кәсіпкерлердің корпоративтік профсоюз ұйымы құрылды. Демократиялық және антифашистік қозғалысқа қатысушылардың бәрі мемлекеттің жауы деп жарияланды және төтенше трибунал сотына берілетін болды.

Испания республикасының саяси режимі уақыт өткен сайын баяу болса да өзгере берді. КСРО-ның қолдауы үкіметте коммунистердің ықпалын өсірді. Олар фашистік арандатушылармен күрес деген желеумен жазалаушы органдардың өктемдігін орнықтырды. Әскер мен мемлекеттік аппаратты троцкистер мен анархистерден тазарту жүргізілді. Кеңестік НКВД «эксперттері» Москвада 1936-1938 жылдарда жүргізілген процесстердің Испанияда да жүргізуге әрекет жасады. Осылайша Испания республикасы құрылғаннан бұрын испан демократиясы өмір сүруін тоқтатты.

Республикада Бүлікшілдер ойран салып жатқан кезеңде, Ұлыбритания, Франция, АҚШ мемлекеттері «араласпау» саясатын ұстады. Республикандық Испания блокада аймағында қалды. Соған қарамастан ішкі жағдайын нығайтып, соғыстың екінші кезеңінде мамыр 1937 қыркүйек 1938 жылы — Испания республикасы реакцияның ішкі және сыртқы қарсылығына төтеп бере алды. 1937 жылдың көктемінен бүлікшілдер мен интервенттер республиканың негізгі территориясынан алшақтығын пайдаланып, Астурия мен Баскилер еліне қарсы үлкен күшпен шабуыл бастады. Олар ұзаққа созылған ұрыстардан соң 1937 жылы қазанда бұл аймақтарды басып алды. Ал республикандық әскер 1937 жылы желтоқсанда де Теруэльге шабуылды бастап, қаланы азат етіп, жауға қатты сокқы берді. Теруэль республикандықтар екі ай бойы қолында ұстады. 1938 жылдың сәуірінде фашистер Арагонды майдан шебін бұзып, Каталониядан республиканың орталық ауданын бөліп, Жерорта теңізі жағалауына шықты. Алайда 1938 жылы шілдеде республикандықтар Каталония жағынан Эбро өзенін шабуылдап, жауға тағы да соққы берді.

Соғыстың үшінші кезеңі /қыркүйек 1938 — наурыз 1939 жылдары/. Соғыстың үшінші кезеңінде жағдай мүлдем өзгерді. Оған себеп Мюнхен конференциясының шешімі. Ол конференцияда Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия уағдаласты. Олардың келісімдері республика жауларының пайдасына шешілді. Ұлыбритания мен Франция «араласпау» саясатынан бас тартып, Негрин үкіметінің қарсылықты тоқтатуға мәжбүр етіп ашық қысым көрсетті. Республика қарсы блокада күшейе түсті. 1938 жылдың желтоқсанда жау Каталонияға қарсы 350 мыңдық әскер, жүздеген танк, қару-жарақ. самолеттермен шабуылға шықты. Рсепубликандықтар осындай күшке қарсы 140 мыңдық әскер, аздаған қару-жарақ қана қоя алды. 26 қаңтар 1939 жылы қиян-кескі ұрыстардан соң Барселон құлауы, 9 ақпанда бүкіл Каталонияны франкистер биледі. Осы кезеңде Ұлыбритания «араласпау» саясатынан бас тартып бүлікшілдерге қару-жарақпен ашық көмектесті. 8 ақпан 1939 жылы ағылшын флоты Менорка аралындағы республиканың соғыс-теңіз базасын басып алып, бүлікшілерге берді. 27 ақпан 1939 жылы ағылшын және француз үкіметі Франко үкіметін ресми түрде таныды.

Каталониядан айрылғанына және ауыр жағдайға қарамастан, республиканың әлі де болса қарсы тұра алатын әл-қүаты бар еді. Алайда халық майданының ішінде капитулянттық көңіл-күйдегі элементтердің әрекеті жанданды. Оңшыл социалист Х.Бестейро мен орталық майдан қолбасшысы Касадо бастаған капитулянттар қарсылықты жақтаушылар мен коммунистерді талқандап, Франкомен келісім жасаймыз деп үміттенді. 4 наурыз 1939 жылы Карбахендегі республикандықтардың флотында бүлік бүрқ ете түсті. 5-6 наурызда Касадо мен Бестейро Мадридке бүлік ұйымдастырып, «Ұлттық қорғаныс хунтасын» ұйымдастырды/8/. Касадо мен Бестейро хунтасы коммунистерді заңнан тыс деп жариялап, коммунистерді ығыстарған соң да қарсыласуды тоқтатпай, «құрметті бітімге» қол жеткіземіз деп уәде берді. Мадридте республиканы жақтайтындар мен сатқындар арасында апта бойы ұрыс жүрді. Касадо-Бестейро хунтасы майданның бетін қайтарып, капитуляцияға қол қойды. 28 наурызда фашистер Мадридке енді де, 1 сәуір 1939 жылы республиканың бүкіл территорриясын қолына алды.

32 айға созылған ерлікпен қарсыласқан Испания республикасы құлады. Оның басты себептері:

1. Германия мен Италияның интервенциясы.

2. Ұлыбритания, Франция мен АҚШ үкіметінің ұстанған «араласпау саясатына» байланысты республика жағдайының қиындауы.

3. Халық майданның бірлігінің болмауы; анархизм жершілдік т.б.с.с.

4. Капитулянттық элементтердің сатқындық әрекеті.

5. Испан халқының қолында жеткілікті қару-жарақтың болмауы, тәжірибесіздік.

Испания республикасының жеңілісі екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануын тездете түсті. Алайда, испан халқының ерлік күресі тек кеткен жоқ, ол үш жылға халықаралық реакциялық күшін қыспақта ұстады, халықаралық антифашистік ынтымақтастықтың дамуына бастау болды. Фашизмге қарсы күрестің тәжірибесін байытты. 1936-1939 жылдардағы Испания республикасы жаңа типтегі демократиялық республикасының үлгісі болып тарихқа енді.
Тағы рефераттар