Қаржылық талдаудың мәні мен міндеттері туралы қазақша реферат
Кез-келген бизнес түрінің нәтижесі қаржылық ресурстардың бар болуы мен олардың пайдалану тиімділігінен тәуелді. Қаржы ресурстарын кәсіби басқару қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайына терең талдау жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты бүгінгі күні қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебі қаржылық талдаудың негізгі мазмұны – қаржылық тәуекел деңгейін бағалау мен капитал табыстылығының деңгейін жобалау мақсатымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешенді, жүйелі оқу.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚҚЖ) – айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектінің нақты сәттегі өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Қорыта келгенде, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігімен сипатталады.
Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде талқыланады:
• қаржылық тұрақтылық – бұл қызмет үрдісінің жеткілікті қаржылық қамтамасыз етілуі;
• қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорын шоттарының оның төлем қабілеттілігіне үнемі кепілдік беретіндей етіп орналасуы;
• қаржылық тұрақтылық – бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарын еркін, әрі тиімді пайдалана отырып, өндіріс пен сату үрдістерін, сонымен бірге үдемелі ұдайы өндірісті қаржыландыру мүмкіншілігі.
Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беру кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді. Корпорацияның қаржы тұрактылығы катынасты жэне абсолютті көрсеткіштермен сипатталады. Осыған сәйкес корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау барысында оның қатынасты және абсолютті көрсеткіштері зерттеледі.
Қаржы тұрактылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Олар: тәуелсіздік коэффициенті, тәуелділік коэффициенті, қаржыландыру коэффициенті, қарыз жэне меншікті қаражаттардың арақатынасы коэффциенті, инвестицияларды өтеу коэффициенті, инвестициялау коэффициенті жэне т.б.
Каржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері — тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен камтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
Меншікті айналым капиталының нақтылығы (Ма.к.). Бұл көрсеткіш меншікті капитал (Мк) мен ұзақ мерзімді активтердің (¥а) айырмасы ретінде анықталады: Ма.к.=Мк-¥а
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл субъектінің өз міндеттемелерін уақытында өтей алу мүмкіншілігі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды негізінен ішкі және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші ішкі факторлар:
— кәсіпорынның салалық ерекшелігі;
— шығарылатын өнім (жұмыс, қызмет);
— жарғылық капитал көлемі;
— шығын көлемі, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;
— мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
— кәсіпорынды басқару тиімділігі, т.б.
Сыртқы факторлар:
— мемлекеттегі саяси – экономикалық жағдай;
— төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табысы;
— салық және несие саясаты;
— құқықтық – нормативтік база;
— сыртқы – экономикалық байланыстар, т.б.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың ең соңғы кезеңі. Ол ішкі және сыртқы қаржылық талдау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Ішкі қаржылық талдау – бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмін, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, яғни ол басқарушылық талдаудың бір сатысы. Ал сыртқы қаржылық талдау – инвестициялау тәуекелін анықтау мақсатымен субъектінің қаржылық жағдайын инвестордың, серіктестер мен бәсекелестердің талдауы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау – кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрі объективті баға беру, оның әлсіз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;
- қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін дайындау;
- қаржы ресурстарын түрліше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.
Міндеттерге қол жеткізу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау келесідей кезектілікте жүргізілуі тиіс:
- Кәсіпорынның мүліктік жағдайы мен капитал құрылымын талдау.
- Капиталды пайдалану тиімділігі мен интенсивтілігін талдау.
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін талдау.
- Кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау.
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық міндеті –меншікті капиталды көбейту мен кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің негізгі элементі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, капитал түсімдерін жоғарлату үшін қаржылық есеп беру негізі болып табылады. Несие алушы және инвесторлар қаржылық есеп беруді өздерінің қарыз алуы және салымдар бойынша өз тәуекелдерін минимумға жеткізуге талдау жүргізеді. Қаржылық талдау тәсілдемесі бір-біріне байланысты 3 блокты қосады.
- Ол кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижеллігін талдау.
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.
- Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтің тиімділігін талдау.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты болып көп мөлшердегі емес ақпаратты параметрлерді алу.Талдаудың мақсаты аналитикалық есептің бір-біріне байланыстылығын анықтауда талданады. Аналитикалық есеп бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық есебі мен ақпараттық техникалық және әдістемелік мүмкіншілігін талдауын жүргізу үшін анализдеуді нақтылау болып табылады.Кәсіпорынның қажеттілігіне байәланысты сұрақтарын шешу үшін олар өндіріс, қамту қаржылық, инвестициялау және жаңадан енгізулер бойынша ақпараттың болуын бағалау және талдау үшін нәтижесі болып табылады. Қаржылық талдау ол кәсіпорынның басқару структурасының жоғары звеносы болып табылады. Қаржылық анализ ол кәсіпорынның басқару жүйесінде экономикалық процестерінде өзіне икемдеу тәсілі ретінде маңызды болып табылады.
- Талдау объектісінің қаржылық жағдайының жалпы бағасы.
- Қол жеткен қалыптастыратын жағдайын, жеткен мүмкіншіліктерін және факторларын анықтау.
- Қаржы облысында басқару шешімдерін қабылдауда дайындау және жалпылау.
- Баланстық шаруашылық қызметтің тиімділігін жоғарлату және қаржылық жағдайдың жақсарту резервтерің мобилизациясы және анықталуы.
Қаржылық талдаудың нәтижесі ол кәсіпорынның және басқада экономикалық ақпаратпен қызығушыларының администраторлық ақпараттың өсуіне әсерін тигізеді.
Қаржылық талдау процесінде келесі қайнар көздерінен ақпарат алынады.
- Өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат.
- Нормативті ақпарат.
- Жоспарлы ақпарат.
- Экономикалық, яғни шаруашылық учет.
- Есеп беру.
- Жылдық қаржылық бухгалтерлік есеп беру, яғни жарияланатын.
- Кварталдық (коммерциялық құпиясы бар жарияланатын )
- Таңдалатын статистикалық және қаржылық есеп беру.
- Міндетті статистикалық есептеу.
- Басқа ақпарат
А) пресса
Б) басқарушы ұйымның сұрауы.
В) экспериметтік ақпарат.
Кәсіпорын бір – бірімен байланысатын параметрлерден тұрады. Партнерлерды негізгі және негізгі емес.
Негізгі партнерлық топ — ол кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің салымдарын салған және өздерінің қатысуымен қызығушылығына байланысты кәсіпкерлік қызметтің талдауы кезінде өзінің компенсациясына талап етілуіне қатысушылар, яғни негізгі партнерлік топтар, олар кәсіпорнның қаржы жағынан да олардың пайда түсіру, табыстық жағынан да өз мүмкіндігінше көмек беруіне ынталы болып келеді.
Негізгі емес партнерлік топтар:
- жеке топтар
- Қарыз берушілер
- Әкімшілік басшылары
- Еңбек персонал етуші
- Еңбек затын және қаржысын қарыз етушілер
- Сатып алушылар (клиенттер)
- Статистикалық органы түріндегі қоғамдар
Партнерлік топтың салық жарналары.
- Жеке капитал
- Қарыздық капитал
- Істі білу және басқаларды жүргізу
- Өзінің бөлінген еңбегі бойынша жұмысты атқару.
- Еңбек затын және құралдарын қамту.
- Өнімді алуы.
- Қызмет көрсетуі
Талап етушілерден компенсация түрі:
Дивиденд,пайыз, окладтан жоғары пайда мөлшері мен еңбекақы төлеу, персоналға еңбекақы, премиялар, әлеуметтік жағынан көмек, келісім бағасы, сатып алушылар арасындағы келісім бағасы, мерзімді толығыменалуды төлеу.
Қаржылық талдау кезінде жүргізілетін мақсат:
- Қаржылық нәтиже мен қаржылық тұрақтылық.
- Өтімділік, кәсіпорынның өз қарызы бойынша толығымен қарызды өтеуі.
- Толық ақпараттың болуы.
- Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі.
- Қаржылық жағдайы.
Қаржылық талдау — шаруашылық қызметтің толық және жалпы талдауының бөлігі яғни, екеуі бір- біріне байланысты бөлімнен тұрады.
- Қаржылық талдау.
- Өндіріс басқарушылық талдау.
Тағы рефераттар
- Әлемдік туризм дамуының кезеңдері
- Өнер шығармаларымен таныстыру әдістері
- Құқықтық қатынастың құрылымы
- Несие мен ақшаның өзара әрекеті
- Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері