Мазмұны

Кіріспе……3
1 Кәсіпорын табысы және оны қалыптастырудың теориялық негіздері……..6
1.1 Кәсіпорынның табысы түсінігі және оның атқаратын ролі……..6
1.2 Түзетілген жылдық жиынтық табыстан алынатын шегерімдер түрлері…….15
1.3 Кәсіпорын табыстылық деңгейін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі………21
2 Нарық жағдайындағы кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштеріне талдау жасау…….26
2.1 Кәсіпорын табыстылығының абсолюттік көрсеткіштеріне талдау жасау….26
2.2 Кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін талдау……..35
2.3 Нарықтық қатынастар жағдайында маржиналды табысты талдау…….48
3 Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау және төмендету жолдары – кәсіпорын табыстылығы мен тиімділігін арттырудың негізгі құралы…..61
Қорытынды……..71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……….74
Қосымшалар………77

Кіріспе

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Шетелдік тәжірибеде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады: «Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Кәсіпорын табыстылығының экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үдерісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үдерісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қор біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана айналым қорының құны өнімді дайындау кезінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады. Бизнестің кез-келген түрімен айналысқан кәсіпорын табыстылығын есептеп, бизнестің олжалы болғанын қалайды. Кәсіпорын табысы екі құрамнан: бағадан және шығындардан тұрады. Баға сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына тәуелді екені белгілі. Сол себепті өз қалауымызша бағаны көтере алмаймыз. Шығындар жөнінде басқаша оның шамасы пайдаланып жатқан еңбек, материалды ресурстарға, техниканың деңгейіне, өндірісті және еңбекті техникалық жағынан ұйымдастыруға және т.б. байланысты. Осыдан көрініп тұрғандай, оларды тиімді басқаруға күш салу керек екені көрініп тұр.

Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі табыстылық болып саналады. Табыстылық – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарамай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

Нарықтық қатынаста шаруашылық субъектісі бәсекелес жағдайында өндірісті қарқынды дамытуға, нақты тауарды нарық тұғырында ұстап тұруға, оның нарықта тұрақты жұмыс атқаруына мүмкіндік жасау үшін барынша көп пайда табуға тырысады. Бұл міндетті орындау үшін пайданың қалыптастыру көзін біліп қана қоймай, оларды қалай оңтайлы пайдалану әдістерін білу қажет. Пайданы басқару қаржылық саясаттың іргелік бағыттарының бірден-бір негізі болып табылады, ол қаржылық нәтижелердің бар көздерін барынша молайтудан басқа, сонымен қатар осы көздердің жалпы номенклатурасын ұлғайту қажеттігі артады. Осыған орай кәсіпорынның табыстылығын арттыру мәселелері айрықша көкейтестілікке ие, бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның табыстылығын және оны талдау көрсеткіштерінің жүйесін экономикалық тұрғыдан ашып көрсету болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер беріліп, шешу жолдары қарастырылады:

— табыс түсінігін және атқаратын қызметін экономикалық тұрғыдан негіздеу;

— табыстылықтың экономикалық ролін және түрлерін сипаттау;

— кәсіпорынның табыстылық деңгейін анықтайтын көрсеткіштер жүйесін ашып көрсету;

— табыстылықтың абсолютті және қатынасты көрсеткіштерін және есептелу жолдарын талдау;

— нарық жағдайында кәсіпорын табыстылығы мен тиімділігін арттыру жолдарын ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні кәсіпорын табысын қалыптастыру мен табыстылықты талдау әдістерін зерттеулердің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде «Нұрым» ЖШС алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында кәсіпорынның табысы түсінігі және оның атқаратын ролі, түзетілген жылдық жиынтық табыстан алынатын шегерімдер түрлері, кәсіпорын табыстылық деңгейін айқындайтын көрсеткіштер жүйесі теориялық тұрғыдан сипатталады.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында кәсіпорын табыстылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері сипатталып, нарықтық қатынастар жағдайында маржиналды табысты талдаудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорын табыстылығын арттыру жолдары, сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау және төмендету жолдары баяндалады.

Жалпы, бұл дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік экономист-ғалымдардың кәсіпорынның табыстылығына байланысты жазған еңбектері, сондай-ақ осы зерттеліп отырған мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері пайдаланылды. Сонымен бірге, «Бухгалтерлік бюллетень», «Аль-Пари», «Қаржы-қаражат», «Қазақстан іскері», «Егемен Қазақстан» атты мерзімді басылымдар дипломдық жұмыстың қайнар көздері болып табылады.

 Дипломдық жұмыс / 80 бет
Тағы рефераттар