Жоспар
Кіріспе———-3
І. І. Кәсіпкерліктің теорияларық негіздері———5
1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу және даму негіздері——5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні, мазмұны атқаратын экономикалық қызметтері——-8
ІІ. Шағын кәсіпорындарды құру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі—-14
2.1 АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі——14
2.2 Жапониялық шағын және орта бизнестің дамуы——16
ІІІ. Қазақстан Республикадағы кәсіпорындардың дамуына талдау——18
3.1. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарты—19
3.2 Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қазіргі кезеңдегі ахуалы және оларды дамыту жолдары—-20
Қорытынды——23
Қолданылған әдебиеттер——25
Қосымша———26
Кіріспе
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы – материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер – жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие беру тәртібі баяу енгізілуде.
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі — шағын жәие орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені ол әлеуметтік-экономикалық мәселелерді дамыту бағдарламасын шешу барысындағы қуатты тұтқалардың бірі болып табылады. Жекелеген дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік өнеркәсіп өндірісінің 50-70 пайызын құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 60-80 пайыз аралығында. Біздің елімізде де қазіргі таңда экономиканың аталмыш секторындағы субъектілердің саны күн санап өсуде және оның дамуына басым көңіл бөлінуде. Елбасы ұсынған «Қазақстан-2030″ стратегиялық даму бағдарламасының бөлімдерінің бірі елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын және орта кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын және орта бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдарды жасалуда.
Зерттеліп отырған курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:
— Шағын және орта кәсіпкерліктің атқаратын қызметтерінің мәнін ашу;
— Шағын және орта кәсіпкерліктің түрлері мен ұйымдық – құқықтық пішіндерін анықтау Шағын және орта кәсіпкерліктің
— Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық орнымен әрекетінің әдістемелік көрсеткіштерін қарастыру;
— Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының алғы шарттары мен қажеттілігін талдау;
— Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың санын, түрлері мен пішіндерін зерттеу;
— Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарының қазіргі кезеңдегі ахуалына талдау жасау;
— Шағын кәсіпорындарды құру мен дамытудың шетелдік тәжірибесін талдау.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
курстық жұмыс / 26 бет
Тағы рефераттар
- Студенттің педагогикалық ізденісінің жалпы логикасы және құрылымы
- Музыкалық қабылдаудың түрлері
- Төле би Әлібекұлы
- Азаматтық құқықтық корғалу объектісі ретіндегі жеке мүліктік емес қатынастардың түсінігі және жүйесі дипломдық жұмыс
- Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау