Негізгі мақсаты: Ортағасырлық діни философия шырмауынан құтылған ғылым, білім, өнер салаларының дамуын зерттеп, қайта өрлеу философиясының мәнін түсіндіру.
Негізгі түсініктер: утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм, антропоцентризм, пантеизм, концептуализм.
- Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
- Философиядағы адам проблемасы және космологиялық ілімдер.
- Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.
Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді.
Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.
Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табыну әсемдік сұлулық символына деген құлшыныс.
Николай Кузанский өзінің “шындықты алдын ала болжау”, “Білетін білместік туралы” деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан түратынын дәлелдейді. Қайта қрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
- Философиядағы антропоцентристік бағыт.
- Философиядағы пантеизм.
- Адамға бетбұрыс және философияның ойын дамытудағы жаңашылдық.
Тағы рефераттар
- Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
- Жидебай батыр (М.Ж. Көпеев қолжазбаларының ішінде Жидебай батыр жөніндегі екінші нұсқасы)
- Жеке табыс салығының экономикалық мәні
- Мектеп жасына дейінгі әр түрлі мекемелерде және отбасында балалармен дене тәрбиесі жұмысын ұымдастырудың ерекшеліктері
- АТФ Банктің іскерлік қатынастар этикасы