Жоспар:
І. Кіріспе 2-4бет
ІІ. Негізгі бөлім
1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі. 5-10 бет
2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі. 10-18 бет
3. Қаржылық инвестиция есебі. 19-32 бет
ІІІ. Қорытынды. 32-33 бет
ІV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде
экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қыиайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында.
Курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар
- Әлемдік мәдениеттер өркениеті
- Инновациялық қызметті қаржылық қамсыздандыру
- Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
- Қазақстандық банктердiң сыртқы экономикалық қызметi
- Жүйенің инфологиялық моделі