Тергеулік қараудың түрлерін жіктейтін болса, оларды келесідей бөлуге болады:
- Қарау обьектілері бойынша жоғарыда көрсеткеніміздей:
— оқиға орнын қарау;
— мәйітті табылған жерінде сырттай қарау;
— заттарды қарау;
— құжаттарды қарау;
— жануарларды қарау;
— оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен орын жайларын қарау;
— қылмыс іздерін немесе ерекше белгілерін анықтау үшін куәландыру (адамның денесін қарау).
- Кезектігі бойынша:
— бастапқы;
— қайтадан, бұрын жүргізілген тергеулік қарау қайта жүргізілсе.
- Көлемі бойынша:
— негізгі;
— қосымша, алдыңғы тергеулік қараудың қаралмаған жерлерін қарайтын болса.
Барлық тергеулік қарау кезінде ҚР ҚІЖК-нің 221-227 баптарында көрсетілген тергеулік қарауға арналған жалпы процессуалдық ережелерін сақтап жүргізу керек.
Заң анықтағандай, тергеулік қараудың мақсаттары мыналар:
1) қылмыс іздері мен басқа да дәлелдемелік заттарды табу;
2) оқиға ортасын анықтау;
3) іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды айқындау.
Осылайша тергеулік қараудың мақсаттарын анықтай отырып, олар дәлелдемелерді, жинау мен зерттеуден тұрады десек болады. Қарау кезінде жиналған дәлелдемелердің негізінде тергеуші тергелініп жатқан оқиға мен оған қатысушылар туралы, қылмыскерлердің жасырынған жерлері туралы, ұрланған мүліктері мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар обьектілердің тығылған олрындары жайлы қылмыстың салдары және басқалар туарлы версиялар құрады.
Тергеулік қараудың мақсаты:
— тергелінетін оқиғаның мән-жайы сипатын анықтау үшін ортамен тікелей танысу;
— қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіт, алу және баға беру;
— жалпы және жеке версияларды шығару үшін бастапқы ақпараттарды алу;
қылмыскерлерді іздестіруді ұйымдастыру үшін ақпараттарды жинау.
Тағы рефераттар
- Бухгалтерлік есептің пайда болуы курстық жұмыс
- Сақтандыру саласы
- Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлау мен болжау курстық жұмыс
- Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
- Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні