Мазмұны
Кіріспе…..3-4
I тарау. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жалпы сипаттамасы
1.1.КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫның ТҮСІНІГІ…. 5-10
II.тарау Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктелуі.
2.1.Келтірілген залалды қалпына келтіру…..11-12
2.2.КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ..13-18
III тарау КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.
3.1.Қ.Р-ның қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілік… 19-20
3.2 КӨПТЕГЕН ПЕДАГОГТЫҢ ПІКІРІНШЕ, 10-13 ЖАСАР БАЛАНЫҢ ҚЫЛМЫСҚА БАРУЫНА ТІКЕЛЕЙ АТА-АНА СЕБЕПКЕР…21
Қорытынды….22-23
Пайдаланған әдебиеттер…. 24-25

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы кәмелетке толмағандардың  қылмыстық жауаптылығы. Мен бұл тақырыпты үш бөлімшеге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлімде-кәмелетке толмағандардың қылмыстық жазалардың сипаттамасы. Екінші бөлімінде-Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайына ж/е оның еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктелуі. Үшінші бөлімде-кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі тақырыптарын толықтай қарастырдым. Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымы жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағңытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналасып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылданнн жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім – тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсааатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отырғандығы қоғамдағы әл – ауқат деңгейінің ахуалына байланысты, сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім – тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қуатты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретініміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырап көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарыстан көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен,ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзінді ықпалан тигізетін негізгі факторларға айналып келеді. ҚР ҚҚ аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық  топқа бөлуді жастық белгілерін анықтады.Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, ол қылмыстың алдын алудың  ең басты міндеттерінің бірі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, қоғамға

қауіптілігін азайту, болашаққа жаңа көз ашу. Жалпы айтатын болсақ, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершіліктің  мақсаты қазіргі жасөспірімдерді тура жолға түсіру, кәмелетке толмағандардың қылмысын азайту, ондай қылмыстың алдын алу, түсінігін беру болып табылады.

Кәмелетке  толмағандардың қылмыстылығы ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы жас уақытында қылмыс жасап отырған тұлғалар, кейінен, әдетте,т үзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстың негізгі резервін құрады. Кез келген қоғамның  ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау  және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтырдың бірі болып табылады. Алайда соңғы жылдары объективтік түрде келесіні мойындау қажет: кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде ас қатыгездікпен олардың тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттердің санының өсуі куә болады. Кәмлетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілірдің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста  М.Нарикбаев, К.Бегалиев, Е.Қайыржанов, Д.Чукмаитов, В.Кубрявцев, В.Эминов, В.Щепельков сияқты белді ғалымдардың еңбектері қолданылды. Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасасуға талпыныс бар. Кәмелетке толмағандар қылмыстылымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның тарихи аспектісіне көңіл бөлінеді.

 Курстық жұмыс / 25 бет
Тағы рефераттар