Кәсіпорында айналым қорларын үнемдеу элементтері туралы қазақша реферат
Нарықтық экономикаға көшу кезінде әрбір кәсіпорын үшін маңызды болып материалдық ресурстарды үнемдеу, нақтырақ айтсақ, өндірісте материалдық шығындар шығынының үлкен бөлігін құрайды, оның нәтижесінен табыстың көлемі тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында табыс — кәсіпорынның өмірін қамтамасыз етудегі негізгі көзі.
Кәсіпорынның айналым қорларын үнемдеу элементтерінің әр түрлі көздері және жолдары болады.
Үнемдеу көздері ненің есебінен үнемдеуге жетуге болатынын, үнемдеу көздері немесе бағыттары қалай, қандай шаралар арқасында үнемдеуге жетуге болатынын көрсетеді.
Әрбір кәсіпорында материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері болады. Резерв деп пайда болған немесе болатын, бірақ әлі қолданылмаған материалдық ресурстарды жақсартудың мүмкіндіктері жатыр.
Материалдық ресурстарды үнемдеу резервтері пайда болу және пайдаланылу деңгейіне қарай мынадай 3 топқа бөлінеді;
— Халық шаруашылық;
— Ортақ өндірістік — салааралық;
— Ішкі өндірістік (цехтық, зауыттық, салалық).
Халық шаруашылығының резервтеріне: халықшаруашылығында және оның барлық салаларында маңызды, сонымен бірге оларды қамтамасыз ететін, өндіріс құрылымында халық шаруашылық пропорциясын прогрессивті бекіту, өндіруде және үнемдеу өндірісінде, синтетикалық шикізат пен материалдарды өндірісте қолданылатын резервтер жатады.
Ортақ өндірістік – салааралық резервтер – бұл резервтер өндірісте алғашқы орындағы кәсіпорындардың өндірістік-экономикалық байланыстарын модернизациялау. Бұл резервтер жекелеген өндірістер мен экономикалық райондардың дамуымен байланысты. Олардың ішінде халық шаруашылығы маңызды болып табылады. Сонымен бірге олардың практикалық мобилизацияда қолдану масштабы шектелген және үлкен бөлігі бірімен – бірі байланысқан салаларда кең таралады немесе ірі өндіріс немесе аумақтық өндірістік комплектер.
Ортақ өндірістік – салааралық резервтерге: пайдалы қазбалардың жаңа тиімді әдістерін ендіру мен кен орындары жүйесін жобалау, прогрессивті технологиялық процесстерді өндіру, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды табуды жоғарылату, минералды шикізаттарды комплекстік қайта өндіру, маманданудың дамуы, өндірісті коперациялау және комбинациялау, әртүрлі меншіктегі кәсіпорынды құру мен дамыту, тиімді шикізат пен материалдар түрін өндіретін өндірісті қарқынды дамыту.
Ішкі өндірістік резервтерге: материалдық ресурстар қолдануды жақсарту мүмкіндіктері, техниканың жетілуімен, технология мен ұжымдық процестердің дамуымен байланысты бұйымдардың жаңа түрлерін меңгеру, нақты және сала асты өндірістерде өнімнің сапасын арттыру қасиеттері жатады.
ҒТП ғасырында барлық халықшаруашылық салаларында ғылыми-техникалық прогрестің жетілуі қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының қозғаушы күші болып табылады. Көптеген жағдайда органикалық ұғым мен өндіріс арасында интенсивті процесс жүреді. Ол өндірістік өнімнің материал сыйымдылығын систематикалық азайту үшін үлкен мүмкіндік тудырады.
Өндірісте немесе өнеркәсіпте ресурстарды үнемдеуге бағытталған шараларға байланысты резервтер өндірісті-техникалық және ұйымды – экономикалық болып бөлінеді.
Өндірісті – техникалық бағытқа өндірістік тұтынуға шикізатты сапалы дайындаумен, машинаны құрастыруды жетілдірумен, құралдар мен бұйымдарды, шикізатты тиімді қолданумен, жанармай, жаңа техникамен және прогрессивті технологияны ендірумен байланысты шаралар кіреді [5, 301].
Халық шаруашылығы саласындағы негізгі өндірістің материалдық сыйымдылығын төмендету – машина құрастыру қара металлургияға жатады. Сондықтан қара металлургияны әрі қарай дамытудың басты бағыты болып металл өнімдерін тиімді шығару мен оның сапасын жақсарту табылады.
Машина құрастыру саласында барлық өндіріс-техникалық бағыт болып материалдық ресурстарды үнемдеуді келесі шараларға бөлуге болады.
— ҒТП-ң жеделдеуінен машинаға қатысты металл сыйымдылығы, механизмдері, агрегаттары төмендейді. Белгілі болғандай, ҒТП-ң маңызды бір қасиеті машина құрастыру- құралдар мен машиналардың өндіргіштігін және қуаттылығын көтеру, сонымен қатар, таза және қатысты салмақтың салыстырмалы бағасымен, материал сыйымдылығымен, сыртқы немесе ішкі түрлерінің жақсаруымен, олардың меншікті салмағының шығындарының төмендеуі мен оның сапасының жоғарылауымен, ең бастысы еңбектің өндіргіштігінің көтерілуімен сипатталады.
— Прокаттың түрлерін үнемдеуге бағытталған бағыттар 10-70% шамасында болады. Машина құрастыру салаларында прокат тиімді табылады.
— Конструкторлық материалдарды дәстүрлі түрде алмастыру. Машина құрастыру өндірісінде қара металдарды синтетикалық смолармен, түсті, жеңіл және жиі кездесетін металдармен алмастыру процесі жүреді. Қара металдың маңызды мақсаттарының бірі болып өнімнің метал сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы төмендетеді, ол ақырғы кезеңде машина құрастыруда өнімнің сапасын жоғарылатады.
Пластикалық массалар автомобиль құрастыруда, авиациялық өндірісте, электр және радио техникалық өндірісте, станок жасауда, антифрикциондық деталдар өндірісінде тиімді деп саналады. Пластикалық массаны қолдану, ол қара және түсті металдарға қарағанда физмкалық меншікті салмағы аз, ол машина мен құралдардың қатысты салмағын төмендетуге, сонымен бірге металдарды үнемдеуге мүмкіндік туғызады. Пластикалық массалардан деталдар, бұйымдар жасау, технологиялық операциялардың санын металдарды өңдеуден 3-8 есе аз.
— Машина жасау базасындағы өндірістік техникалық деңгейін ары қарай дамыту, жоғары дәрежелі дайындауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған құрал – жабдық кешенін енгізу, сонымен қатар құйма және сварка өндірісіндегі еңбек жағдайын жақсарту және өнімділікті біршама жоғарылату.
Материалдарды қағаз формасында болатын өнеркәсіптің және өндірістің өңдеу салаларындағы материалдарды үнемдеу тиімді қаптау схемаларын қолдану. Осы мәселені шешуде экономика — математикалық әдістері және электронды-есептеу машиналарын қолданған тиімді, олар арқылы қаптау схемасының оптималдығы анықталады.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы өнеркәсіптің барлық салаларындағы үлкен экономикалық тиімділік құрамында құнды шикізаты бар жергілікті және жанармай-энергетикалық ресурстарды максимальды қолдану арқылы жеткізіледі. Сондықтан халық шаруашылығында маңызды орында қуаттылығы көп емес металлургиялық зауыттар құрылысын қара түсті металл қорлары бар жерлерде салу транспорттық шығындарды азайтады. Бұл кәсіпорындар арасындағы тікелей ұзақ байланысты орнатуға кең мүмкіндіктер алады.
Металдық ресурстарды экономикада негізгі экономикалық – ұйымдастырушылық бағыттарға мыналар жатады: өнеркәсіптік өнімнің материал сыйымдылығын жоспарлау мен нормалардың ғылыми деңгейін өсірумен байланысты кешендік шаралар, материалдық ресурстарды шығындауда ғылыми негізделген норма және нормативтерді өңдеу және енгізу, жаңа тиімді шикізат және материал, жанармай-энергетикалық ресуртарды дамыту, елдің жанармай тепе-теңдігін жетілдіру.
Әрбір кәсіпорындағы материалдық ресурстарды үнемдеу жөніндегі басты бағыт-жұмыс орындарында бірдей мөлшердегі шикізат пен тариалдардан дайындалатын соңғы өнім көлемін ұлғайту. Ол өндірістің техникалық жабдықталуына, жұмыскерлердің шеберлік деңгейіне, материалдық-техникалық қамтуды шебер ұйымдастыруға, материалдық ресурстар шығыннны мен қор мөлшеріне, олардың негізделген дедңгейіне байланысты.
Бұл бөлімді қорытындылай отырып, өндірістік үдерістегі шығындарды қысқартудың да маңызы зор, себебі оның есебінен материалдық ресурстардың 15-20%-ын үнемдеуге болады. Ол үшін өнімді сақтау және тасымалдау ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету керек.
Тағы рефераттар
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Биржа және биржа сауда- саттығы түсінігі мен негізгі белгіліері. Биржа түрлерін жіктеу
- Теріден жасалатын киімдер
- Достық, татулық туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Сөздің морфологиялық құрылымы