МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 6
1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 6
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары 13
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы 16
Жалпы табыс 16
2. «ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ – МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ 21
2.1 Өндірістік кәсіпорынның табысын талдау 21
2.2 Өндірістік кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісі 27
2.3 Өндірістік кәсіпорынның пайдасын және рентабельділігін талдау 40
3 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАНЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ 47
3.1 Пайданы көтеруге бағытталған іс-шаралар 47
3.2 Кәсіпорындағы өзіндік құнды төмендету резервтері 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
А -қосымшасы- КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАЛАНСТЫҚ ПАЙДАНЫ БӨЛУ СЫЗБАСЫ 63
Ә -қосымшасы — «ҚАРАҒАНДЫ ҚҰРАЛДЫ – МЕХАНИКАЛЫҚ ЗАВОДЫ» ЖШС КӘСІПОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КАЛЬКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР СҰЛБАСЫ 64
Б -қосымшасы — 2010 жыл бойынша пайда мен зияндар туралы есеп 65
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші боып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады. Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
— кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
— кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
-кәсіпорынның өзіндік құнын талдау әдісін қарастыру;
-кәсіпорындағы тиімділік көрсеткіштерін анықтау;
-кәсіпорынның табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шараларын қарастыру.
Зерттеу объектісі ретінде «МАТОКазахстан» ЖШС-нің өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады. Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Дипломдық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмыс / 65 бет
Тағы рефераттар
- Халықаралық валюталық қатынастар курстық жұмыс
- Кәсіптік бағдар беру сабағының мәні мен мазмұны
- Неке және отбасы
- Джон Ф. Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы
- Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері