Туристік қызмет – туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызмет.

Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтің рсы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну, және өткізу жөніндегі қызметі.

Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу (халыққа сату) жөніндегі қызметі.

Тур – туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялық қызметтер, сонымен қатар гид – аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтер.

Турист – жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, кәсіби – іскерлік, спорттық, діни және өзге мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Ішкі туризм: келуші – резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагіндегі қызметі.

Келу туризмі: келуші – резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі, сол ел тұрғындары емес адамдардың, қандайда бір ел бойынша саяхат жасауы. Қазақстан Республикасынан басқа, кез – келген мемлекет олардың тұрақты мекені болатын, кез – келген жеке тұлғалар резидент емес болып табылады.

Шығу туризмі: келуші – резиденттің осы ел экономикасының аумағы шагінен тыс қызметі, кез – келген мемлекет тұрғынының басқа елге саяхатқа баруы. Азаматтығы мен ұлтына тәуелсіз Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан жеке тұлғалар Қазақстан резиденті болып табылады.

Ел ішіндегі туризм: келуші – резидент пен келуші – резидент еместің соы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі.

Ұлттық туризм: келуші – резидент пен келуші – резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі және шегінен тыс қызметі.

Халықаралық туризм, келу туризмінен және шығу туризмінен тұрады.

Резидент – [латынша resident – орнында қалушы]- белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай – ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен мынандай түрлерге бөлінеді: 1) басталған немесе аяқталған салық жылындағы кез – келген тізбекті 12 – айлық кезеңде 183 күн бойында және одан да көп уақыт бойында республикада жүоген немесе шетелде республиканың мемлекеттік қызметін атқарып жүоген жеке тұлға. Жеке тұлғаның республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы ғана бұл тұлға резидент болса, республикада болған соңғы күннен кейінгі кезең үшін ол резидент ретінде қаралады. 2) Қазақстан заңдары бойынша құрылған заңды тұлға немесе оның Қазақстандағы басқару органдары орналасқан мекен.

Резидент емес – заңды ұйым немесе жеке адам, оның тұрақты орны басқа елде болды; резиденттер емес үшін салық салу және реттеу тәртібі резиденттер үшін қолданылатын тәртіптен өзгеше болады, ол көбінсе мемлетаралық келісіммен айқындалады.

1993 жылдан бастап, қызмет көрсетілген резидент пен резидент еместердің жалпы санына, жолдама мен турдың құңын төлеген туристердің саны жатады.

Рекреация – адамның демалу арқылы дене күші мен рухани күшін қайта қалпына келтіріп, жетілдіруі. Рекреациялық ресурстарға оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын қоршаған ортаның мына компаненттері жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі, және жер асты суы, соның ішінде минералдысы, жағажай, лайлы және шымтезекті батпақ, тұз және т.с.с.

Аумақтың емдік – сауықтыру әлуетін айқындайтын табиғи – климаттық факторлардан басқа, рекреаациялық ресурстарға туристік әлуетті айқындау көзқарасы жағынан зор маңызы бар тарихи – мәдени обьектілер: ертедегі храмдар, ұмытылмас орындар, сәулет жауһарлары, мұражайлар мен с.с жатады.

Қоғамдық қызмет түрінің мақсаты заң тарапынан тиым салынбайтын қызметтен табыс алу болып табылады.

Қоғамдық қызмет түрі болып:

—         Қазақстан Республикасында шетел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық негізде шетел туристеріне сапарларды сату, туризмнің жаңа бағыттарын құру және енгізу, ТМД елдері мен 3 – ші әлем елдерінің азаматтарына шетел сапарларын ұйымдастыру және сату;

—         Гидтер – тілмаш (аудармашы) қызметін ұйымдастыру мен ұсыну, кездесу өткізуді қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлы – көріністерді және басқа да шараларды, сонымен қатар, транспорттың кез – келген түріде транзитті туристер мен қоса, туристерге транспорттық және басқа да қызметтермен қамтамасыз ету;

—         Брондау, транспорт және қонақ үйлер және басқа да қызмет түрлерін келісім шарт негізінде жүзеге асыру, қызметке келісілген және туристермен төленген Қазақстан Республикасының территориясында ұсынуларын қамтамасыз ету;

—         Виза мен төлқұжаттарын рәсімдеу;

—         Мемлекет ішінде және оның сыртында делдалдық қызмет көрсету;

—         Шетел және шекарадан тыс туризмнің экономикалық тиімділігінің аз шығын шығару арқылы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;

—         Ғылыми – техникалық, лизингтік, жарнамалық, патентті – лицензиялық, ақпараттық және өкілдік қызмет көрсету;

—         Қоғамдық тамақтандыру сферасында қызмет ету (мейрамхана, кафе, асханаларды қолдану);

—         Ойын – сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар,  концерттік қызмет, кафе, және асханалар);

Сонымен қатар, қоғам Қазақстан Респуьликасының заңдылығы бойынша тиым салыбайтын кез –келген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.

Лицензиялауды қажет ететін қызметтің барлық түрлері, сәйкес келетін лицензияны алғаннан кейін қоғам арқылы жүзеге асырылады.

Туристік фирманың жұмысы. Қандайда бір турда сұраныс болса, сло клиентке оның бағасы, тұру шарттары, сол елдің ерекшеліктері, қонақ үйлер жайлы ақпаратпен қамтамсыз етеді және пайдалы кеңестер береді, буклеттер мен жарнамалық проспектілерді ұсынады.

Бұл жұмысты бағытына қарай сату жөніндегі менеджер немесе директор атқарады, сонымен қатар туристерге қызметті ұсыну ережелерімен таныстырады.

Содан кейін клиенттің көзіңше орынның бар – жоғы жайлы ақпарат алу үшін тіур операторға тапсырыс жасалады. Егер орын бар болған жағдайда клиент таңдаған сапарының (саяхатының) құнының 50% немесе толығымен төлеуі тиіс.

Директор немесе менджер, өздерінің бағыттары бойынша оператоға брондау тапсырысын жібереді және 3 күндік мерзімде турды бекітеді.

Тур құның операторға турды бекіткеннен кейін жібереді, тур құны комиссия % — ын қоса, прайст – бетте көрсетілген баға бойынша төлейді.

Содан кейін тұру, авиабилеттер ( таңдалған турға байланысты темір жол билеттері), медициналық сақтандыру ваучері бар коверт жіберіледі. Конвертті сондай – ақ тура кетер кезде ғана ашуға болады. Бұл жағдайда тур оператордың өкілі белгіленген уақытымен жерге келеді (мысалы, Алматы халықаралық әуежайынан ұшу алдында, тур оператор фирмасының өкілдерінің бәрі туристерді табло арқылы қарсалады.

Сонымен қатар, жолдама беріледі, ол туристік фирма мен клиент арасында келісім шарт жасалады.

Ереже бойынша тапсырысты алдын – ала жасайды, бірақ саяхаттың алдыңда клиентке қажет болса, иструктаж жасалады (кедендік рәсімдеулер, визалық рәсімдеулер), арнайы әдебиетті алуды ұсынады (жергілікті карта, жол бағдары, сөздік және тағы басқа).

Төменгі кестеден 2000 – 2005 жылдардағы туристік қызметпен айналысатан кәспорындар мен ұйымдардың саның көре аламыз, және бұл кестеде жылдан жылға туристік қызметпен айналысатын туристік ұйымдар мен кәсіпорындардың көбейгенні байқалады.

2-Кесте Туристік қызметпен айналысатын, кәіпорындармен ұйымдардың саны.

Жылдар

Кәсіпорындар саны

2000

352

2001

450

2002

454

2003

494

2004

500

2005

551

Диаграмма 1. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың саны,2006ж

Жоғарыдағы диаграммада 2006 жылғы туристік фирмалардың саны көрсетілген. Алматы қаласында турагенттік фирмалардың басым 338 (31%), ал туроператорлық қызмет 194 (18%), туристік қызмет 18 (2%) және барлығы 553 (49%) екендігін көреміз.

Туризм – дем алыспен, бос уақытпен, сондай-ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесуі. Тікелей байланысты жеке жәнеұжымдық толық жетілдірудің жолыретінде жоспарлануы, енгізілуі тиіс қызмет.

Біз туризм туралы айтқанда, туыстарымен, достарымен арым-қатынас жасайтын демалыстарын жақсы өткізетін адамдарды айтамыз. Бос уақытта олар спорттын әртүрлі түрімен айналысуға, атпен қыдыруға, серуендеуге, оқуға, әңгімелесуге және сонымен қатар қоршаған ортамен дем алуға, мүмкіндік алады. Туризм бойынша анықтамаға адамның түрлі сьездерге, конференцияларға қатысуы және басқа да іскерлік кәсіби қызметке қатысуын қосуға болады. Осыған байланысты “Kami travel” туристік фирмасының алға қойған мақсаттары өте көп. Бірақ бұл туристік фирманың негізгі мақсаттары болып:

—         туризімді дамыту;

—         туристерді барынша, мүмкіндігінше Қазақстан Республикасына тарту, шақыру;

—         ҚР мәдениетін дамыту;

—         туристік нарыққа толық шығу;

—          қаржының тұрақтылығына қол жеткізу;

—         кәсіпорынды кеңейту, шығарылатын туристік өнімдер көлемін өсіру;

—         бәсекелестік орта туралы маркетингті ақппараттарды жинау және талдау, тұтыну және талдау, тұтыну тауарлардың туристік нарықтағы сиымдылығы;

—         баға билігіндегі бірегей және серпімді жүйесін құрау;

—         жаңа туристік қызмет түрін қосу,

—         туризімдегі қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру, ол қызметтің пайдалаылығына, нарықты алатын орны мен  пайданы ҚР ешбір заңдарына қайшы келмей арттыру.

Біздің жеке тәжірибемізде көріп жүргендей көп туристік фирмалар оның ішінде даму үрдісіндегілер де бастапқыда басқару жүйесінде және қажетті қаржылық менеджіменті мен бақылаудың болмауына, туризімдегі бизнесті жеткілікті түрде ұйымдастырушылардың себеінен қаржылық тығырысқа тіркеледі. Сонымен қатар мұндай мәселелер көбінесе субъективтік әсерлерде кейін де басталыды. Мысалы, сұраныстың төмендеуі, салық заңдылықтарының кенеттен дұрыс іске аспауы. Сондықтан да, туристік фирманы үнемі пайдалылықты басқару  да бизнесті ұйымдастырып отыру керек.

Өткен жылдағы (2006 жылғы) статистикалық көрсеткішке тоқталатын болсақ, онда туристік қызметпен айналысатын ұйымдардың және жұмысшылардың саны төмендегідей (кесте3).

3-Кесте. Туристік қызметпен айналысатын, кәсіпорындар мен ұйымдардың және жұмысшылардың саны

 

 

Кәсіпорындар саны, бірлік

Есептік кезеңдегі жұмысшылардың орташа саны

барлығы

Соның ішіндегі туристік қызмет түрі

барлығы

Соның ішінде

туроператорлық

турагенттік

экскурсиялық

басқалары

әйелдер

ерлер

Алматы қаласы

553

194

338

3

18

2565

1898

667

Алмалы ауданы

176

61

109

6

658

491

167

Әуезов ауданы

51

14

33

1

3

185

134

51

Бостандық ауданы

106

35

69

2

562

408

154

Жетісу ауданы

87

31

50

2

4

365

257

108

Медеу ауданы

114

47

65

2

713

549

164

Түркісіб ауданы

19

6

12

1

82

59

23

 

Барлық тур фирмаларды басқарылуына осылар белгілі;

—         ақппараттың тым артып кетіп, оның ішінде қажеттілердің жоқ болуы;

—         ақппараттың келіспей қалмағаны, яғни әр бөлімшелердің ұсынған мәліметтері;

—         стратегиялық жоспарлаудың пайдасыздығы мен жоқтығы;

—         қаржы ағымы бақылауға көнуі өте қиын, әсіресе жоспарлауы;

—         баға белдгілеідің ойланбаған және серпімді саясаты, нарықты және бәсеке ортасын өз уақытында өзгерту.

Осыған байланысты қажет тиімді менеджмент бизнес- үрдісін оң ұйымдастыруда. Басқару сапасын арттыру үшін туристік фирманы тиімді ұйымдастыру және туристік фирманың қаржылық құрылымын құру қажет. Жоспарлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, ақша қозғалысын бақылап, талдау керек.

Жоғарыда айтылған барлық мәселелерді ескере отырып, Ж.Ш.С. “Kami travel”  тур фирмасында тиімді басқару жүйесі тұрақты негізде жүріп отырады.

Ж.Ш.С. “Kami travel” туристік фирмасының атқаратын қызметтері;

—         туристік операторлық қызмет. Бұл қызметтің түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаның туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет;

—         тур агенттік қызмет. Қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өкізу (халыққа сату қызметі);

—         тур. Туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені;

—         экскурсиялық қызмет.

—         Гид аудармалы қызметі- кәсіби мамандандырылған жеке тұлғаның туристерді белгілі бір елде уақытша болуына байланысты туристік ресурстармен таныстыру қызметі.

“Kami travel” тур фирмасының негізгі жұмысының бірі болып виза ашу процессімен, авиа билеттерді брондау болып табылады.

Виза ашу процессі – бұл әр мемлекетте, әр ұлтқа әр түрлі құжаттар мен әр түрлі құрылымдар болады. Қазақстан Республикасында туристер бір ай болатын болса, онда виза ашу міндетті емес, ал одан көп уақытқа болатын болса онда міндетті түрде виза ашу керек. Виза үш айға, алты айға, тоғыз айға одан да ұзағырақ берілуі мүмкін. Ол туристің қалауы бойынша. Визаны ашу үшін біз туристің құратын және өтінішін шетелдік істер министірлігіне (МИД) тапсырамыз, ол жерде сол турист жайлы, не мақсатпен келетіні туралы, қанша уақытқа келетіні туралы, Қазақстан Республикасына заңына сәйкес барлығы қарастырылып, соңында шешім қабылданады.

Авиа билеттерді брондау — “Kami travel” туристік фирмасы Air Astana компаниясы мен жұмыс істейді. Егер тур фирмаға билетті брондау керек болса, ол телефон шалып брондай алады және Air Astana осы жұмыс үшін “Kami travel” тур фирмасына 15% комиссионный береді. Сонымен қатар туристерді қабылдау, орналастыру, почта арқылы ұсыныс жіберу, ұсыныс қабылдау қызметтерін атқарады.

          Туритерге қызмет көрсету бағдарламасы.

Қызмет көрсету бағдарламасы – бұл негізгі және қосымша қызметтердің уақытылы (мерзім, сағат, күн) көрсетілу жоспары. Бұл туритердің қызығушылығынан және саяхат мақсатынан туындайды.

Егер, тур операторлар танымдылық турларды ұсынатын болса, онда бағдарлама әртүрлі мерзімде болуы керек және мәдени, табиғи, ғылыми жағынан жақсы, тиімді ұйымдастырылуы керек.

Жоғарыдағы диаграммада 2006 жылғы Алматы қаласындағы туристердің болу ұзақтығы, жалпы алғанда – резидент еместердің  саны 164471,ТМД-дан тыс 114452, ТМД 50019, және резиденттер 292660 көрсетілген.

Мысалы, Алматы қаласындағы 10 күндік (10 түндік) туристерді қабылдау бағдарламасы әдетте төмендегідей болады:

1 – ші күн

15.00 – туристердің келуі, кездесуі, орналасуы, демалуы.

18.00 – 20.00 мейрамханадағы кешкі ас (туристермен танысу кеші)

 

2 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – Оңтүстік Астанамен экскурсия

13.00 – 14.00 – түскі ас

14.00 – Қазақ Ұлттық аспаптар музейіне экскурсия

18.00 – 19.00 – кешкі ас

20.00 – ойын –сауық саябақтарында болу

 

3 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – табиғи және архитектуралық экскусия

13.00 – 14.00 – түскі ас

14.00 – 17.00 – «Атакент» орталығына экскурсия

18.00 – 21.00 – «Түнгі Алматы» экскурсиясы немесе кешкі қаладағы қыдырыс

 

4 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – 14.00 – тарихи – этнографиялық экскурсия «Бет – Ашар»

13.00 – 14.00 қымызханада немесе қазақтың ұлттық мейрамханасындағы түскі ас

16.30 – 17.30 – (немесе 21.00 – 22.00) – кешкі ас

18.00 – Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында болу

 

5 – ші күн

8.00 – 9.00 – таңғы ас

9.00 – бір күндік тауға шығу немесе жаздың күні Қапшағай аквапаркіне бару

17.00 – 17.30 – кешкі ас

18.00 драма тетрында болу

 

6 – шы күн

8.00 – 9.00 – таңғы ас

9.00 – «Тамгалы тас» тарихи экскурсия

13.00 – 14.00 – жеңіл түскі ас

17.00 – 18.00 Мемлекеттік орталық тарихи мемлекеттік маржаймен экскурсияның аяқталуы

18.00 – кешкі ас

19.00 – концертте немесе би кешіне бару

 

7 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – 13.00 – қаланың ұлттық мәдени орталықтарында болу

13.00 – 14.00 – ұйғыр мейрамханасындағы түскі ас

14.30 – 17.00 – Қастеев атындағы өнер мұражайында болу

18.00 – 21.00 –словян мейрамханасындағы кешкі ас

 

8 – ші күн

9.00 – 10.00 – таңғы ас

10.00 – саябақтарда қыдыру

13.00 – 14.00 –түскі ас

14.00 – 18.00 – бос уақыт

18.00 – 22.00 – корей мейрамханасындағы кешкі ас

9 –шы күн

7.00 – 19.00 – Бішкекке бір күндік экскурсия

19.00 – 20.00 – кешкі ас

20.00 – 21.00 – емдік – сауықтыру комплексі «Арасан»

10 – шы күн

8.00 – 8.30 – таңғы ас

8.30 – 19.30 – табиғи экскурсия «Түрген сарқырамасы»

13.00 – 14.00 – түскі ас

20.00 – 22.00 – қоштасу кешкі асы

23.00 – туристердің кетуі

Бұл бағдарлама әртүрлі экскурсиялаларды қалайтын адамдарға арналған. Туристердің кетуіне бір тәулік қалғанда туристік фирма топтың қызмет көтсетілген сомма актін жазады. Әдетте, бұл бухгалтердің жұмысы. Бұл үшін келесілер қажет болады:

—         жатақханада немесе қонақүйде тұрған бағасының квитанциясы,

—          тамақтану пунктінің квитанциясы;

—         Тағы басқа да жиналған квитанциялар.

4-Кесте. Қызмет көрсетілген туристер

Жылдар

барлығы

Соның ішінде

ТМД

Қалған әлем мемлекеттері

Резиденттер емес

2000 20759 1653 19106
2001 1153* 375 778
2002 27392 531 26861
2003 41705 1627 40078
2004 24281 2504 21777
2005 28746 4181 24565

Резиденттер

2000 40977 5525 35452
2001 8955* 2868 6087
2002 37464 6568 30896
2003 42240 5000 37240
2004 53826 11748 42078
2005 95251 16994 78257

* әдіснама есебін өзгерту арқасында азаю

Шетелдерге шығатын Қазақсатн Республикасының азаматтары үшін еске сақтау:

Қазақстан Республликасының ШІМ (МИД) консулдық қызмет департаменті Қазақстан азаматтарына – шетелге шығу кезінде құжаттарды рәсімдеу мен шетелде келесі ережелерді ұстануға ұсынады:

1. Төлқұжатты алу кезінде аты – жөні, туған жылы мен жері, балалар жайлы мәліметтер (егер де олар сізбен жүрсе), төлқұжаттың жарамдылық мерзімінің (латын транскрициясын қоса) дұрыс жазылғандығына көз жеткізу.

2.  Егер шет мемлекет территориясына кіруге визалар қажет болатын болса, оны дипломатиялық өкілеттіліктен немесе Қазақстан Республикасындағы сәйкес келетін мемлекеттің консулдық мекемесінен жеке не болмаса өзін жақсы ұсынған туристік агенттік арқылы визаны алуға болады.

3.  Шетел мемлекетінің визасын алғаннан кейін, бұндағы мәліметтердің дұрыс жазылғандығын тексеріңіз: төлқұжатыныздың нөмірін, аты – жөнінізді, туған күнінізді, виза категориясын, шетел мемлекетіне не мақсатпен баратынызды, визаның жарамдылық мерзімін.

Визадағы жіберілген қателіктер, сіздің кінәніз болмаса да, бұл қателер шетелге кіру және сол жерде болған мерзімде жағымсыз әсерін тигізеді.

4.  Сапар кезінде төлқұжаттың, визаның және де шақыру қағазының (егер де оның берілуіне себеп болса) көшірмесін өзімен бірге алып жүргенініз дұрыс.

5.  Кейбір мемлекеттердің заңдылығында (Шенген келісімдей мемлекеттер, Израиль, Финляндия, Эстония) сол мемлекеттерге кіру үшін медициналық сақтандыру полисін көрсеті міндетті талаптары енгізілген.

Сонымен қатар сол территорияға кіру үшін, егулер жасалғаны туралы сертификатты керек ететін елдер тобы бар. Сіз барғыныз келетін мемлекеттің эпидемиялық жағдайымен ертерек танысуыңыз керек.

6.  Шетел мемлекетінің шекарасына өткеннен бастап, сол елдің заңына бағынуыныз және қатаң назар аударуынызды, жергілікті жердің әсіресе, Азия және Африка мемлекеттерінде, салт – дәстірін құрметтеу қажет екеніне назар аударуынызды жөн көреміз.

7.  Сізді қандай да себептерге байланыссыз ұстап қалса, не болмаса тұтқынға алған жағдайда, Сіздің сол мемлекеттегі Қазақстан Республикасының консулдық мәселесінің қызметкермен кездесуіңіз үшін құқыңыз бар екндігін есте сақтаңыз.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері немесе консулдық мекемелері жоқ елдерде, Сіз Ресей федерациясының консулдық мекемелерінен көмек сұрауыңызға болады.

8.  Шетелде білім алу, жұмыс істеу немесе сол жерде тұрақты қоныстану мақсатымен келген азаматтар тұрақты жеріңізге жақын Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері немесе консулдық мекемелерінде тіркелу қажет.

9.  Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы екендігін куәландыратын төлқұжат, төл құжаттың берілген күнінен бастап, жарамдалық мерзімі 5 жыл екенін есінізгі саламыз.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдерінде немесе консулдық мекемелерінде жаңа төлқұжатты 1 айдан аз емес мерзімде рәсімдеу жүргізіледі.

10.  Шетелге жұмыс істеуге бара жатқан азаматтар үшін, жұмысқа шақырып отырған шетел компаниялар мен делдалдық фирмалардың сенімді екеніне көз жеткізуіңізді сұраймыз. Қазақстан азаматтарының жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығуын рәсімдеумен айналысатын, Қазақстан республикасының барлық компанияларының арнай сәйкес рұқсат қағазлары болуы тиіс.

11.  Халықаралық эксперт мәліметтері бойынша, әр жыл сайын Орта және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттерінің мыңдаған азаматтры, әртүрлі мақсаттарымен шетелге шығу нәтижесінде алданып, не болмаса жезөкшелікпен айналысуға, немесе басқа да формадағы қолданысқа күштеп жұмысқа салады.

Қазақстандағы туризімнің тарихи ағылшарттары біздің эрамызға дейінгі ІІІ мыңжылдыта қалыптаа бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Кеңес Одағының тұсында Қазақстандағы туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықта қатаң бақыланып, тәріптеліп отырды. Бір қатар сәулет,архиологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнікті жерлерінің тарихи мәнініе іс-жүзінде жарнама жасалынбады және сұраны болмады. Туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесінің элеметтерінің бірі болып саналады және оның басым рольіне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылады.

Қазақстан 1991 жылы желтоқсанның 16 – да өз тәуелсіздігін алып, Ресейдің бодандық құрсауынан шыққаннан кейін елімізде туристік қызметті реттеу мен халқымыздың тарихи және мәдени мұраларын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Бүгіні күні біздің мемлекетімізде туризімді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-ХІІ Заңмен, Қазақстан Республикасы Презитентінің “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек Жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфроқұрылымы дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфроқұрылым жасау” Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998жылғы 27 ақпандағы №3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.

Бұл заң қаулы-жырлықтар Тәуелсіздіктің алғашық жылдарында қабылданғандықтан негізіне оларда алдымен Қазақстандағы ішкі туризімді дамыту мәселелері, сырттан туристердің өзіне еліктіретін еліміздің тарихи-мәдени мұраларын жаңғыртып, қалпына келтіру жолдары, Ұлы Жбек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігін қайта жандандыру мәселелері қарастырылған.

Олардан кейінгі нақты іс шаралар белгіленген құжат Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 29- делтоқсандағы “Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы” №1947 Қаулысы (оған 2001 жылғы 24 мамырдағы №708, 2001 жылғы 26 қарашадағы №15-14 қаулылары мен өзгертулер және толықтырулы енгізілген). Осы қаулыны толықырақ қарастыралық.

Ел экономикасының басым секторы ретінде туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шараларын қамтамасыз ету, туриз саласындағы шағын кәсіпкерлік мақсатында қазақстан Республикасы үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Респуликасының сыртқы істер министірлігі:

Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігімен, Ішкі істер министірлігімен,Мемлекеттік кіріс министірлігімен, Туризм және спорт жөніндегі агенттігімен, ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, экономикалық және саяси жағынан тұрақты елдерден келетін туристерге виза ресімдерін оңайландыру,  оның ішінде туристік визаларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту жөніндегі және кедендк рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар қабылдасын, Қазақстан Республикасын Қаржы министірілігімен бірлесіп, 2001 жылғы 1 наурызына дейін Қазақстан Респубикасының туристік визасының құнын төмендету туралы ұсыныстар енгізссін, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат әне қоғамдық келісім министірлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агентігінің ұсынысы бойынша мерей тойларды, тарихи атаулы күндерді дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шараларға халықаралық туристік ұйымдардың, елдің туристік жұртшылығының және ткризм жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың қатысуын көздесін.

2.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі:

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі агентігімен бірлесіп, Қазақстан республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімі бойынша шетелдік ткристерді қабылдау үшін тиісті жағдайы бар және шетелдік азаматтардың төлқұжатын тіркеу үшін техникалық жарақтандырылған қонақ үйлердің тізбесін анықтасын және оларға шетелдік туристерді тіркеу құқығын беру туралы мәселені қарастырсын;

Қазақстан Республикасының Үлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Туризм және спотр жөніндегі агентігімен және Қазақстан Республикасымен Төтенше жағдайлар жөніндегі агентігімен келісе отырып, Қазақстан аумағында туристік бағыттар бойынша туристік авокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз ететін арнайы рұқсаттама берудің мүмкіндігін зерделесін.

3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен халықаралық туристік іс-шараларға, оның ішінде халықаралық көрмелерге және туристік жәркеңкелерге туристік ұйымдар өкілдерінің қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізсін.

4. 2001 жылғы 24- мамырдағы №708қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды.

5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министірлігі:

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, басқа да мүделлі ведостваларымен бірігіп шетелдік туристер келетін және шығатын жерлерде кешенді сервистік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестікті қорғау және шағым бизнесті қолдау жөніндегі агентігімен бірлесіп, ішкі және халықаралық рейтер мен бағыттарға туристік топтар үшін көлік қызметінің қолданып жүрген тарифтеріне шегерімдер қолдану мүмкіндігін қарастырсын.

6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі Қақақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарында туризмді экономиканың басым секторы ретінде насихаттауды қамтамасыз ету.

7. Қазақстан Республикасының Табиғм ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министірлігі:

2001 жылдың 31 қаңтарына дейін ұлттық табиғи саябақтардағы туристік бағыттардың сызбаларын Қазақстан Республикасының Туризм және спотр жөніндегі агентігімен келіссін;

мүделі министіріліктері мен және ведомстволарымен бірлесіп, туристік ұйымдар үшін шетелдік туристерге саятшылық пен балық аулуды жүргізуге қолайлы бағалар бойынша лицензиялар квотасын белгілесін.

8. 2001 жылғы 26 — қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1514 қаулысымен 8 тармақ алынып тасталды.

9. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министірлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті туризм объетілеріне тікелей инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты жүргізсін;

10. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агентігі Қазақстан Республикасының Туриз және спорт жөніндегі агентігімен және де басқа мүделі ұйымдар мен бірлесіп, халықаралық тәжірибеге сәйкес туристік саланы статистикасын жетілдіру жөнінде практикалық шараларды қабылдасын;

11. Стандарттау, метрология және сертификаттар жөніндегі комитеті белігіленген тәртіппен туристік бағыттарды міндетті сертификатауға жататын қызмет көрсетулер номенклатурасына енгізу туралы ұсыныс енгізсін.

12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаырының әкімдері шетелдік туристерді қабылдау мен оларға қызмет көрсеті және ішкі туризмді ұйымдастыру жөніндегі туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді, оларға пайданылмай тұрған демалыс үйлерін, балалар және жастар лагерлерін, пансионаттар мен басқа үй-жайларды туристік мақсаттарға пайдалануы үшін белгіленген тәрттіппен ұзақ мерзімді жалға беру жөніндегі шараларды қоса алғанда, қолдау шараларын қабылдасын, бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың шарттық қатынастарды мерзімінен бұрын бұзған жағдайда олардың кәсіпкерлерге шығындарды өтеуі жөніндегі жауапкершілігі көзделетін болсын.

Келесі заңдық – құқықтық құжатнама-бұл Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13-маусымдағы “ Қазақстан Республикасындағы ”туристік қызмет туралы”№  211-II Заңы (2002 жылғы 22-ақпандағы № 296-II: 2003 ; 2003 жылғы 4-желтоқсандағы № 503-II; 2004 жылғы 20-желтоқсандағы № 13-III Заңдарымен өзгертулер енгізілген). Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының бірі ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздерін белгілейді. Бүл Заң негізінен 29 баптан құралады. Әрбір бапқа қысқаша сипаттама беріп өтелік.

1–бапта туризмдегі негізгі ұғымдар (турист,экскурсант,жолдама және тағы басқа, барлығы 23 ұғым)көрсетіліп,нақты анықтамалары берілген.

2–бапта Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңдарының Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделетіндігі және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік- құқықтық актілерінен тұратындығы және халықаралық шарттағы жағдайлары көрсетілген.

3–бапта туристік қызметтің субъектілері мен объектілері анықталған.

4–бапта туристік индустрия және ондағы қызмет көрсету түрлері жайлы жазылған.

5–бапта туристік ресурстар, оларды сыныптау мен бағалау, қорғалу режимдері, қалпына келтіру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады делінген.

6–бапта туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлері белгіленген.

7–бапта туристік индустриядағы көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты анықталған.

8–бапта туристік қызметті мемлекеттік реттеудің қағидаттары, ал, 9-бапта оның мақсаттары, басым бағыттары және тәсілдері айқындалған.

10–бапта туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіреті көрсетілген және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №13 –ІІІ Заңымен осы баптың бірінші тармағының бірінші және жетінші тармақшалары алынып тасталған.

11–бапта уәкілетті органдардың құзіреті жайлы мәлімет берілген және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №13-ІІІ  заңмен осы баптың төртінші, он бірінші және он үшінші тармақшалары алынып тасталған.

12–бапта облыстық (Республикалық маңызы бар қалалық, Астаналық) атқарушы органдардың құзіреті көрсетілген және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №13-ІІІ Заңымен осы баптың тоғызыншы, он бірінші, он екінші тармақшалары алынып тасталған.

13–бапта туризм жөніндегі кеңес құрылымы, қызметтері және оның ережелерінің бекітілуі көрсетілген.

14–бапта туристік ақпарат орталығы жайлы жазылған.

15–бапта туристік қызметті лицензиялау, лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру негіздері көрсетілген.

16–бапта туристік қызмет саласындағы сертификаттау мен стандарттау мәселерері айқындалған.

17–бапта туристік қызмет көрсету шартының жағдайлары белгіленген.

18–бапта залалар мен моральдық зиянды өтеу, туристік қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары жайлы көрсетілген.

19–бапта туристік ұйымдардың құқықтары, лицензиялану тіртіптері жазылған.

20-бапта туристік индустрия ұйымдарының бірлестіктері, 21- бапта туристердің бірлестіктері көрсетілген.

22–бапта туристік қызмет сласындағы мамандарды кәсіптік даярлау тәртіптері жазылған.

23–бапта гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсоводтар көрсетілген.

24–баптан 27-бапқа дейін (24,25,26,27) туристің құқықтары мен міндеттері, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері анықталған.

28–бапта туристік қызмет туралы заңдарды бұзған жағдайда қандай жауап кершілікке тартылатындығы көрсетілген.

Ал 29–бапта “Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзім ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті” делінген.

Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту мақсатында қабылданған келесі заңдық-құқықтық құжат бұл Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі №12-13 қаулысымен бекітілген “Туристік қызметті лицензиялау ережесі”. Осы ереже Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы “Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 масымдағы Заңына,”Лицензиялау туралы”  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңына, өзге де нормативтік-құқықтық келісімдерге сәйкес әзерленген және уәкілетті органның-лицензиярдың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсияларда, қызметтерді және туризм нұсқаушысы мен қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді. Қазақстан Республикасының заңнмасымен және осы Ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі. Берілген лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Ережеде лицензия берудің тәртібі мен шарттары; бірліктік талаптары; лицензия тоқтату, қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру, месепке алу және ақылау туралы көсетілген.

Келесі құжат бұл Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2004 жылғы 12-науырыздағы №06-2-2/89 бұйрығымен бекітілген “Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрларды әр түрлі санаттарын даярлау (спорттық туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесі ”. Осы Ереже “ Қазақстан Республикасындағы турист қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “ Қазақстан Республикасының ” Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің мәселелері” 1999 жылғы 19 қарашадағы №1755 қаулысына сәйкес әзірленген және мұнда туристік ұйымдар қызметкелерінің біліктілігін арттыру, аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әр түрлі санаттарын дайындау тәртіптері көрсетілген.

5-Кесте. Қазақстан азаматтары баратын негізгі мемлекеттер (қорытынды пайызбен)

Мемлекеттер

2000 жыл 2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл
Түркия 23,2 11,6 12,0 17,0 16,7 24,5
Қырғызстан 11,7 30,7 16,7 9,4 15,0 1,7
БАЭ 7,4 14,8 5,0 6,4 10,0 15,8
Қытай 24,0 2,8 19,7 25,7 17,3 13,5
Ресей 1,7 1,2 0,8 2,2 6,1 12,6
Германия 16,9 13,8 24,6 13,4 8,7 6,7
Франция 1,3 4,3 2,8 2,5 1,9 1,6
Египет 0,1 0,1 1,7 1,2 2,2 3,2
Өзбекстан 0,0 0,1 0,0 0,1 0,4 3,2
Тайланд 2,6 4,5 2,9 3,4 4,3 2,1
Ұлыбритания 0,44 1,5 1,2 1,0 1,6 2,8
Басқалары 10,67 14,6 12,6 17,7 15,8 12,5

Жоғарыда көрсетілген кестеде Қазақстан Республикасының азаматтарының  қай мемлекеттерге баратыны көсетілген. Сонын ішінде 2005 жылы статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстан азаматтары көп барған мемлекет болып Түркия — 24,5%; БАЭ — 15,8%; Қытай — 13,5% табылды.

Ал келесі кестеде Қазақстан Республикасына 2005 жылы келген негізгі мемлекеттер – басқалары — 29,6% (төмендегі көрсетілген мемлекеттерден басқа мемлекеттер); Қытай — 17,6%; Германия —  12,3% екені көрсетілген.

6-Кесте. Қазақстанға қонаққа келетін негізгі мемлекеттер (қорытынды пайызбен)

Мемлекеттер

2000 жыл 2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл
Қытай 0,7 0,3 7,5 7,8 15,9 17,6
Германия 51,9 8,9 31,1 49,5 17,0 12,3
Ресей 4,8 18,6 1,5 2,0 6,5 10,8
АҚШ 7,7 8,5 5,3 6,5 8,5 6,6
Ұлыбритания 7,8 3,4 1,5 4,1 5,7 5,8
Италия 1,5 2,2 0,8 2,2 3,6 4,0
Түркия 0,5 0,8 0,6 2,3 3,6 3,6
Иран 0,6 0,4 1,7 1,1 1,0 0,6
Израиль 0,7 1,0 3,2 1,8 3,1 2,2
Жапония 3,2 6,9 0,7 1,3 2,5 3,5
Литва 1,0 0,2 2,6 2,0 4,7 3,4
басқалары 19,6 48,8 43,5 19,4 27,9 29,6

Тағы рефераттар