1979 жылы ашылған «Қарашығанақ» кен орны әлемдегі ең ірі мұнайгаз конденсат кен орындарының бірі болып табылады. Кен орын Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километр аумақты алып жатыр. Солтүстігінде — Орынбор, солтүстік-батысында — Саратов, батысында — Волгоград және Астрахан сияқты Ресей Федерациясының облыстарымен, оңтүстігінде — Атырау және шығысында — Ақтөбе сияқты Қазақстан Республикасының облыстарымен шектеседі.
Кен орын Батыс Қазақстан облысында, орталығы Ақсай қаласы болып табылатын Бөрлі ауданына қарасты территорияда орналасқан. Ең жақын елді мекендер Тұнғыш ( кен орын контурына тығыз орналасқан), Березовка (3 км), Успеновка (9 км), Қаракемір (8 км), Жанаталап (4 км), Қарашығанақ (6 км), Димитров (9 км), Жарсуат (9 км), Бестау (4 км). Кен орнынан оңтүстікке қарай 15км жерде Орал-Елек теміржол сызығы өтеді. Кен орын ауданын Орал-Орынбор қатты жабынды автожол торабы қияды. Кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 35км жерде «Орынбор-Батыс шекара» газ құбыры, ал батысқа қарай 160км жерде «Манғышлақ-Куйбышев» мұнай құбыры өтеді. «Қарашығанақ» мұнайгаз конденсат кеніші орналасуының ситуациялық сұлба-картасы (Қосымша 1) берілген.
Мұндағы көмірсутектердің есептелінген бастапқы баланстық қоры 9 миллиард баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газды құрайды, ал бағаланған жалпы қор көлемі 2.4 миллиард баррель конденсат пен 16 триллион текше фут газдан асады. Қазіргі кезде кәсіпорында іске қосылған нысандар қатарына келесілер кіреді:
— мұнай және газ игеру цехы (ТҚ-1, ТҚ-2, ТҚ-3, кеңейтілген газ жинақтаушы пункт, мұнай және газ пайдалану скважиналары);
— күніне 4 мың м3 өнімділікке ие компрессорлық станциясы , суды алдын-ала жіберу қондырғысы бар мұнайды дайындау және қотару цехы;
— күніне 300 мың м3 өнімділігі бар компрессорлық цех;
— скважиналарды бұрғылау мен жөндеу цехы;
-бұрғылау қалдықтары, мұнай шламдары және мазутпен ластанған топыраққа арналған полигон;
— жұмысшыларға арналған вахталық қалашығы;
— қалдықтарды қайта өңдеу (өртеу) қондырғысының алаңы.
Қазіргі таңда Қарашығанақ кәсіпорны Қазақстан Республикасының барлық газ өндірісінің шамамен 45 пайызын және сұйық көмірсутектер өндірісінің 16 пайызын құрайтын газ және конденсат өндірісіндегі рекордты көрсеткіштерге ие ірі жетекші мұнайгаз компаниялардың бірі болып есептеледі.
Соңғы жылдары жетістікке жеткен маңызды прогресті белгілей отырсақ, ұжым әлі де жұмыстардың аз емес көлемін атқару керектігін сезінеді.
Экономиканың ғаламдануы нарық қатысушыларына қатаң талаптарды белгілейді. Мұнайды тасымалдау бойынша қызмет көрсету саласында әлемдік нарыққа қатысудың бірден бір шарты ҚР СТ ИСО 9001: 2008 ЖӘНЕ ҚР СТ ИСО 14001: 2008 халықаралық стандаттарға сәйкес сапа мен қоршаған ортаны басқарудың әрекет етуші менеджмент жүйесінің болуы есептеледі.
Сондықтан сапа мен қоршаған ортаны қорғаудың ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізу туралы шешім Кәсіпорындағы заңды қадам болып табылады. Осының барлығы да компания алдына қойған негізгі тапсырмалар кешенін шешуге, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікке деген жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік бюджетке инфляцияның әсерін тіркеу
- Әлеуметтік қызметкер.Әлеуметтік қызмет жүйесі
- Ауыл шаруашылығында тәуекелдерді стратегиялық басқару ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
- Б. Дарханбаев кафедрасы
- Дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері