Кактус туралы қазақша реферат

Кактустың 3500-ге жуық түрілері бар. Олар негізінен экватор бойындағы(Оңтүстік және Солтүстік Америкада) шөлді құмдарда, тасты жондарда, биік құздардың, жартастардың жарықтарында, құнарсыз әк тастары бар топырақтарында өседі.

Орталық Америкада жауын- шашын тым аз болады. Бұл жерлерде құрғақ  ауалы мерзім августан(кейде майдан) казанға дейін созылады. Қазаннан мамырға дейін жауған жауын -шашынның  жалпы саны жылына 200-250 мм аспайды. Кейбір қуаншылық жылдары жауын-шашын тек қана 100 мм  болады.

Кактус өсімдіктері тек құмды, тасты  жерлерде ғана емес , сонымен бірге Бразилия, Колумбия, Перу, Боливия сияқты  елдердің мәңгі жасыл тропиктік ормандарында өсетін көптеген түрлері кездеседі. Оның осы жерлерде, ағаштың бұтақтарында , жартастардың күн жақ ашық   жерлерінде өсетін түрлерін ботаника тілінде эпифитті кактустар деп атайды.

Кактустар әдемі гүл өсімдіктер қатарына жатады.

Гүлдерінің көз тартарлықтай әдемілігін ескермегенде оның алуан түрлі сүйкімді ( ваниль, алма, магнолия, жидек т.б) иістері болады. Бұл ғажап иістер кактустың тікен басқан сырт көрінісімен үйлесе қоймайды. Жергілікті халықтар кактустардың жемісін пайдаланады. Оның үлкендігі бұршақтай және тауықтың жұмыртқасындай жемістерін халық шикілей де, пісіріп те, кептірген күйінде де жей береді. Олардың кейбіреулерінің , яғни церустің балғын сабағынан салат жасайды. Церустерден  жүрек ауруына қарсы дәрі әзірлейді.

Кактустардың осындай қасиетіне және күтімді көп керек етпейтініне байланысты  көптеген жерлерде өсіреді. Қазақстанның оңтүстік  аудандарында ашық ауада да өсіріледі.

Кактустардың жуан да етті сабақтары алуан түрлі болады. Олардың ішінен биіктігі бірнеше сантиметрден  бір жарым  метрге жететін бағана, шар тәрізді түрлерін немесе бунақталған бұтақты түрлерін кездестіруге  болады. Олар тегіс те, қырлы да, шұқырлы да  бола береді. Кактус сабағының жапыраққа ұқсаған жалпақ түрлері де бар.  Кактустың басым көпшілігінде жапырақ болмайды. Оның орнына түсі және  ұзындығы әртүрлі тікендер мен қылтанақтардың ылғал мен жылудың сақталуына жәрдемдеседі және өмімдікке көрік беріп тұрады. Ал перейская деп аталатын кактустар әдетте жапырақты болады.  Ондай жапырақтардың пішіні лимон өсімдігінің  жапырағына ұқсайды. Гүл әуесқойлары көбірек өсіретін кактустар 3 топқа бөлінеді. Олар: перейская, опунция, церус  топтары деп аталады. Перейская  тобына сабағы дөңгелек,  жапырағы жалпақ  ағаштар  мен бұталар  жатады.  Бұлар үйде көп өсіріле бермейді. Опунция  тобына  етті де жуан,  кейде  жалпақ не дөңгелек, бунақталған сабағы бар  бұталар  жатады. Олардың  жапырақтары ерте  түсіп  қалады.  Үйде  өсіргенде  гүлдемейді. Өздері тікенекті келеді. Суыққа төзімді болады. Сондықтан  еліміздің  оңтүстігінде – Қырымда, Кавказда, Түркменстанда кактус опунция  ашық ауада өседі. Ұсақ түкті және ақ түкті  опунцияның екі түрі ғана үйде өсіріледі.

Кактус өсімдігіне әуестенген гүл әуесқойлары опунцияның түкті сабақты, көп тікенді, жұлдыз тікенді өте көрікті түрлерін өсірулері қажет.Цереус  тобына  оның бірінен бірінің едәуір айырмашылығы бар туыстары жатады. Бұлар Оңтүстік Американың  орталық және шығыс аймақтарында  кездеседі. Өздері бұтақты, қырлы болады, қырларын тікен жауып тұрады. Үйде цереустың мынадай түрлерін өсіруге болады.

Б а у м е н     ц е р е у с і .  Шыққан жері- Перу. Биіктігі 2 м дейін, сабағы бағанаға ұқсас. Гүлі түтік тәрізді, түсі күрең сары, ұзындығы 6-7 см жетеді. Жемісі қызыл түсті, ірі.

І р і   г ү л д і     ц е р е у с і.   Болмаса түн падишасы. Сабағы шырмалған төрт қырлы болды. Тікендері  ұсақ келеді. Гүлінің диаметрі 20 см түтік тәрізді, күлтелері бірнешеу, түсі ақ, ваниль иісті, күнде кешке қарай бірнеше сағат бойы гүлдеп тұрады.

Алып   цереусі. Мұның  биіктігі 15м. Сабағы бағана тәрізді, бұтақтанған болады. Қыры онша өткір емес, тікендері шоқтанып бітеді. Ірі қызғылт гүлдеріне жұмыртқа сияқты жеміс байланады.

Мөлдір   цереус . Бұл – Бразилиядан  тараған биіктігі 3 м, жуандығы 35 см жететін өсімдік, 6-7 қырлы тікенді, түсі ақ, гүлдері өте ірі. Жемістері күрең қызыл түске боялады.

Филлокактустар. Орталық және  Оңтүстік  Американың ормандарындарында  кездеседі. Үй жағдайына көнгіш. Көбіне қызыл, ақ қызғылт гүлді гибрид  болып келеді. Әдетте  көктемде, кейде екінші рет күзде гүлдейді. Сабағы бунақталған жалпақ және үш қырлы болып келеді. Воронка тәрізді ірі гүлдері осы қырларына бітеді. Көптеген филлокактустардың ішінде Аккерман және Гукер сортты филлокактустарды өсіруге болады.

Филлокактустарды  тұқымы  арқылы  да көбейтуге болады. Ол үшін гүлдерді қолдан тозаңдандырады.

Жемісі жұмыртқаның үлкендігіндей. Оны жеуге болады. Себуге қажетті тұқымдарды  жемістерден айырып алып, сол бойда егу керек.

Тозаңдандырғанда еске алатын  бір жайт мынадай. Филлокактус өсімдіктері    тоғыспалып  тозаңдандыруды  қажет етеді. Ол үшін әр түсті  гүлі бар  өсімдіктерді ғана бір- бірімен тозаңдандырады. Ол үшін әр түсті гүлі  бар өсімдіктерді өзара будандастыруға  болмайды. Өйткені  өзара будандастырылса жеміс байламайды.

Эпифиллюмдер .Үйде  көп  өсіріледі, мұны кейде эпифиллюм трункатум деп те атайды. Сырт пішіні филлокактустерге ұқсайды, бірақ аласа болады. Қазан − қаңтар айларында гүлдейді.

Эхинокактустер немесе кірпі кактус.  Мексикада  таралған бұл өсімдік  шарға  немесе цилиндрге ұқсас. Сабағы қырлы, қатты тікендері топтанып, қырларына өседі. Үй жағдайында  оның мынадай түрлері кездеседі: жылтыр эхинокактус, оның тікендері қайқиған, қыры жалпақ, өздері шағын болады. Висицени эхинокактусының қырына жанаса орналасқан бүртіктеріне қызыл қоңыр тікендер өседі; Грузия эхинокактусы, шар тәрізді домалақ келеді, сабағы 17-20 қырлы, тікендері сары болады; скоп эхинокактусының кішкене  бүртіктеріне ақ тікен шығады, гүлі қызғылт болады.

Алып кірпігүл

Эхинокірпігүлі (Echinokaktus) − дүние жзіндегі ең үлкен кірпігүл. Кейбіреуінің диаметрі−1,5м жетеді. Биіктігі ұзынырақ болуы мүмкін, бірақ олар негізінен шар тәріздес болады. Бұл туысты 1827 жылы Генрих Линк пен Кристофер Отта жеке туыс ретінде сипаттап жазған болатын. Оған дейін оны Мелокірпігүлі (Melocactus)туысына жатқызатын. XIX ғасырда Эхинокірпігүлі туысына 100-ге жуық түр кірсе, қазір ол жинақталып тек он шақты түрден тұрады.

Екінші атымен айтқанда barrelcactus- күбі кірпігүлі. Жасы жүз жылдан асқан күбірлердің салмағы бірнеше тоннаға жетеді.

Гигант кірпігүлдің тікенектері өте қауіпті болуы мүмкін. Табиғатта алып кірпігүлдер Техаста, Солтүстік-Шығыс Мексикада өседі. Бұл жерде осындай тікенектілерге жылқылар көп жарақаттанады екен. Осыған байланысты жергілікті халық оны «жылқыны жаралаушы» деп атап кеткен.

Эхинокірпігүлі қабырғаларға бөлінген, оның саны 30 шақты. Оларды тізіліп сары тікендері қаптайды. Сондықтан оны кейде «алтын шар» дейді. Ал «эхино» атауы кірпішешенге ұқсатып қойылған, яғни  латынша «echinus»-«кірпі» деп аударылады.

Тікенектері өте ұзын, үшкір, қатты болады. Зерттеушілер эхинокірпігүлінің осы тікенектері арқылы жел соққанда заряд пайда болады және осы зарядтар тамырға барып, құрғақ топырақтан суды жинауға көмектеседі дейді.

Бөлмеде өскен өсімдік тек үлкейгенде ғана гүлдейді. Ал олар өте ақырын өседі.

Кейбір кірпігүлдерде соның ішінде эхинокірпігүлге жұмсақ тікенекті домалақ қалпақ орналасқан. Ғалымдар оны цефалия (грекше cephalus-«бас») деп атайды. Осы қалпақтан гүлдері шығады. Бұндай қызықты зерттеушілер эволюцияда тікенектілердің гүлдейтін және ұрық беретін жеке мүше жасау қабілеті деп түсіндіреді.

Көктемнің соңында және жазда топырақ түгелдей құрғағаннан кейін су құяды. Сонымен қатар 2 аптада бір рет жеңіл суперфосфат қоспасын қосады. Қыста және көктемнің басында мүлдем суғарылмайды. Тұқымдарымен немесе үстінен өсетін өскіндерімен көбейтеді.

 Опунция

Опунция (Opuntia)- өзінің аюдың құлағына ұқсас пішінімен танымал кірпігүл. Оны ең көп таралған кірпігүлдерге жатқызады. Бұл тікенекті гүлдің туысында 200-ден астам түр бар. Атауы Еуропада ең алғаш 1754 жылғы баспаларда кездеседі. Опунция сөзі жалпы грек тілінен алынған деседі. Себебі Грецияда тікенекті өсімдіктер өсетін Lokris Opuntia деген жер бар. Отаны – Мексика, Перу, Чили елдері. Мексиканың елтаңбасында опунция белгіленген. Қазір кірпігүл Америкадан таралып, Антрактидадан басқа жер шарының барлық континенттерінде кездеседі.

Мексика халқы опунция мен кашенильдан кармин деп аталатын бояғыш зат алады. Бұл құпияны олар 1785 жылға дейін сақтаған болатын. XIX ғасырда карминді кірпігүлге бітенің кошениль деген түрін жұқартып жасаған. Бояу алу үшін осындай мақсатта оны Аустралияға апарған болатын. Бұл жерде олар ез таралып, бойы 1,5 м жететін адам баспайтын тоғайлар жасады. Оны кейін тек күйе көбелектердің көмегімен ғана жоюды қолға алды. Уақыт өте карминнің орнына жаңа синтетикалық бояғыштар келді. Оған қарамастан қазірдің өзінде Мексика және Үндістан елдерінде карминмен боялған заттарды табуға болады.

Кірпігүлдерді зерттеген ғалымның бірі – Л.Бербанк опунцияның тікені жоқ түрін шығарды. Оның негізгі мақсаты бұндай өсімдікпен малды азықтандыру болатын. Бірақ ол орындалмай қалды. Төрт түлікке бұл экзотикалық өсімдік жақпай қалды.

Опунцияны басқа кірпігүлдерден оңай ажыратуға болады. Оның «аю құлақтары» алыстан көрінеді. Жеке «құлақтары» шелпекке ұқсайды. Олар қалың, етті болғандықтан үлкен жапырақтар тәрізді. Бірақ олардың негізгі жапырақтары цилиндр тәрізді таяқтар. Оны кейбірде жас өскіншелерде ғана көруге болады және олар тез түсіп қалады. Тікенектерінің екі түрі бар. Біріншісі үлкен инелерге ұқсайды.

Екіншісі өте кішкентай, көзге көрінбейді. Оларды глохидия деп атайды. Ұсақтығына қарамастан бұндай тікенектер өте қауіпті, терігекіргеннен кейін алу қиын. Опунцияның чолла деп аталатын түрлері де бар. Чолланың ерекшелігі егер инесі теріге кірсе, ол «шелпегімен» жұлынып кетеді. Сондықтан мексикалықтар оны «секіретін кірпігүл» дейді. Ал олардың тікенегін алу мүмкін емес.

Опунцияның өмірі біткеннен кейін де инелері қауіпті, тіпті олар аяқ киімді тесіп кете алады. Табиғатта тышқандар үңгірлерін чоллалармен қоршайды. Сонда койот сияқты жыртқыштар оларды мазаламайды.

Қазақстанда оны тек үй жағдайында өсіреді. Өкінішке орай олардың көбісі гүлдемейді, бірақ ұрық беруі мүмкін. Опунция күнді жақсы көреді. Суды сирек құяды, ал қыста суғару тоқтатылады. Топырағына жапырақ үгінділері, сазбен құм қосылады. Жыл сайын топырағын ауыстырып, қайта отырғызуға болады.

Қызыл жемістері шығады. Оларды кейбір елдер тағам ретінде қолданады. Опунцияның бұндай түріне фикусиндика жатады. Оны «индиялық инжир», «тікенекті алмұрт» деп атайды. Құрғақшылық кезде басқа өсімдіктер қурағанда опунция негізгі тамаққа айналады.
Тағы рефераттар