Қарашығанақ мұнай — газ конденсаты кені және қоршаған орта туралы қазақша реферат
Қазақстанның Батыс өңірі қырық жылдан астам уақыт бойы белсенді мұнай және газ өндіру аймағы болып табылады. Мұнда ірі отандық және шетелдік өндіруші компаниялардың экономикалық мүдделері тоғысты. Әйтсе де, қоршаған ортаға улы әсерімен байланысты мәселелер жөнінде көп жағдайда еш нәрсе айтылмайды немесе аз айтылады. Бірақ, зиянды химиялық қоспалардың және ауыр металдардың кері әсер ету саласындағы қазіргі заманғы зерттеулер көмірсутекті шикізатты өндірудегі ілеспе өнімдер секілді қоршаған ортаның, соның ішінде топырақтың да улы компоненттермен ластануы аймақтық мәселе болып қана қоймай барынша ауқымды мәселе болып табылатынын дәлелдейді.
Батыс Қазақстан аумағында Қарашығанақ және Теңіз кен орындары әлемдегі ең ірі мұнай-газ және конденсат кен орындары орналасқан. Егер 1974 жылы ашылған Теңіз кен орны, мұнайды өңдеудің салыстырмалы жылдық мәнінде бір қалыптылығын куәландыратын өңделудің соңғы сатысында болса, Қарашығанақ кен орны ( 1979 жылдан бері өндіру жүргізіліп келеді), 200 шаршы км. астам аумағы бола тұра әлемдегі мұнай және газ өндіру бойынша бірден-бір тиімді кен орындарының бірі болып табылады. Кен орыны күрделі геологиялық құрылысымен, өндірудің әртүрлі объектілерінің скважиналарының аузында /құйылысында/ жұмыс қысымының өзгеруімен, қабат құрамының ауытқуымен, конденсат құрамының — 490 г/м3 — тан 1000 г/м3 –қа дейін және улы белсенді тотығу элементтерінің жоғарылығымен ерекшеленеді.
Екі кен орынында да көмірсутекті шикізатты өндіру процесінде топыраққа антропогенді әсер ету бәрінен бұрын, олардың микроэлементтік құрамының өзгеруін туғызатын ауыр металдардың басқыншылығының артуымен байланысты. Топыраққа түсетін ингридиенттер (көмірсутектер, ауыр металдар, тұздар, бұрғылау ерітінділерінің әртүрлі компоненттері) тек ішкі топырақты биохимиялық процестерге ғана емес, сонымен қатар, түйіндес орта: ауа, жер асты және жер үсті суларға, өсімдіктерге де кері әсер етеді. Әртүрлі физикалық-химиялық және термодинамикалық құбылыстарға барынша сезімтал қабаттың қазба бөлімі аумағына қауіп туады.
Бұрғылау қалдықтары — саз қоспасы, құмның, улы реагенттер және мұнайдың бұрғылап алынған қоспалары да барынша қауіп туғызады, олар жалпы әлемдік нормативтер бойынша арнайы жабдықталған полигондарға құйылуы керек.
Отандық және шетелдік зерттеулерде көрсетілгендей, көмірсутекті өндіру нәтижесінде топырақта бірнеше геохимиялық өзгерістер болады, соның ішінде: 1) генетикалық горизонттарда және топырақты қапталда морфологиялық өзгерістер; 2) химиялық өзгешеліктер мен химиялық құрамының өзгеруі; 3) физикалық-химиялық өзгешеліктердің өзгеруі (ППК құрамы, сорлану және тұздалу); 4) ауа-су режимінің өзгеруіне әкеп соғатын топырақтың физикалық құрамының өзгеруі; 5) топырақты биоценоздің сандық, құрамдық және биологиялық белсенділігінің өзгеруі (микроорганизмдер, педофаундар, альгоценоздар және т.б.).
ҚМГКК қоршаған табиғи ортасына әсер ету көзі болып: скважиналарды сынау және игеру кезінде газды және конденсатты жағу үшін орнатылған шырақтар, ашық ыдыстар және қамбалар, реагенттерді сақтайтын қоймалар және алаңдар, қазаншықтар, бұрғылау және цементті ерітінділер, бұрғылаудың қатты қалдықтары және бұрғыланған ағын сулар, ауыр көлік құралдары.
Скважинаның тереңдік мөлшері, қолданылатын реагенттердің, қабатты флюидтердің саны, скважинаның дебиті мұнай және газ конденсатын өндірудің кері факторларының әсер ету масштабын анықтайды.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жүргізіліп келе жатқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының топырақтың жай-күйіне әсері, өндіру аймағымен бірге, сонымен қатар, айналасындағы территорияларды қоса, зерттеулер топыраққа минералды тұздар және қышқылды ерітінділер (реагенттер) барынша кері әсерін тигізетінін дәлелдейді.
Мұнда нақты анықтайтын заңдылықты белгіленген: бұрғылаудың қатты және сұйық қалдықтарының әсері – шектеулі процесс және бұрғылау кешенінің негізгі территориясымен шектеледі, бұл кезде атмосфераның ерекшелігін ескере отырып, газды шырақта жағу кезінде жану өнімдерінің құрамындағы зиянды заттардың әсері, бұрғылау аймағының шегінен тыс жерлерге таратылады. ҚМГКК үшін санитарлық-қорғау аймағы 3 км құрайды.
ҚМГКК бұрғылау аймақтарына жақын жатқан территориялардың қоршаған ортасының жай-күйінің мониторингі атмосфералық ауаға негізгі техногенді әсер онда азоттың, күкірттің, көміртегі және күкіртті сутек оксидтерінің болуымен анықталатынын дәлелдейді.
Тек қана көміртекті оксиді барлық сынамаларға қатысқанын айта кету керек.
Экологтардың және қоғамның айрықша назарын Қарашығанақ кен орынынан 4,5 км орналасқан Березовка ауылы аймағында орын алған жағдай алаңдатады.
Атмосфералық ауада құрамында азот оксидінің, күкіртті ангидридтың және күкіртті сутектің болу дәрежесі бойынша Бөрлі ауданының осы елді мекені, 2009-2010 жылдардың мониторингінің нәтижелері айғақтағандай, баяғы айқындаманы сақтай отырып, үш жылғы көрсеткіш бойынша бірінші орынды алды.
Төменде келтірілген мәліметтер (1 кесте) 2011 жылдың қаңтар және наурыз айларындағы Березовка ауылының атмосфералық ауасындағы негізгі ластаушы заттардың концентрациясын көрсетеді.
1 Кесте – Берёзовка ауылы маңындағы атмосфералық ауадағы зиянды заттардың мөлшері.
Ластаушы заттардың атауы |
Ластаушы заттардың концентрациясы, мг/м3 |
Өзгертулермен, (+, — мг/м3) (1) / (3) |
Елді-мекен үшін ПДК |
||
Сынамаларды алу датасы |
|||||
14.01.2011 (1) |
24.01.2011 (2) |
28.03.2011 (3) |
|
|
|
Көмірсутек |
0 |
0,001 |
0,002 |
+0,002 |
0,008 |
Күкірт диоксиді |
0,019 |
0 |
0,059 |
+0,04 |
0,5 |
Азот диоксиді |
0 |
0,033 |
0,028 |
+0,028 |
0,085 |
Көміртек оксиді |
2,4 |
1,5 |
2,2 |
-0,2 |
5 |
Алынған қорытындыдан Березовка селосының, сонымен қатар КНГКМ өндірістік зонасының шекарасына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасынан күкіртті сутегі, күкірт диоксиді, азот диоксиді бойынша концентрацияның артуы анықталмады. Алайда үш ластағыш заттар – күкіртті сутегі, күкірт диоксиді және азот диоксиді бойынша ПДК нормасынан аспаса да концентрацияның өсуі байқалады.
ҚМГКК іргелес территорияларының ауыр металдармен ластануын бағалау 3 кестеде берілген.
3 Кесте – ҚМГКК іргелес территориялардағы ауыр металдардың мөлшері
Сұрыптау нүктесі |
Сұрыптау тереңдігі, см |
Ауыр металдар |
|||
Pb |
Zn |
Cu |
Cd |
||
Успеновка ауылы |
0 – 20 |
6,171 |
22,863 |
7,813 |
0,229 |
20 – 40 |
5,230 |
18,340 |
7,053 |
0,033 |
|
Берёзовка ауылы |
0 – 20 |
7,956 |
20,007 |
10,395 |
0,539 |
20 – 40 |
6,097 |
19,751 |
9,005 |
0,161 |
|
Утва өзенінің маңы |
0 – 20 |
5,364 |
17,573 |
5,173 |
0,394 |
20 – 40 |
5,130 |
15,481 |
4,211 |
0,245 |
|
Жарсуат ауылы |
0 – 20 |
4,785 |
22,564 |
9,124 |
0,372 |
20 – 40 |
4,239 |
21,184 |
8,782 |
0,023 |
|
ҚМГКК маңы |
0 – 20 |
8,368 |
25,249 |
13,784 |
0,627 |
|
20 – 40 |
7,561 |
25,502 |
12,326 |
0,337 |
ПДК |
6,0 |
23,0 |
3,0 |
0,5 |
Қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, барлық ауыр металдардың дәрежесі (қорғасын, цинк, мыс және кадмий), мыстан басқасы (Cu), Успеновка, Берёзовка, Жарсуат және Жайық өзеніне жақын маңдарда жалпы алғанда ПДК сәйкес келеді. Бірақ, ҚМГКК жақын маңда мыстың мөлшері ПДК 4,59 есе артық.
ПДК-ның қазіргі заманғы нормалары әжептәуір консервативті, ал мұнай және газ өндіру зонасы мен оған жақын аймақтардағы улы заттардың болуына қатысты мониторинг нәтижесі бойынша алынған есептер сақтықпен бағалауды талап етеді. ПДК-ның критериі қайта қарауды қажет етеді және мұның күшінде қоршаған ортаның әр түрлі нысандарын ластаудың жалпы көлемдік бағалау мен экологиялық нормалаудың неғұрлым объективті параметрі болып табылмайды – оларды тек алдын ала бағалау үшін пайдалануға болады. Осылайша, ПДК-ның межелі табалдырығы төмендеу бағытында өзгертуді талап етеді, себебі мұнай және газжобалау аймағы сыналатын техногендік әсерлердің көлемі және кешенділігі ескерілуі қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кенесариев У. И., Амарин М. К., Досмухаметов А. Т. и др. Состояние окружающей среды населённых пунктов региона Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения // Вестник КазНМУ. – 2012. — №4.; Ахметов Р. М., Хусаинов Ш. М., Лешан И. Ю. Техногенная деградация почв нефтедобывающих районов Южного Приуралья // Известия Самарского научного центра РАН. – 2011. — №5 (2), Т. 13.
2. Кенесариев У. И…. Указ. раб.
3. Кенесариев У. И…. Указ. раб.
4. Очкин А. В., Бабаев Н. С., Магомедбеков Э. П. Введение в радиоэкологию: учеб. для вузов. – М.: ИздАТ, 2003; Ахметов Р. М…. Указ. раб.
5. Ахметов Р. М…. Указ. раб.
6. Менешев Д. Г. и др. Экология: проблемы и решения. – Уральск: РГКП «ЗКАТУ им. Жангир-хана», 2011. – С. 53.
Тағы рефераттар
- Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
- Симметриялық алгоритмдер
- Қаулы
- Құқық саласы ретінде әлеуметтік құқығын қамтамасыз ету және өзге құқық салаларынан айырмашылығы
- Музыкалық фольклор және оның этнографиялық сипаты. Фольклор – көркем әрі тарихи-этникалық құбылыс