Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы нысан бойынша іссапар куәлігі беріледі. Іссапар куәлігінің нысанын уәкілетті мемлекеттік орган жасап, бекіткен. Іссапар куәлігін жазып беруші маман оған бұйрықтағы барлық қажетті деректерді енгізеді.
Іссапар шығыстары тәулік бойынша төленетін болғандықтан, іссапар куәлігі қызметкердің межелі жерге барған және ол жерден шыққан, қайтып келген уақытын белгілеуші есептік құжат болып табылады. Бұл ретте бару келу туралы белгіні межелі жердегі жауапты адам қол қойып растап қоймайды, сонымен бірге мөрі де қойылады.
Іссапар куәлігі арнайы нысанда бір данада жасалып беріледі және іссапарда болған қызметкерлерді тіркеу журналында тіркеледі. Журналды әрбір ұйым өз қалауына қарай түзуіне болады. Соның бір үлгісі төмендегідей.
Іссапарда болған қызметкерлерді тіркеу журналының үлгісі
Іссапар куәлігінің берілген күні және нөмірі | Аты-жөні | Лауазымы | Іссапар орны | Мақсаты | Іссапар мерзімі | Бұйрықтың күні мен нөмірі |
06.03.2007 ж. | Асанов Н.М. | менеджер | Астана қ.
«Тасымал» ЖШС |
Шарт жасасу | 09.03.2007 жылдан 13.03.2007 жылға дейін | 05.03.2007 ж. № 43і |
Тағы рефераттар
- Программалау тілдері
- Қорлар есебінің қазіргі заманғы жағдайы және оны жетілдіру жағдайы дипломдық жұмыс
- Бағалы қағаздардың портфелін басқару
- Батыр жырау — Қожаберген
- Қазақстанның Мұсылман елдерімен ынтымақтастығы