Карталардың ерекшеліктері туралы қазақша реферат
1.Сонымен, топографиялық карталардың барлық табақ беттерінің трапеция түрінде рамкасы болады.Рамканың жоғарғы (солтүстік) және төменгі (оңтүстік) қабырғалары параллельдер, ал қапталдары (батыс және шығыс)— меридиандар болып табылады. Осы меридиандар мен параллельдердің градус есебімен алынған географиялық координаталары картаның бұрыштарында көрсетілген. Топографиялық картада бейнеленген кез келген пункттің немесе объектінің ендігі мен бойлығын анықтауға ыңғайлы болу үшін оның рамкасы бір минутқа (1′) тең кесінділерге бөлінген, ал әрбір минуттық кесіндіде нүктелермен он секундқа (10″) тең бөлімдер белгіленген. Сонымен бірге бүкіл топографиялық картаны бастырып тік бұрышты координаталар торын құрайтын вертикаль және горизонталь сызықтар жүргізілген (қосымшадағы немесе атластағы топографиялық картадан географиялық тор мен тік бұрышты координаталар торының элементтерін табыңдар).
Топографиялық карталардың мазмұны және шартты белгілері. Атласта немесе оқулыққа берілген қосымшада келтірілген топографиялық картаны қарап шығып, онда не бейнеленгенің яғни оның мазмұнын анықтайың. Бұл тапсырманы орындау үшін атласта (немесе қосымшада) көрсетілген топографиялық карталардың шартты белгілерін оқып үйрену керек. Бірақ ең алдымен белгілердің негізгі топтарын бөлейік.[2]
Мемлекеттік геодезиялық тор пункттері.Олардың шартты белгісі — кішкене тең бүйірлі үшбұрыш. Үшбұрыштың ортасында геодезиялық пункттің картадағы орнын көрсететін нүкте бейнеленген: оның картадан алынған координаталары нүктенің жер бетіндегі орнына сәйкес келеді. Белгінің жанына қойылған цифрлар геодезиялық тор пунктінің абсолют биіктігін (биіктік белгісін) көрсетеді. Елді мекендер құрылыс салынған бөлігінің пішінін көрсе-тетін кескіндермен бейнеленеді. Түрлі түспен отқа төзімді және отқа төзімсіз құрылыстардың кварталдары, сонымен бірге жеке құрылыстар бейнеленеді. Атаулардың жазулары әр түрлі шрифтімен беріледі. Олар елді мекендердің түрлерін — қалаларды, қала және село үлгісіндегі поселкелерді бейнелейді. Село үлгісіндегі елді мекен атының жанындағы цифрлар селодағы үйлердің санын көрсетеді.
Жекелеген жергілікті заттар (өнеркәсіп және әлеуметтік-мәдени объектілер) масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Олар — заводтың, су диірмен мен ағаш тілетін заводтың, электр станцияның, пайдалы қазбалар өндірілетін орынның т. с. с. белгілері.
Гидрография.Өзендер мен жылғалар картада көк түсті сызықты белгілермен бейнеленеді, көлдер, бөгендер, тоғандар пішіні көгілдір түспен көрсетіледі. Көк түсті цифрлармен өзендердегі, көлдердегі су кемері, яғни су деңгейінің абсолют биіктігі, көрсеткіш белгілермен және жазулармен өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы, оның ені мен тереңдігі, өткелдің сипаты белгіленеді. Арнаулы шартты белгілермен өзендердегі паромдар мен көпірлер, кемежайлар көрсетіледі. Гидрография элементтеріне топографиялық карталарда көрсетілетін құдықтар мен бұлақтар да жатады.
Жол торабықалыңдығы және бояуы әр түрлі сызықтың белгілермен бейнеленеді (темір жолдар, тас жолдар, жол өтпелері). Белгінің пішіні, оның түсі жолдың түрін, тарту күшінің түрін көрсетеді. Сонымен қатар арнаулы белгілермен тас жолдың ені мен жабындысы немесе темір жол табанының саны сияқты жол сипаттамалары көрсетіледі.
Өсімдік жамылғысы карталарды жасыл түстің әр түрлі реңімен беріледі. Ормандарда белгілермен қылқан жапырақты немесе жапырақты ағаш тұқымдарының басым түрлері көрсетіледі, цифрлармен және жазулармен ағаштардың орташа биіктігі, жуандығы, орманның қалыңдығы, тұқымдық құрамы белгіленеді. Шалғындарды, бауларды, батпақтарды, сондай-ақ орманның шабылған, дауыл құлатқан, өртенген, жас ағаш көшеттерін т. б. көрсету үшін арнаулы белгілер қолданылады. Жер бедері, яғни жер бетінің ой-қыры — едәуір дәрежеде бүкіл ландшафтының сипатын анықтайтын аса маңызды табиғат элементтерінің бірі. Жер бедері ерекшеліктерін толық зерттеп, есепке алмайынша, территорияны игеру, оны шаруашылық мақсатына дұрыс пайдалану қиын.
Топографиялық карталарда жер бедері горизонталь сызықтармен бейнеленеді.Горизонталь сызықтарды жер бедерін биіктігі бойынша өзара тең аралықтар арқылы жүргізілген горизонталь жазықтықтармен қиған із ретінде қарауға болады. Көршілес горизонтальдардың биіктіктерінің айырмасын көрсететін көршілес қима жазықтықтардың арасындағы қашықтықты қима биіктігі деп атайды. Беткейді неғұрлым көбірек горизонтальдар бейнелесе, оның соғұрлым биік болғаны. Горизонтальдар бір-біріне неғұрлым жақын орналасса, беткей соғұрлым тік келеді және керісінше, горизонтальдар бір-бірінен алыс болса, олар соғұрлым жатық беткейді бейнелейді. Демек, горизонтальдарға қарап, беткейлердің пішіні мен тіктігін, кез келген нүктенің абсолют биіктігін және жер бетіндегі нүктелердің бір-бірінен арту биіктігін анықтауға болады. Жер бедері қимасының биіктігі және еңістер шкаласы картада оның оңтүстік рамкасының астында көрсетіледі.[3]
Ұсақ масштабты географиялық карталарда горизонталъдарды жинақтап сызады; қима биіктігін үлкейтеді және горизонтальдардың суретін онайлатады Олар жер бедерінің пішіні мен түрлері, абсолют биіктіктері мен еңістері туралы тек жалпы түсінік береді. Ұсақ масштабты карталарда жер бедері әдетте қат-қабат бояумен қоса горизонтальдармен (изогипстермен) бейнеленеді,Горизонтальдар биіктік сатыларды шектейді, ал жақсы кернекілік үшін горизонталъдардың аралықтары (сатылар) қабыл-данған шкалаға сәйкес бояулармен боялады. Ұсақ масштабты карталарда қолданылатын шкалалар гипсометриялық ш к а л а деп аталады. Шкаладағы түстің өңі мен рені биіктік-тердің бір қалыпты, бірте-бірте өзгерісін көрсететіндей, жер бедерінің көрнекі, пластикалық бейнесін беретіндей етіп таңдап алынады.
Мектептің оқу карталарында әдетте ойпаттар мен ойыстар жасыл түстің әр түрлі реңімен, қыратты және таулы учаскелер сары, қызғылт сары және қоңыр түсті өңге боялады. Теңіздер мен мұхиттардың түбінің жер бедерін аралықтары көгілдір түстен көк түске дейінгі қат-қабат бояумен қоса изобаталармең (бірдей тереңдіктердің сызықтары) бейнелейді. Биіктік пен тереңдік шкалалары картаның түсініктемесінде орналастырылады. Жер бедерінің шартты белгілеріне сонымен бірге жыраны, жарды, қорғанды, тастарды бейнелейтін арнаулы белгілер, сондай-ақ абсолют және салыстырмалы биіктік белгілерін көрсететін цифрлар да жатады.Картадан жер бедерін ажыратып оқу беткейдің бағыты мен тіктігін ажырата білуден, горизонталь сызықтар бойынша жердің ой-қырының түрін (пішінін), теңіз деңгейінен биіктікті және нүктелердің бір-бірінен арту биіктігін анықтаудан құралады. Жер бе-дерінің әр түрлі пішіні горизонталь сызықтармен бейнеленген суретті алып қарайық. Горизонтальдардың суреті бойынша тауды қазаншұңқырдан айыру үшін картада беткейдің бағыты арнайы көрсетіледі. Ол үшін бергштрихтер — горизонтальдарға перпендикуляр қысқа сызықтар қолданылады. Бергштрихтер беткейдің қай бағытқа қарай аласара беретінің көрсеткіш белгілер сияқты көрсетеді. Горизонтальдардағы сандық белгілер және биіктік белгілері олардың теңіз деңгейінен биіктігін көрсетеді. Горизонтальдардың бойына жазылған цифрлардың жоғарғы жағы әр уақытта беткейдің биіктейтін жағына қарайды. Жер беті әдетте су қоймаларына — өзен, көл, жылғаларға қарай аласарады. Сондықтан карта бойынша жер бедерін оқып үйренуді су объектілерін оқып үйренумен ұштастыру тиімді болады. Топографиялық карталардың шартты белгілерін талдау олардың мазмұны жөнінен жалпы географиялық карталар екендігін көрсетеді. Өйткені оларда жер бетінің негізгі табиғи сипаттамалары және әлеуметтік-экономикалық объектілер бейнеленген.
Тағы рефераттар
- Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
- Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
- Фосфор
- Қаржылық құралдардың есебі
- Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту