4 ақпан 1939 жылы Муссолини Үлкен фашистік кеңесте сөйлеген сөзінде Италияның сыртқы саясатының «таяу және одан арғы жылдарға» арналған перспективаларын анықтады. Италия Албаниядан басқа Еуропа территориясына мүдделі емес, басты мақсаты мұхитқа шығу үшін сол жолдағы кедергілерді жою қажет деп көрсетті. Үнді мұхитына Сурдан, Ливия, Атлантқа француздық солтүстік Африка арқылы ғана шығуға болады. 1939 жылы итальян әскері қару-жарақ, тактикасы жағынан Эфиопияға соғыс жүргізген жағдайында қалып қойды. Әскери бюджет өссе де, еш жаңалық енгізілмеді. 1 тамыз 1939 жылға қарай итальян әскері 67 дивизиядан тұрды. Муссолини авиацияға ерекше назар аударды. Соғысқа дейін ай сайын 150 – самолеттен шығарып отырса, ал 1942 жылы 300 самолеттен шығарды.[34] 1939 жылы Муссолинидің тапсырмасымен Қорғаныс комиссиясымен соғыс үшін қандай шикізат қажет екендігін анықтады. 1939 жылы 1 қыркүйекке қарай соғыс өнеркәсібінде шикізат қоры 5-6 апталық уақытқа жететіндей ғана еді. 25 тамызға қарай Гитлердің соғысқа дайын екендігі айқындалған соң, Муссолини Гитлермен иық тіресе жүру қажет екендігін түсініп, сол күні түнде жаппай мобилизациялау туралы бұйрық дайындатты. Фашистік Италия Гитлер бастаған соғысқа кіруге шешім қабылдады.
25 тамыз 1939 жылы Гитлерден Римге өкіл келіп, Польшаны басып алу жақын уақытқа белгіленді, бірақ Гитлер Муссолинидің бірден соғысқа араласуын талап ететінін білдірді. Бұған наразы болған Муссолини штаб басшыларын жинап, Италия соғысқа кіру үшін қажетті әскери материалдар тізімін жасауға бұйырды. Ол тізіммен бірге, осылардың барлығымен Италия қамтамасыз етілмесе Италия соғысқа кіре алмайды деген жолдау Гитлерге қоса жіберілді. Оған жауап ретінде Гитлер Италияның бейтараптық сақтау жөніндегі шешімін жариялауды тоқтата тұру, Франция мен Англияны алаңдата тұру үшін мобилизациялық шараларды жүргізе беруді өтінді. Бұған Муссолини келісті. 1 қыркүйек 1939 жылы Италия бейтараптық сақтайды деген ресми құжат жарияланды.
Елді Италияның соғысқа кірмейтіндігі жөніндегі хабар еркін демалдырды. Әрі Гитлерлік Германиямен одақтық кең қолдау таппағанын көрсетті. Бәрі де бейтараптық жариялау фашистік режимнің әрекеті еместігін, бұған Муссолинидің еріксіз барғандығын түсінді. Қорланған Муссолини бір айға жуық сөз сөйлемей қойды. Аз уақытқа созылған бейтараптық кезеңде Муссолини Германия мен оның жауларының арасында делдалдық роль атқарып, Гитлерлік агрессияны Кеңес Одағына қарсы айдап салуға тырысты.
18 мамыр 1940 жылы Бреннерде Муссолини Гитлермен кездесті. Муссолини Германия өзінің табыстарымен шешуші жеңіс үшін жағдай тудырған тұста Италия соғысқа кіреді деп есептеді. Бұл жоспарды Муссолини «параллельдік соғыс» деп атап, күшті империалистік жыртқыштың соңынан еруді көздеді. 6 сәуірде Муссолини Бас штаб бастығына соғыс қимылдарын жүргізудің жалпы жоспарын көрсеткен меморандум жіберді. Бұл жоспар бойынша француз шекарасында қорғаныс қимылдарын Югославияға қарсы күш жинақтау, Эгей теңізі мен Ливияда қорғаныс шаралары, Шығыс Африкада ішінара шабуыл жүргізуді көздеген. Шабуылды авиация қолдаған әскери-теңіз флоты жүргізді. Бұл кезеңде Германияның басып алу соғыстары табысты еді.
Францияның тез арада тізе бүгуі туралы хабар тарағанда Муссолини аз уакытқа болса да соғыс жүргізгеніне қатты өкінді. 18 маусымда Гитлер оны Францияға қойылатын шарттарды талқылау үшін Мюнхенге шақырды. Муссолини онда Францияны толық оккупациялау, француз флотын бөліске салу, Италияға француздық Сомали, Ницца, Корсиканы және Алжир мен Мароккодағы соғыс базаларын беру жөнінде ұсыныс енгізді. Ал Гитлер Францияны қатардан шығарып, Англияға қарсы шабуыл жасау дайындығын ойластырды. 20 маусым 1940 жылы Муссолини Бадольға барлық майдандарда француз территориясына ішкерілей ену мақсатында жаппай шабуыл бастауға бұйрық берді.
1940 жылы фашистік Италияның параллелдік соғыс майданы маңызды аймағында жүргізілмеді. 1940 жылдың соңында итальян әскері Африкада едәуір соққыға ұшырады. 9 желтоқсанда ағылшындар күш жинақтап Египетте қарсы шабуылға шықты. Итальян әскері Киренайкада толық қирады. 1940 жылдың соңына қарай теңіз операциялары да Италия үшін сәтсіз болды.
1940 жылдың 28-қазанында италян әскерлері Грецияға баса-көктеп ене бастады. Бірақ көп кешікпей сол жылдың қарашасында олардың жасаған шабуылдары сәтсіздікке ұшырап, грек халқының көрсеткен қарсылығы арқасында олар жаулап алған территориясынан қайта кері ығысып шығуға мәжбүр болды.
Муссолини ешқашанда итальян ұлтының қасиеттері туралы жақсы пікірде болған емес. Ол өзінің күйеу баласы Чианоға былай деп жазды: «Я должен признать, что итальянцы 1914 г. были лучше нынешних. Это неприятный результат для фашистского режима, но это так».[35] Муссолинидің пікірі бойынша буржуазияның негізгі тобына фашизмнің соғыс авантюрасына қарсы тұра алатын оппозициялық топ шығара алуға қабілетсіз. Фашистік режимге қарсылық жастар арасында көбірек орын алды. Университет журналдарының бетінде фашистік жетекшілерді алаңдатқан мақалалар жарияланды.
Муссолинидің жеке басы туралы ағылшынның мемлекеттік қайраткері және дипломат Антони Иден былай деп жазған:
Муссолинидің бір ғана санасатын факторы бар, ол экономикалық және әскери күш. Ол өз пайдасы болмаса ешқандай жол бермейтін тұлға. 1943-жылы Черчилль маған қоңырау соғып, Муссолинидің биліктен кеткенін айтты. Біз егер 1935 жылы санкцияны қолдануды қатаң талап еткенде мүмкін екінші дүние жүзілік соғыстың басталуын кешеуілдететін бе едік деген ойды ол өз күнделігінде жазған екен. Себебі Муссолинидің істеген тірліктері тек ғана көзбояушылық еді.[36]
Барлық антифашистік партиялардың соғыс басталған кезде жағдайлары күрделі еді. Бәрінен де көп коммунистер фашистік репрессияға ұшырады. 1939 жылдың күзінде Европаны қамтыған антикоммунистік толқын Италия коммунистік партиясының басшыларын да алып кеткен еді. 1939 жылы қыркүйекте Парижде П.Тольятти, Л.Лонго және басқалар тұтқындалды. Ұзақ жылдар итальян эмиграциясының саяси орталығы болған Париж тікелей неміс фашистерінің бақылауында болды. Католиктік бағыттағы оппозициялық топтар, «Әділеттілік және бостандық» қозғалысы белсенді қимылдады. 1940-1941 жылдары Италияда фашистік режимнің беделі біраз төмендеді. Корпоративтік жүйе түрінде қоғамды «әлеуметтік жаңарту» туралы уәделерінің жалғандығын фашизмнің ықпалынан жастардың ауытқуын тудырды. Итальян әскерінің Грецияда, Африкада женілуі ұлы және күшті Италия жөніндегі мифтің күлін көкке ұшырды.
Тағы рефераттар
- Туризм индустриясын дамыту проблемасына теориялық негіздеме
- Операциялық қызмет көрсету үдерісі, қабылдау және орналастыру функциясы
- Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен прициптері
- Атмосфераға шығарылатын зиянды заттар
- Волейбол