Ағылшын экономистері К.Фримен, Дж.Кларк, Л.Суите өзара байланысқан техникалық және әлеуметтік жаңалықтардың жүйесі ретінде технологиялық жүйеге ұғым еңгізеді. Осыған сәйкес, экономикалық өсу қарқыны технологиялық жүйенің құрылуы, тұрақтану және дамуына байланысты. Жаңалықтардың тарауы технологиялық жүйесінің даму механизмі ретінде қарастырылған, ал осындай тарату қарқыны нарық механизмімен (нарық коньюктурасына сұраныс пен ұсыныстың әсер етуі) байланысты.
Жаңа технологиялардың тауар ретінде қасиеттерін Ф.Бидо, А.Анчишкин И.Артемьев және т.б. экономисттер қараған. Ф.Бидо техникалық инновациялардың құны бір мағынада анықталуы мүмкін емес деп санаған, өйткені оның бірегей және жалғыз-жарым өзгешілігіне байланысты оның жасауына шығындарды санау қиын, осындай технологиялар әрқашан сату үшін жасалмайды, сондықтан технологиялардың құны әртүрлі болуы мүмкін, оның бағасы басқа да факторлардан құрылады.
А.Анчишкин технология құнын қоғамдық тұтыну құн көзқарасынан қараған. Ол «еңбек шығындарын үнемдеудің ғылыми білімдер қасиеті оларға ерекше тұтыну құнын (қоғамды қажет еңбекке шығындар), түсіруге қабілетін береді деп белгілеген. Инновацияның бағасы оның қасиеттерінен анықталады, технология қызмет түрлерін белгілейді; оның толық емес элементтерін шығаруға шығындарымен мінезделеді; технология сатуға арнайы жасалмайды; жаңа технологиялық білімдерге монополия орнатылуы мүмкін.
Көптеген экономистер инновацияның бағасын технологиялық квазирента деп санайды, осымен 1-ші және 2-ші дифференциалды жер рентасымен ұқсастық келтіреді.
М.Портер өзінің бәсекелік теориясында тауардың соңғысы(жаңалығы), жоғары сапалы және төмен шығындармен шығарылған (осыған сәйкес төмен баға) жағдайда ол бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігін белгіледі. Яғни, ол аз шығындармен немесе өнімнің дифференциалды сапа негізінде өндірісті жүзеге асырып, мекеменің бәсекелік артықшылыққа жету мүмкіндігі бар екенін көрсетті. М.Портер ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттігінің 4 сатысын — өндіріс, инвестиция, жаңалық және байлық деген факторларын белгілейді.
Тағы рефераттар
- Опциондар мен фьючестер
- Тергеу қарауының жалпы ережелері
- Биоиндикациялық зерттеулердің экологиялық негіздері
- Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы. Кульминация
- Сана проблемасының философияда қойылуы