Мазмұны

Кіріспе………..5

1 Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері…….7
1.1 Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі………7
1.2 Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау…..16
1.3 Шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі……23

2 «Бобровка + » ЖШС-ның қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау……29
2.1 «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметін талдау…..29
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау…..33
2.3 Шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау………41

3 «Бобровка + » ЖШС-ның шығындарын басқару жүйесін жетілдіру……..46
3.1 «Бобровка + » ЖШС-нда шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары…….46
3.2 Кәсіпорындағы шығындарды үнемдеу мумкіндіктерін анықтау және оңтайландыру…….54
3.3 Шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар….55

Қорытынды………….57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…….59
Қосымшалар…………61

Кіріспе

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері  артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі  жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.

Қатаң бәсекелестік жағдайы  кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге  үлкен қызығушылық тудыруна әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.

Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыру. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.

Барлық кәсіпорындарда да шығындарды рационалды деңгейге дейін төмендету үшін резервтер қалыптасқан, ол кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің өсуіне, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға қол жеткізуге көмектеседі. Өнім бірлігін шығаруға шығындарды төмендету кәсіпорынға айтарлықтай төмен және икемді баға орнауға көмектеседі, ол бәсекелестер алдында маңызды артықшылық береді. Сол себепті әрбір кәсіпорын үлкен экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін шығындарды талдау мен оларды тиімді басқарудың маңызы зор.

Соңғы жылдары шикізат құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген шығындардың өсуіне байланысты өндіріс шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді талап етеді. Бұл кәсіпорынға бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге  көмектеседі.

Шығындарды басқарудың мақсаты — ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай  кезеңдерді өзіне қосады.

Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты — шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

—   басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;

—   кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;

—   кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;

—   талданатын ұйым бойынша жиналған мәліметтер негізінде өндріске кететін шығындарға талдау жүргізу;

—    шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;

—   кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі — «Бобровка + » ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметі.

Дипломдық жұмыс барысында осы тақырыпты зерттеген шетелдік және отандық ғалым-экономистердің еңбектері қолданылған, соның ішінде Маркс К, Горбашко Е. А., Стуков С. А., Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж., Энтони Р., Друри К., Скоуна Т., Шима Дж. К., Сигела Дж., Карпов Т.П., Кондратов И.Г., Николаев С.А., Палия В., Ткача В.И., Аксененко А.Ф., Чумаченко Н.Г., Батрин Ю. Д., Бурцев В. В., Дронов Р. И., Николаев С. А., Карпова Т.П., Шеремет А. Д- ның еңбектерімен қоса, отандық Дәуренбекова Ә. Н-ның еңбегін атап өтуге болады.

Диплом жұмысының барысы үш бөлімнен құрылған.

Бірінші бөлімде жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, шығындарды алғаш зерттеген ғалымдар, кәсіпорын шығындарын басқару, талдау және  шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімде шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау, шығындарды калькуляция баптары бойынша талдау толық қарастырылған.

Үшінші бөлімде қазіргі таңда кәсіпорын шығындарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары, шығындарды басқарудың тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қарастырылған.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кестеден, суреттен және формуладан тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 62 бет
Тағы рефераттар