Кәсіпорындағы есурстарды қолданудың тиімділігін келесі көрсеткіштер сипаттайды:
-еңбек өнімділігінің жоғарылауы;
-еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен өндірілген өнімнің жоғарылауы;
-базистік кезеңнің шарттарымен салыстырғанда есептік кезеңдегі жүмысшылар еңбегін салыс-тырмалы түрде үнемдеу;
— еңбекақы қорын салыстырмалы түрде үнемдеу; :
— еңбек өнімділігі мен орташа еңбек ақы қорының қатынасы.
Осы көрсеткіштердің негізінде еңбек тиімділігін бағалау үшін кәсіпорындардың мәліметтерін қолдана отырып талдау жасайық.
Жеке жұмыс күшін қолданудың нәтижесі-бұл жұмысшының нақты еңбегі, ол өндірілген нақты өніммен есептеледі, сондай-ақ жұмысшының қол жеткізген еңбек тиімділігімен анықталады.
Еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен өндірілген өнім көлемінің өсімшесін өткен кезеңдегі еңбек өнімділігіне бөлетін болсақ еңбек күшін салыстырмалы үнемдеу мөлшерін алуға болады:
Еңбек өнімділігінің 6766,87 сомаға жоғарылауы есебінен өндіріс көлемінің артуының өсімшесі жұмыс күшін 368 адамға үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл есептік кезеңдегі еңбек өнімділігі жағдайында кәсіпорын базистік өнім көлемін 368 адамға аз жұмысшылар санымен қол жеткізе алатындығын дәлелдейді.
Еңбекақы шығындарының тиімділігін талдау еңбекақы қорын салыстырмалы үнемдеу, жұмысшылар санының әсерін, орташа еңбекақы мөлшерін, еңбекақы қорына еңбек өнімділігі мен өндірілген өнім көлемінің факторлық талдауын, сондай-ақ орташа еңбекақы мен еңбек өнімділігі өсімшесі қарқынының қатынасын анықтаумен сипатталады.
Еңбекақы қорының жұмысшылар саны мен орташа еңбекақы мөлшеріне тәуелділігін келесі түрде көрсетуге болады:
V = К*Ү
мұндағы, У-еңбекақы қоры;
К-жұмысшылар саны;
Ү-бір жүмысшының орташа еңбекақысы.
Абсолюттік айырмашылықтар әдісі тәжірибеде басқару шешімдері мен қорытындылар жасау үшін қолданылады, бірақ оның нәтижелері әрқашанда нақты емес.
Еңбекақы бойынша шығындардың абсолютті үнемделуі есептік және базистік кезеңдердегі еңбекақы қоры мөлшерлерінің айырмашылығы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш шығындардың абсолютті өзгерістерін сипаттайды, бірақ олардың өзгерістерінің нәтижелілігін көрсетпейді, сондықтан да еңбекақының салыстырмалы үнемделуін анықтау керек.
Еңбек тиімділігінің әдістемелік мәселелерінің арасында оны анықтаудың принциптері туралы сұрақтар аса маңызды орынға ие. Тиімділік жөніндегі көзқарастарда персонал еңбегінің нәтижесі техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылык, әлеуметтік, экономикалық және т.б. көрсеткіштермен сипатталады. Тиімділік элементінің қатынасы (нәтиже және шығындар), оны жоғарылатудың келесі мүмкіндіктерімен түсіндіріледі: шығындарды өзгертпей нәтижені жоғарылату, нәтижені өзгертпей шығындарды төмендету, шығындардың жоғарылауына қарағанда салыстырмалы түрде нәтижені тез қарқынмен үлғайту. Жұмысшылар еңбегінің ерекше сипаты мен оның өндіріс нәтижесіне әсерін ескере отырып, тиімділікті кешенді түрде бағалау керек. Жұмысшылар еңбегінің тиімділігін жоғарылату қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы көсіпорындағы оның негізгі мәселелерін дұрыс бағалап, оңтайлы шешімдер қабылдаумен түсіндіріледі.
Тиімділіктің жоғарылауын кәсіпорынның интенсивті даму факторларына жатқызады. Интенсификациялау процесін сипаттау үшін тірі және заттанған еңбекке жүмсалған шығындарды ескеру қажет. Бірақ, соңғы кезекте еңбек тиімділігі — өндіріс тиімділігін жоғарылату мен интенсификациялаудың жалпылама көрсеткіші болып табылады.
Еңбек туралы ғылым кешенді түрде еңбектің экономикалық тиімділігін жоғарылату, адамдық капиталдың шығармашылық потенциалын үтымды түрде қолдану, еңбек мотивациясы мен ұйымдастырылу әдістерін түрақты түрде жетілдіру, адамның еңбектік іс-әрекеттерінің шарттарын жақсарту мен оның әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қарастырады.
Әлемдік тәжірибеде, ең басты ендіргіш күш адам болып саналады. Әрбір жұмысшы, жеке топтар мен толықтай қоғам еңбектік қызметгі жүзеге асыру мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне ие және оның тиімділігін іске асырады.
Еңбек процесінің тиімділігін жоғарылату еңбектің техникалық базасын жетілдіру және оны үтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін барлық элементтерін қарастыруды талап етеді.
Тағы рефераттар
- Қызметке қабылдау туралы бұйрық (өкім)
- Оңтүстік Қазақстан облысының қалалық әкімшіліктерінің экономикасына сипаттама
- Үнді — будда мәдениеті
- Шәмші Қалдаяқов
- Шаттық шеңбер балабақшадағы ашық сабақ