Кәсіпорынның экономикалық ресурстары туралы қазақша реферат

Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдарды  өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды  түрлі көзқарастарда  сәйкес топтастыруға болады.
1. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал
2. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
«Жер» ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, пайдалы қазбалар, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
«Капитал» немесе инвестициялық ресурстар ұғымы — тауар өндіру  және қызмет көрсету, оларды түпкілікті  тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға  арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс т.б.).
Өндіріс процесін және өндіріс құралдарын қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады.
«Еңбек» ұғымы тауар өндіруде  және қызмет  көрсетудегі барлық  дене  және адамдардың ақыл–ой қабілеттілігін көрсетеді.
Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының әлеуметтік белсенділігі – жұмысшы күші болып табылады.
Жұмысшы күші дегеніміз – адамдар бойындағы физикалық және рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және рухани қабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты,  маусымдық және уақытша болып бөлінеді.
Еңбек ресурстары түсінігін анықтауда біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөледі:
1.Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар(туғаннан 16-ға дейін)
2.Еңбекке жарамды жастағы адамдар;
3.Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер.
Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді.
Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.
Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі – еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.
Еңбек өнімділігі – нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндіруге неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады.
Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы  бір қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі  де мардымсыз болады, осыдан  қоғам тауарлар мен қызмет  көрсетудің  межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.
Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды  заттай және ақшалай  нысаны түрінде  қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын  болғандықтан олардың бағалары  да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы  барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.
Ресурстар нарығының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай  өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда тауар мен қызмет көрсету мөлшері  тұтынушылардың  сұранысын қанағаттандыра алмайды.

Өндіріс факторлардың қосылуы

Жер

Еңбек

 

Капитал

Жер — өндірісте пайдаланылатын табиғи  ресурс

Еңбек – бұл адамның өндірістегі қабілеті мен дағдысы

Капитал — өндірісте пайдаланылатын ресурс

Кәсіпкерлік қабілеті

Өндірістің бұл факторы жер, еңбек, капитал ресурстарын бір кәсіпорында біріктіреді.

1       – сурет.   Өндіріс факторлардың қосылуы

Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі болып рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріліп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы олардың тікелей  баға арасындағы  байланысы  мен нақтылы  бар  мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс  көлемінің арасында қарама қарсы  байланысты көрсетеді: егер  де баға  көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарын аз сатып алады немесе  оларды арзандау басқалармен алмастырылады.
Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа  деген туындысы  болып табылады.      Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады.
2. Ресурстарға сұраныс еңбек  өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық  ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты. Яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.
3. Ресурстардың туынды сұранысы  көбейеді, егер де  өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы  ресурстардың  бағасы  төмендесе немесе  көтерілсе, қосымша ресурстардың  бағасы төмендейді.

Кесте 1 — Кәсіпорынның өндірістік ресурстары

Материалдық -заттай нысаны

Ақшалай нысаны

Қабылданатын есеп-қисаптар

Нарықтық жағдайда
Жұмыс күші Еңбекақы қоры Ауыспалы капитал
Еңбек құралы(машина, жабдықтар, т.б) Негізгі қорлар Негізгі капитал
Еңбек заттары (шикізат, материалдар, т.б) Айналмалы қорлар Айналмалы капитал
Дайын өнім(тауарлардың қорлары) Айналыс қорлары Айналыс қорындағы айналым капиталы
Өндірістің табиғи жағдайы(жер,пайдалы қазба байлықтар, т.б) Айналымдағы ақша (есептесу шоты, есептесу, касса) Ақша нышанындағы айналыс капиталы

Ресурстар

Жарғылық капитал

 

Сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:
• дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады;
• ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;
• жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе,онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса,соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары  болады.
Тағы рефераттар