Қаржылық жағдайды экспресс – талдау туралы қазақша реферат
Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі қойылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты болады.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
— қаржылық есепті экспресс-талдау;
— қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.
Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1) дайындық;
2) қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
3) экономикалық оқу және есеп беруді талдау;
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.
Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қортындымен танысу арқылы шешіледі.
Есептің оқуға дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. Мұнда есеп берудің формальды нышаны және мәні бойынша көзбен шолу және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшылардың, деректемелер мен қойылған қолдардың барлығы анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы салыстырылып тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.
Екінші кезеңнің мақсты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.
Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.
Ережеге сай, түсіндірме хатта кәсіпорын қандай есеп саясатын жүргізетіндігі айтылады, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуі мүмкін белгісіз жағдайлар мен қандай да бір, тәуекелдер туралы, қаржылық есепте көрсетілмеген кез келген ресурстар мен міндеттемелер туралы мәліметтерден тұратын басқа да маңызды ақпараттар ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар, мұнда есепті жылдағы кәсіпорын қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижесіне әсер еткен негізгі факторлары, сондай-ақ кәсіпорындағы жылдық бухгалтерлік есепті қарастыру қорытындысы және таза табысты тарату бойынша шешімдер айтылады.
Түсіндірме хатта кәсіпорынның бірқатар жылдардағы жұмысының маңызды экономикалық және қаржылық көрсеткіштердің динамикасы, болашақтағы капитал салымдары, жүргізілетін экономикалық шаралары мен басқа да жылдық бухгалтерлік есептің мүмкін болатын пайдаланушыларын қызықтыратын ақпараттар болуы тиіс. Мысалы, бұл хатта пайыздық мөлшерлемелер несиені өтеу мерзімі, төлем кезектілігі және несиелік келісімдер мен заем шарттарына байланысты басқа да ерекшеліктер ашылып көрсетілуі тиіс.
Талдау жүргізушінің басқа да қосымша ақпараттармен, мысалы, нарықтық географиялық сегменттер туралы, салалық ерекшеліктер және басқа да мәліметтермен танысу қажет.
Түсіндірме хатпен танысқаннан кейін, экспресс-талдаудың негізгі, үшінші кезеңіне – яғни экономикалық оқу және есепті талдауға көшу керек. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады. Мұндай талдау түрлі көрсеткіштер мүддесінде белгілі бір нақтыланған деңгейде жүргізіледі. Сондықтан да объективті және әсіресе субъективті факторлардың әсерін есептегенде бұл талдауды жүргізудің түрлі варианттары болуы мүмкін.
Экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің бірі, жылдық есеппен жұмыс істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік баланспен жұмыс істеу.
Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы сонша, көбіне қаржы жағдайын талдауды, балансты талдау деп атайды.
Балансты оқи білу дегеніміз – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі рөлін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін – мынандай мүмкіндіктер береді:
- кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
- кәіспорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау;
- баланстың қандай баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгергендігін анықтау;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептемегеннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.
Балансты оқуға мыналар жатады:
- зерттеу кезеңіндегі баланс валютасының өзгерісін бағалау;
- баланс валютасының өсу қарқынын өндіру көлемінің өсу қарқынымен, өнімді өткізу, жиынтық және таза табыстың өсу қарқынымен салыстыру;
- баланс бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланысын зерттеу;
- баланстың жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру сипатын талдау.
Талдаудың берілген сатысында кәсіпорынның қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптасады, кәсіпорын мүлкі мен оның қалыптасу көздерінің құрамындағы өзгерістер, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысы, кәсіпорын қаражаттарын орналастырудың дұрыстығы, оның ағымдағы төлеу қабілеті және басқалар анықталады. Осы мақсатта баланстың актив және пассив бөлімдерінің жеке баптарының арақатынасын, олардың баланс валютасындағы үлес салмағын анықтайды, өткен кезеңмен салыстырғанда баланстың негізгі баптарының құрамындағы ауытқуы сомасын есептейді.
Есепті оқу және талдай білу табиғи және белгілі бір дәрежеде тек мамандандырылған бухгалтерлер үшін ғана емес, сонымен қатар менеджерлер, аналитиктер, консультанттар үшін де өмірлік қажеттілік болып отыр.
Балансты оқуды ең алдымен талдау кезеңіндегі баланс көлемінің өзгеруін анықтаудан бастайды, тұрақсыз болжамға келмейтін бағаның өзгерісіне және тағы басқаларға қарамастан, баланс валютасы кәсіпорынның қаржы жағдайының индикаторларын есептеуде негізгі қызмет атқарады. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерттеу үшін, баланстың кезең басындағы жиыны мен кезең соңындағы жиынын салыстырады.
Біздің мысалымызда жыл басындағы баланс валютасы – 32551 мың теңгені құрайды, ал жыл соңында – 41957 мың теңге болды, яғни 1,3 есеге өскен. Баланс валютасының өсуі әдетте кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерінің өскендігін көрсетеді және оған оң баға беріледі, ал оның кемуі жағымсыз болып табылады.
Баланс валютасының абсолюттік өзгерісін анықтаумен қатар, оның өсу қарқынын өнімді сату және жиынтық табыстың өсу қарқынымен салыстыру керек. Баланс валютасының өсу қарқынының сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынының артта қалуы кәсіпорынның қаржыны пайдалануының нашарлағандығын көрсетеді.
Бухгалтерлік балансты оқу процесінде әрбір бапты екі аспектіде қарастыру қажет:
1) экономикалық мазмұны, көлемі және динамикасы бойынша;
2) баланстың қарама-қарсы жағының қандай бабымен (баптар тобы) корреспонденцияланады.
Басқаша айтқанда, баланс активінің әрбір бабы үшін сәйкесінше оны жабатын көздер қажет және керісінше, пассивтің әрбір бабы үшін қаржылық ресурстарды пайдалану бағыттарын көре білу қажет. Айта кеткен жөн, мәніне байланысты қаржы көздерін пайдаланудың дұрыстығын анықтау шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайының басты идеясы болып табылады.
Жалпы алғанда баланс элементтері — өзара тығыз байланысты жүйе. Бөлімдер, топтар және баптар деңгейінде логикалық және сандық қатынастар болады. Ең алдымен кәсіпорын бөлімдері арасындағы өзара байланыс өзгешелігін көрсетсек.
- Баланс активінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасы, оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиынтық сомасына тең.
А(І+ІІ) = ІІ(І+ІІ+ІІІ).
Біздің баланс бойынша теңдік мынаны құрайды: жыл басында –
18770+13781=27908+0+4643=32551=32551;
жыл соңында –
20001-21956=32276+0+9681=41957=41957.
Бұл теңдік бухгалтерлік баланстың негізгі идеясын көрсетеді, яғни кәсіпорын қаражаттарының сол бір ғана сомасы екі аспектіде көрсетілген:
1) құрамы мен таратылуы бойынша;
2) қалыптасу көздері (қаржыландару) бойынша.
2. Ережеге сай активтің бірінші бөлімінің жиыны, пассивтің бірінші бөлімінің
жиынынан (төмен) аз:
А(І) < ІІ(І).
Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік келесідей түрде жазылады:
жыл басында – 18770<27908;
жыл соңында — 20001<32276.
Бұл теңсіздіктің экономикалық мәні мынада, яғни меншік қаражаттарының бір бөлігі негізгі құралдарға және ұзақ мерзімді қаржы салымдарына жұмсалады. Ал қалған бөлігі – активтің екінші бөлімінде көрсетілген айналым қаражаттарын жабуға кетеді.
3. Ағымдағы активтердің жалпы сомасы ағымдағы міндеттемелердің көлемінен асады:
А(ІІ) > П(ІІІ).
Біздің мысалымызда бұл теңсіздік мына түрде болады:
— жыл басында — 13781>4643;
— жыл соңында — 21756>9681.
Берілген теңсіздік алдыңғы теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты жұмыс істеу кезінде айналым қаражаттарының едәуір бөлігі кәсіпорынның, өзінің қаржы ресурстары есебінен алынуына бағытталған.
4. Меншік қатынастарын сипаттайтын баланс баптарының топтары арасындағы байланыстың нарықтық экономика жағдайында әлде қайда терең экономикалық мәні бар, ол келесі теңсіздікте көрсетілген:
А = С + П
Мұнда: А – кәсіпорынның активтері;
С – меншікті капитал;
П – қатыстырылған капитал (кәсіпорынның міндеттемесі).
Біздің мысалымызда бұл теңдік келесідей мағынаға ие болады:
— жыл басында – 32551 =27908-4643;
— жыл соңында – 41957 = 32276+9681.
Берілген теңдік кәсіпорынның барлық активтері (А) негізінен екі түрлі көзден тұратынын көрсетеді: меншікті капитал (С) және қатыстырлған капитал (П).
Кейінірек қарастырылған кейбір маңызды коэффициенттер есебі осы теңдікке негізделеді. Берілген кәсіпорынға деген несие берушілердің сенімділік деңгейі келтірілген теңдіктің элементтерінің абсолюттік мәндері мен олардың арасындағы салыстырмалы қатынастарына байланысты. Осы қатынастарды бақылау және оларды басқару дұрыс және терең ойлы қаржылық саясат болып табылады.
Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады. Олардың кейбіреуін атап көрсетейік.
1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны олардың бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастағанда шығады.
2. Тауарлардың сатып алу бағасы, егер де жеңілдік болмаса, онда сату бағасынан төмен болады, себебі сату бағасына саудалық үстеме баға қосылады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындағы «жарғылық капитал» бабының сомасы қалдық құнымен көрсетілген «негізгі құралдар» және «материалдық емес активтер» баптарының жалпы сомасынан көп болады.
Баланс сомасының өзгерісін зерттеумен қатар, оның жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру өзгешелігін де талдау қажет. Осыған байланысты мынаған көңіл аудару керек, баланстың активінде бағалы қағаздардың қалдығы, қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, негізгі құралдар, күрделі қаржылар және материалдық емес активтер қалдығының өсуі, ал пассивінде бірінші бөлімінің, әсіресе бөлінбеген табыс көлемінің өсуі оң бағаланады.
Айта кеткен жөн, нарық жағдайында есеп айырысу шотындағы қалдық қаражаттар бөлігінің өзгеруі басқаша бағаланады. Егер бұрын есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының өсуі кәсіпорынның еңбегі болып саналса, қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар өздерінің бос қаражаттарын әлдеқайда ұтымды пайдалануға ұмтылуы тиіс, яғни оларды басқа кәсіпорындарға салып, бағалы қағаздар, патенттер, лицензиялар және басқа да интеллектуалдық меншік алуға пайдалануы қажет. Кез келген жағдайда дебиторлық және кредиторлық борыштардың өсуі нашар бағаланады, яғни жағымсыз болып табылады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық диагностикасының әдістерінің бірі болып табылатын талдаушының балансты оқу барысындағы маңызды әрекеттерінің бірі – бұл осы баланстың «осал» баптарын анықтау болып табылады, яғни бұл ерекше көңіл аударуды қажет ететін баптар. Бұл баптар, сондай-ақ баланс баптарының арасындағы кейбір арақатынастар, не кәсіпорын жұмысының нашарлығын, не болмаса жеке белгілі бір кемшіліктерді көрсетеді. Талдау кезінде бұл «осал» баптар өткен кезеңдегі шаруашылық субъектісінің жұмысын сипаттап қана қоймай, сонымен қатар олардың болашақтағы шаруашылық жағдайының дамуына әсер ететіндігіне де көңіл блу қажет. Талдаушының шаруашылық субъектісіндегі қалыптасқан қаржылық жағдайды жақсартудың мүмкін жолдарын жалпылама түрде белгілеп қоюы қажет.
Жаңа бухгалтерлік баланста бұндай баптарға «Жабылмаған зиян» және «Қайтарылуы қамтамасыз етілмеген несие» баптар жатады. Табыстар мен түсімдер, шығындар мен зияндардан аз болған кезде, бірінші бап бойынша қолда бар сома жағымсыз қаржылық нәтижені белгілейді. Бұл кәсіпорын қызметіндегі өте күрделі кемшілік болып табылады.
Талдаушының бұдан кейінгі жасайтын әрекеттері: қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерін анықтау; есепті кезеңдегі келтірілген зиянның заңдылығын зерттеу; зиян әкелетін жұмыс себептерін болдырмайтын жолдарды анықтау.
Екінші бап бойынша қолда бар сома кәсіпорынның төлеу қабілетсіздігін, қаржылық жұмыстағы күрделі кемшіліктерді, сондай-ақ аналитикалық есеп мәліметтері бойынша анықтауға болатын шаруашылық субъектісінің мерзімі өткен қарызы бар екендігін көрсетеді. Төлеу меззімі өтіп кеткен несие үшін банк көтеріңкі пайыз алатындықтан, бұл шаруашылық субъектісінің табыс мөлшерін азайтады.
Аналитикалық есеп мәліметтері бойынша кәсіпорынның да «осал» көрсеткіштері анықталуы мүмкін, оларға келесілер жатады:
а) сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің мезгілінде төленбеген есептесу құжаттары бойынша және сатып алушылардың меншігіндегі акцепті кері қайтару түрінде сақталуында тұрған тауарлар бойынша қарыз тұрғысынан дебиторлармен есеп айырысу. Оларды өтеу үшін меншікті айналым қаражаттары аударылады. Олардың айналымдылығы бәсеңдейді, сондай-ақ кәсіпорынның қаржы ресурстарын шұғыл пайдалану мүмкіндігі азаяды;
ә) қызметкерге берілген банк несиелерімен салыстырғанда алынған қарыздар бойынша борыштардың артып кетуі тұрғысынан алғанда еңбеккерлермен есеп айырысу;
б) белгіленген тәртіппен баланстан шығысқа шығарылмаған тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуінен болатын жетіспеушілік пен шығыстардың, материалдық зиянның орнын толтыру бойынша қызметкерлермен есеп айырысу.
Осылайша біз қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің болашақтағы даму қарқыны тұрғысынан алғанда талдаушының басты назарын аударуды талап ететін баланс баптарын қарастырып өттік. Біздің талдау жүргізіп отырған кәсіпорынымызда қандай «осал» баптар бар? Біздің кәсіпорын қаржылық жылды бөлінбеген табыспен аяқтауына байланысты, «Жабылмаған зиян» бабы бойынша мәліметтер жоқ.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорын өткен жылы да, есепті жылда да не ұзақ мерзімді, не қысқа мерзімді несиелер алмаған. Сондықтан да «Қайтарыл уы қамтымасыз етілмеген несиелер» бабы бойынша да мәліметтер жоқ. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі қалған басқа да «осал» көрсеткіштерін айтатын болсақ, онда оларды тек аналитикалық есеп мәліметтері бойынша ғана анықтауға болады.
Бұдан кейін экспресс-талдаудың әдістемесі бойынша қаржылық есепті талдау жүзгізіледі. Ол үшін ең алдымен көрсеткіштерді есептеуге салыстырмалы түрде қиын емес есептеулер жүргізіледі, содан кейін олардың ішінен ең маңызды болып табылатын көрсеткіштерінің аздаған саны сұрыпталып алынады. Көрсеткіштерді сұрыптау субъективті және оны талдаушы жүзеге асырады. Бұл көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның салыстырмалы кеңістіктік-мерзімдік қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық потенциялы екі жақты сипатталуы мүмкін: кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық жағдайы тұрғысында. Бұл екеуі өзара байланысты, ол көрсеткіштердің өзгеру қарқынын есепке ала отырып, динамикада қарастырылуы тиіс. Экспресс-талдауды жүргізу барысындағы аналитикалық көрсеткіштерді сұрыптаудың варианттарың бірі 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте
Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі
Талдау бағыты |
Көрсеткіштер |
1 |
2 |
1. Шаруашылық субъектісінің экономикалық потенциалын бағалау |
|
1.1. Мүліктік жағдайды жалпы бағалау |
1) активтердің жалпы құны (жалпы капитал-валюта, баланс эжиыны);
2) өндірістік мүліктің құны; 3) негізгі құралдардың құны және олардың активтердің жалпы құнындағы үлесі; 4) негізгі құралдардың тозукоэффициенті. |
1.2. Қаржылық жағдайды бағалау | 1) меншікті капитал және оның жалпы капиталдағы (тәуелсіздік коэффициенті) үлесі;
2) қатыстырылған және меншікті капиталдың арақатынасының коэффициенті 3) ағымдағы өтімділік коэффициенті; 4) ағымдағы активтердегі меншікті айналым қаражаттарының үлесі; 5) қорларды жабу (өтеу) коэффициенті. |
1.3. «Осал» баптарының болуы | 1) жабылмаған зиян;
2) қамтамасыз етілмеген несие. |
2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелігін бағалау |
|
2.1. Табыстылық бағалау | 1) жалпы, жиынтық және таза табыс;
2) таратылмаған табыс; 3) негізгі қызметтің табыстылығы. |
2.2. Өсіңкілікті бағалау | 1) Өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан және жалпы (авансталған) капиталдан алынған (ақшаның) табыстың салыстырмалы өсу қарқыны;
2) жалпы, жиынтық және таза табыстың өсу қарқыны; 3) меншікті капиталдың өсу қарқыны. |
2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін бағалау | 1) ағымдағы активтердің айналымдылығы;
2) еңбек өнімділігі; 3) қор қайтарымдылығы; 4) өнімнің материалдық сыйымдылығы; 5) меншікті капиталдың табыстылығы; 6) жалпы капиталдың табыстылығы. |
Келтірілген жүйеде берілген көрсеткіштерге қосымша экспресс-талдау шеңберінде кәсіпорын қызметініңтүрлі жақтарын, атап айтқанда оның нарықтық және инвестициялық белсенділігін сипаттайтын бірқатар басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады.
Жоғарыда берілген көрсеткіштердің көбісі олардың өзгеру тенденциясы сияқты жеткілікті дәрежеде экономикалық жағынан айқын түсіндірілген, сондықтан кейбір түсініктемелермен ғана шектелеміз.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын ұзақ және қысқа мерзімді даму барысы тұрғысынан бағалауға болады. Бірінші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлеу қабілеттілігі.
Кәсіпорынның өтімділігі жөнінде айтқан кезде, ондағы бар ағымдағы активтердің мөлшерінің теориялық тұрғыдан алғанда келісім-шартта белгіленген өтеу мерзімі сақталмаған жағдайдың өзінде, олардың қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы назарға алынады.
Төлеу қабілеті тез арада өтеуді талап ететін кредиторлық борыш бойынша есеп айырысу мақсатында осы кәсіпорында ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің жеткілікті дәрежеде бар екендігін көрсетеді. Экспресс-талдау шеңберінде анықталған кассадағы және банктің есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаларды сипаттайтын баптарына көңіл бөледі. Бұл жағдай түсінікті де: олар жиынтық қолма-қол ақша қаражаттарын сипаттайды, яғни кез келген басқа салыстырмалы бағасы ғана бар мүлікті сипаттайды. Бұл ресурстар әлдеқайда мобильді, олар кез келген уақытта қаржы-шаруашылық қызметке енгізілуі мүмкін.
Тағы рефераттар
- Адам санасының шығу тегі мен дамуы
- Арыс ауданының экономикалық- географиялық жағдайы
- Крамер әдісімен теңдеулер шешуге программа құру. Pascal курстық жұмыс
- Мектептегі педагог-психолог маманның жоғары сынып оқушыларымен атқаратын қызметі
- «Машина, жабдықтар және көлік құралдарының физикалық тозуын анықтау» (мысал ретінде Mercedes-Benz 300 SE 2.8) курстық жұмыс