Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында анықтап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді көрсетіге, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.

Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.

Кілт сөздер: қаржы нарығы, қаржылық инвестициялар есебі, мемлекеттік құнды қағаздар, халықаралық қаржылық есеп стандарттары, қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялар.

Қазақстанның нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті бағыттарының бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады: валюталық нарық; құнды қағаздар нарығы; несие-капиталы нарығы (ақша нарығы); асыл тастар нарығы (алтын нарығы);

Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру үрдісі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен  осы  құнды  қағаздар   нарығы   тікелей   байланысты.  Еліміздегі акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субъектілер құнды қағаздар нарығының әлуетті қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншілері инвесторлар ретінде қызмет атқарады.

Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта жеткілікті көлемде капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, олар бағалы қағаздар нарығына айналымға түседі.

Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады. Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады. Сонымен бірге эмитенттің кім болуына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып бөлінеді.

Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттік тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар: Ұлттық жинақ облигациясы; Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ); Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);

Муниципалды құнды қағаздар — бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат — құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инвесторлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын салғаннан кейін олардың барлығына түсінікті есептілік табыс ету қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ХҚЕС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады [1].

ХҚЕС — қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет қабылдаған стандарттар мен түсініктемелер. Оларға:

1) Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (IAS);

2) Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (IFRS);

3) Түсініктеме түріндегі ресми құжаттар — қаржылық есеп берудің стандарттарын түсіндіру жөніндегі комитет дайындаған және шығаруға бекіткен  ХҚЕС-на түсініктемелер;

4) Түсініктеме беру жөніндегі тұрақты комитет дайындаған және ХҚЕСК шығаруға бекіткен түсіндірмелер кіреді.

ХҚЕСК әзірлеген халықаралық стандарттар жүйесі ұйымдардың қаржылық есеп беруін жасаумен байланысты барлық негізгі мәселелерді қамтиды.

Сонымен ХҚЕСК 41 стандарт әзірледі, алайда нормативтік шаруашылық жүргізудің кеңеюіне орай олардың кейбіреуі алынып тасталды, сондықтан қазіргі кезде 37 стандарт, оның ішінде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары 30 және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары 7 қолданылады [2].

Қаржылық есеп беру мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ, мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді [3].

1 – «Қаржылық есеп беруді ұсыну» IAS қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жалпы мақсаттағы қаржылық есеп беру – бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік.

Қаржылық есеп берудің нысандары мыналарды қамтиды:

—  бухгалтерлік баланс;

—  пайдалар мен залалдар туралы есеп;

—  ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

—  меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

— есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.

Қаржылық инвестициялардың есебі №32 ХҚЕС (IAS)  «Қаржы құралдары – ақпаратты ашу жəне беру», №39 ХҚЕС (IAS)  «Қаржы құралдары: тану жəне өлшем», №2 ҰҚЕС стандартарына сәйкес жүргізіледі.

Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында І және ІІ бөлімдерінде 1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.

Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (пайыздар, роялтилер, дивидендттер, жал ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (коммерциялық мәміле). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер  де  жатады. Қаржылық  инвестицияның  бір  түрі болып бағалы (кұнды) қағаздар да саналады. Бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Инвестиция мыналарға бөлінеді: үлестік – жай және артықшылықты акциялар; борышқорлық – облигациялар, қазыналы вексельдер, депозиттік сертификаттар және т.б.

Инвестиция көздері: а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі); ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация); б) кредиттік ресурстар.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

  1. Жұмсау мерзімі бойынша: қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы); ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі; мерзімсіз инвестициялар. Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар — бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
  2. Тағайындалуы бойынша:  қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау; нақты (мүліктік жұмсау) — субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
  3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
  4. Болу формасы бойынша — құжаттық, құжатсыз.
  5. Ұлттық тегі бойынша — отандық, шетелдік.
  6. Қолдану түрі бойынша — инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
  7.  Иемдену қатары бойынша — жеке, жалпы.
  8.  Шығарылым формасы бойынша — эмиссиондық, эмиссиондық емес.
  9.  Меншік формасы бойынша — мемлекеттік, корпоративтік.
  10. 10.  Айналыс сипаты бойынша — нарықтық, нарықтық емес.
  11. 11.  Тәуекелдік деңгейі бойынша — аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.

Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады: капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік; уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік; заңдық өзгерістер тәуекелділігі — шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік; өтімділік тәуекелділігі — инвестицияны өткізу барысындағы болуы мүмкін ысырапқа  ұрындыратын  тәуекелдік;  нарықтық  тәуекелдік  —  нарықтың  жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік; кредиттік және іскерлік тәуекелдік — борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік; пайыздық тәуекелдік — нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік; валюталық тәуекелдік — шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

12. Қолма-қол табыс бойынша — табыстық, табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша: борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция; иелі үлестік — нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;  жеке жобалар (кенішті игеру).

14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша — мүліктік, міндеттік.

15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді: №27 ХҚЕС «Шоғырландырылған жəне жеке қаржы есептілігі»; №28 ХҚЕС «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар»; №39 ХҚЕС «Қаржы құралдары: тану жəне өлшем»; № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».

Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді: тікелей — басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар; портфельдік — субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы; венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған субъектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.

Инвестицияның бухгалтерлік есебі  №27 ХҚЕС «Бірлескен  қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі», №28 ХҚЕС «Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39 ХҚЕС «Қаржы құралдарды: тану  және бағалау», № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы дебет бойынша, шығысқа шығаруы кредит бойынша — инвестиция   1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі.

1110 — «Қысқа  мерзімді ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;

1120 — «Саудаға  арналған қысқа мерзімді қаржы  активтері», онда бағалардың қысқа  мерзімді ауытқуларынан пайда  алу мақсатында сатып алынған  қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай, саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған ретінде қаралады;

1130 — «Өтеуге  дейін ұсталынатын қысқа мерзімді  инвестициялар», онда ұйым  берген   қарыздар  мен  дебиторлық  берешекті   қоспағанда,   өтеу  мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады; 1140-«Сату  үшін қолда бар қысқа мерзімді  қаржы инвестициялары»,     онда  мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады: ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтеуге  дейін ұсталатын инвестиция; саудаға арналған қаржы активтері; 1150-«Өзге  қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»,  онда алдыңғы     топтарда  көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.

2000 — «Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан  тұрады:

2010 — «Ұзақ  мерзімді берілген қарыздар»,  онда ұйым бір жылдан асатын  мерзімге берген қарыздар есепке  алынады; 2020 — «Өтеуге  дейін ұсталатын ұзақ мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген  қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады; 2030 — «Сатуға  арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады: ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар; 2040 — «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер»,  онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар. Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады; 3390-«Өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек есепке алынады.

Кірістер мен табыс пайыздары  алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендттер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендттер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6140-«Инвестициялық  жылжымайтын мүлік операцияларынан  алынатын кірістер», онда капитал  құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың билігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі; 6400-«Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі  үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 6410-«Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы  пайданың  үлесі  ескеріледі;  6420 –  «Бірлескен ұйымдардағы пайданың үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  бірлескен ұйымдардағы пайданың  үлесі ескеріледі.

Есептелген шығындармен зияндар 7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі; 7410-«Активтердің  шығуынан алынатын шығыстар»,  онда активтерді сатудан түсетін  шығыстар ескеріледі, мәселен сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар; 7600-«Үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 7610-«Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі; 7620-«Бірлескен  ұйымдардың залалындағы үлес» онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.

Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. Қазақстан Республикасы заңдары мен заңдылық актілеріне сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы. //Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж. –№4. –32-құжат; «Егемен Қазақстан». 2007 жылғы 12 наурыз №63-64.
  2. Ряжнова О.В. Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности. – М., 2002.
  3. Тулешова Г.К. Халықаралық стандартқа сәйкес қаржылық есеп және есептілік. –Алматы, 2005 (1,2 бөлім).

Тағы рефераттар