МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе
ІІ. Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
2.1.Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау
2.2. Өндіріс қалдықтарының есебі және өндіріс жұмысшыларының еңбекақысының есебі
2.3. Үстеме шығындардың есебі және үстеме шығындарды төлеудің ставкалары
2.4. Негізі өндіріс жұмысшыларнының немесе станоктардың жұмыс уақытының цехтық жұмыс уақыты
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиетер
Кіріспе
Шикізаттар мен материалдар — өнімдіі әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік – алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар , калькуляция немесе есеп объектілері бойынша «Материалдардың шығыстарын тарату» деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және «Цехтар бойынша шығындардың» ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлеріне жазылады.
Көмекші материалдар – тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдың шығыны. Бұндай көмекші материалдардың құны белгеленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді. Ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорцинальды түрде тартылады.
Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі , қосалқы және көмекші өндірістердің қалдығы бақылау жасау бойынша жеке операцияларды басқа ұйымдардың орындауы:
-технологиялық немесе өнідірістік процестерді қамтамасыз ету үшін,
өнімдерді дайындау процесіндегі пайдаланылатын көмекші матералдар
-сырттан алынған, сондай-ақ балқыту агрегаттарына арналып өзінде өндірілген, үйлерге, мартен пештеріне, металдарды жылжыту үшін, престеу немесе белгіленген технологиялық процестермен бұйымдарға байқау жүргізе мақсатындағы цехтарға және технологиялық мақсаттарға қажетті отындар;
-технологиялық мақсаттарға жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері
-технологиялық мақсаттар үшін пайдаланылатын кәсіпорынның өзінде өндірілген электрлік немесе басқа энергияның түрлері
Сатып алынған энергия шығындары, оларды белгіленген тарифпен сатып алу төлемі мен оларды тиісті орындарға жеткізу шығындарынан тұрады.
Курстық жұмыс / 22 бет
Тағы рефераттар
- Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері
- Валюталық бағам өзгерісі курстық жұмыс
- Жәңгір ханның ағартушылық қызметі
- Экспортты мемлекетік реттеудің шетелдік тәжірибесі
- Бірінші дүниежүзілік соғыс