1961 жылы АҚШ Түркияда ядролық зымырандарды орналастырды, ол тікелей КСРО-ның батысына және Мәскеу қаласына қауіп төндірді, сондықтан жауап ретінде Кубада Кеңес зымырандарын орналастырды.
Дағдарыс 14 қазан 1962 жылы барлаушы – ұшақ U-2 BBC Сан – Кристобель ауылының жаңында Кеңес үкіметінің зымырандарын көргенде басталды. АҚШ президенті Джон Кеннединің шешімі бойынша, арнайы атқарушы комитет құрылды, онда жанжалды мәселелерді шешетін шешімдер талқыланды. Бірнеше уақыт бойы атқарушы комитет тек хатшылық сипатта болды, бірақ 22 қазан күні Кеннеди халыққа жолдауымен шығып, Кубада Кеңес үкіметінің «Қарулы Шабуылы» бар екенін жариялады. Кубада «уақытша тыйым» шектеме (бір елді я қаланы күштеп қоршап алып, не саяси, не әскери, не экономика жағынан сырт елмен я басқа қаламен қатыстырмай бөліп тастау) енгізілді.
Алғашында, Кеңес үкіметі Кубада ядролық зымырандардың бар екенін мойындамады, кейін тек тежеулік саясат ұстанып отырғандарын жариялады. 25 қазанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында дәлел ретінде зымырандар фотосуреттері көрсетілді. Атқарушы комитетте қатаң түрде мәселені шешу үшін күш қолдану талқыланды. Және, оны қолдаушылар Джон Кеннедині Кубаны жаппай бомбылап шоғындыруға көндірді. Бірақ, U-2 ұшағы қайта ұшып, мәліметтер жіберді: бірнеше зымыран қондырылған және ұшуға дайын тұр. Сондай-ақ, осындай іс-әрекеттер соғысқа әкелуі мүмкін.
АҚШ президенті Джон Кеннеди Кеңес Үкіметіне қондырылған зымырандарға демонтаж жасауға, және Кубаға бағыт алған кемелерді қайта бұрып жіберуге ұсыныс жасады. Оған айырбас ретінде, АҚШ Кубаға басып кірмеуге және Фидель Кастро үкіметін құлатпауға уәде берді. Кеңес үкіметінің Министрлер Кеңесінің төрағасы және Бірінші хатшы Никита Хрущёв келісіп, 28 қазан күні зымырандарды демонтаждау басталды. Соңғы зымыраннан Куба бірнеше аптадан кейін босатылды, ал 20 қарашада Кубадан шектеме шешілді.
Кариб дағдарысы 13 күнге созылды. Ол маңызда психологиялық және тарихи мағынаға ие болды. Адамзат тарихта бірінші рет өз-өзін қырып – жоюдан алыс болмады. Дағдарысты шешу Суық соғыстың өзгерісті кезеңі болды және халықаралық шиеленісті бәсеңдеді
Тағы рефераттар
- Резинаны өңдеуде жиі қолданылатын негізгі процестер
- Сервистік қызмет адам қажеттілігін қанағаттандырудың формасы ретінде
- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасуы
- Қылмысқа жанасушылық
- Кәсіпорындардағы басқару стилі