Рыноктық қатынастар жайғдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
- бөлу,
- реттеу,
- ынталандыру;
- бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салықсалғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.
Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрліынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануынжүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;
қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектлері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса керсетеді. Ақша қаржының іс-өрекет етуінің міндетгі шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс қүралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі қүн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сойтіп, ол акщалай қаражаттардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік қатынастардьщ бір белігі ретіңцегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізіңде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдык өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сииаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының түрлі мақсатты акша қорларының қозгалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өдніріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша қаражаттары экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың — бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-қимылына тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшеліхпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аудары-латын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.т.), яғни баламасыздықпен сипатгалады. Салалық кдржыларда қор-лардағы ақша қаражаттарыньщ ішкішаруашылық мақсатгы оқшау-лануының үқсас қағидаты қодданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бүл экономика-лық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіңдік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде-бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі — қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастары-ның өрісін тежеп отьфатьш болса, қаржыға тән қор нысаны, міңдетгі сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Қаржы — бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтыгы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан жеттіліктерін қанагаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоәамдық дамудың қажетті-ліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мумкіндіктерін пайдалана алмаса, мем-лекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметгік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамсыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, соңдықтан мемлекеттің қарамағына қаражатгарды ор-талықтандырудъщ дәрежесі айтарлықтай жоғары — мемлекетгік бюд-жет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы жөне жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді.
Сондықтан өтпелі кезенде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бүл ресурстар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатьш қара-жаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектор қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде «қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар » деп аталынатындарды — мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық, сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.
«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі — өзінің мәні жағынан мынадай түрлі үғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин:
а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтыгы;
ә) елдің қаржы мекемелерінің жиынтыгы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады.. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.
«Жүйе» термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2) кәсіпорыңдардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінін арасында алдыңгы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы бо-лып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера) болып бірінші кезекте мемлекеггік бюджеттен көрінетін метекеттіқ қаржысы болып саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материал-дық өндірісте нақтылы өнім — коғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатывдықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Халықтың (уй шаруашылыгының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше болігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарынын шаруашылық жүргізуші субъек-гілерінің оңдірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Каржы қатыиастарының буындарына тән болып келетін тиісті ортапықтандырыяеан және орталықтандырылмаган ақша қорларының жиынтыгы қаржы жүйесінің екінші бөлігін қүрайды.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы — бұл қаржы қатынастарының әр турлі сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттік бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік кредит;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржылаға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашьшық жургізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды кұрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүкгелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Қаржы рыногы — рыноктық экономиканың калыптаскан элементтерінің бірі. Өз аясына капитал рыногын, валюта рыногын ғанаемес және бағалы кағаздар рыногын ендіреді. Бұл рыноктарды өз кұрамына енгізудің мақсаты — еркін козғалыстағы акша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік коғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеде қаржы рыногының кызметін мемлекеттік бюджет, банктің ңесие жоспары, министрліктің каржы жоспары т.б. тетіктер аркылы жүргізілген.
Экономикалык реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіпқаржы ресурстарын калыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша кысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың кажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізгі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына кажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігін кыскартты.
Қаржы рыногы — өзінің инфракұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттык ағымдармен ерекшелінеді. Қаржы рыногын кұру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы кағаздар эмиссиясы жане оның курсының өзгеруі, инфракұрылым мен ақпаратты камтамасыз етуді жатқызамыз. Рыноктық экономикаға өтуде каржы нарығын дамыту несие -қаржы жүйесін қайта құруды талап етеді.
Әлемдік тәжиірибе көрсеткендей, нарықтык экономикаға екі түрлі қаржылык катынастар әсер етеді бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен баска денгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бір бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.
Тағы рефераттар
- Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
- Сөйлеудің дамуы. Сөйлеу мәдениеті
- Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар
- Географиядан білім беру жүйесі
- Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы