Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.
Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:
- Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);
- Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);
- Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;
- тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).
Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:
- Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);
- Кәсіпорынның баға саясаты;
- Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.
Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.
Айналым капиталдарын қолданудың тиімділігін арттырудың жолдары жоғарыда Қазхром АҚ мәліметтерінің негізіне сүйене отырып қарастырған болатынбыз. Ағымды активтердің оңтайлы көлемін қалыптастыру негізінен алғанда активтердің кәсіпорынға қажетті мөлшерін анықтаумен байланысты болғандықтан, материалдарды оларды әдістемесімен де таныс болдық.
Алайда, аталған кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның ағымды активтердің құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ерекшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерн жоспарлау, болжамдау және алдын-ала есептеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра алады.
Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымды активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.
Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым жылдамдығын арттырады, нәтижесінде жалпы ағымды активтердің тиімділігінің өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық нысанға ауысады.
Аталған ағымды активтердің құрамдас бөліктердің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді жатқызуға болады:
- Есеп айырысу және төлем дисциплинасын нығайту;
- өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;
- келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;
- есеп айырысудың прогрессивті нысандарын қолдану тәжірибесін кеңейту;
Дебиторлық қарыздардар шоғырланып, тұралап қалған қаражаттарды қысқартудың маңызды факторы – бұл ағымды активтерді толықтыруға бағытталған қаржы ресурстарын тарту болып табылады. Кәсіпорындар өздерінің ағымды активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін қысқа мерзімді несиелерді қажет кезінде және қажет көлемде тарта білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда ағымдағы активтерді қысқа мерзімді қаржыландырудың алуан түрлі нысандары қалыптасып отыр.
Қазақстанда шағын несиелер беретін кәсіпорындар дамуы мемлекет тарапынан қажетті шараларды талап етеді. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы екі млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік несиелерді есептемегендегі қаражат көздерінің құрылымында шағын несиелердің үлесі небәрі 8% ғана құрап отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2003 жылдың ақпан- наурыз айларында қабылданған «Несиелік серіктестіктер туралы» және «Шағын несие ұйымдары туралы» Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізу қажет.
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорындардың ағымды активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың негізгі мәселелерін зерттеу нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымды активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.
Жұмыста қарастырылған өзекті мәселе, кәсіпорындардың қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру — қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады.
Тағы рефераттар
- Халықаралық қаржылық ұйымдар курстық жұмыс
- Өндірістік менеджмент
- Тауар ассортименті
- Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау
- Шартты бекіту, өзгерту және бұзу