Теңгерім активтері құрамының және құрылымының серпінін талдау кәсіпорынның абсолюттік және салыстырмалы өсімінің немесе барлық мүлкі мен оның жекелеген түрлерінің азаюының мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Активтік өсімі немесе азаюы кәсіпорын қызметінің ұлғаюын немесе кемуін көрсетеді.
Қаржы есептілігінің маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау кезінде олардың болуы, құрамы, құрылымы және ондағы өзгерістер зерделенеді. Құрылымды талдау активтердің толығымен және оның жекелеген түрлерін, оларды орналастыруды оңтайландыру туралы талдауға мүмкіндік береді.
Активтердің ұлғаюы кәсіпорынның жұмысын оң сипаттайды, оның бұдан әрі дамуы туралы болғандықтан куәландырады.
Бірақ, кәсіпорынның мүлік құнының ұлғаю себептерін талдап, осы нақтылы теңгерім есебінің шынайылықтан едәуір ауытқушылықтың жоғары деңгейі, инфляцияның әсерін ескеру қажет.
Кәсіпорынның активтері өтімділік деңгейіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
А1 – неғұрлым өтімді активтер
А2 – жедел іске асырылатын активтер
А3 – күрделі іске асырылатын активтер
Теңгерімнің пассивтері оларды төлеудің жеделдігі бойынша жинақталады:
П1 – неғұрлым жедел міндеттемелер мыналарды қамтиды:
П2 – қысқа мерзімді міндеттемелер
П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер
П4 – тұрақты міндеттемелер
Теңгерімнің өтімділігін анықтауға арналған актив және пассив бойынша топтардың келтірілген қорытындысын салыстырудан шығады. Егер мынадай қатынастағы орынды иемденсе, теңгерім абсолюттік өтімділік болып саналады:
А1>=П1, А2>=П2, А3>=П3, А4<=П4
Басқа сөзбен айтқанда, теңгерім өтімді болып табылады, егер әр топ кәсіпорынның міндеттемелер тобының үштен бірін немесе оған тең келетінін салыстырмалы жабады; басқа жағдайда теңгерім өтімді емес.
Топтарға енгізілген теңгерім баптарын кесте түрінде мақсатқа сәйкес безендіру керек.
2004 ж.
А1 (379489)>П1 (5048692)
А2 (8094128)<П2 (3718732)
А3 (1518636)<П3 (14514062)
А4 (49451374)<П4 (36162141)
2007 ж.
А1 (908986)>П1 (5247632)
А2 (10072512)<П2 (6679552)
А3 (1356105)<П3 (16832583)
А4 (50971754)<П4 (34549590)
2008 ж.
А1 (1407501)>П1 (6022724)
А2 (10126313)<П2 (8621581)
А3 (1259934)<П3 (13930617)
А4 (52270461)<П4 (36489287)
1 — кестені салыстыру қорытындысы актив және пассив баптарының жақын арадағы түсімі мен төлемінің қатынасын көрсетеді (3 ай мерзімге дейін).
2 — кестені салыстыру актив және пассив баптарының төлем тәртібі жай-күйінің алдағы жақын уақытта жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды шығаруға жағдай жасайды (3 айдан 6 ай мерзімге дейін).
1 және 2 — кестелерді жалпы салыстыру актив және пассив баптарының теңгерімі ағымдағы өтімділікті анықтауды көрсетеді, осы сәттен бастап кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді.
Сөй тіп, «Қазақтелеком» ААҚ-ның теңгерімді талдауда зерттелген мерзім ішінде қорытынды жасауға болады, ААҚ-ның төлем қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын қолдайды.
Жылдам іске асырылатын активтердің қысқа мерзімді міндеттемелері болғандықтан, барлық зерттеу мерзімі ішінде 2.3. – кестесі мәліметтерінен шығатын А2>П2 теңсіздігі сақталмайды. Қорытынды теңгерімнің өтімді емес екенін білдіреді.
2.4.–кестеде өтімділіктің ең кеңінен пайдаланылатын көрсеткіштерінің есептері келтірілген.
Жабу коэффициенті қолма-қол ақша капиталына айналдыру мүмкіндігі негізгі борыш сомасын төлеудің шамамен тиісті мерзімінің ішінде болжанатын ағымдағы активтермен оның ағымдағы міндеттемелерін жабу деңгейін көрсете отырып, кәсіпорынның өтімділігін жалпы бағалауды береді.
Жабу коэффициенті мыналарды:
1) ағымдағы активтердің теңгермелік құны ағымдағы міндеттемелерден қанша есе асатынын;
2) өзінің ағымдағы міндеттемелерін жаба алмайтын жағдайда қалғанға дейін кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құны қанша есе азаятынын көрсетеді.
Жабу коэффициенті көрсеткішінің мәні қызметтің салалары мен түрлері бойынша елеулі айырмашылығы болуы мүмкін. Дамыған нарықты экономикалы елдерде қаржы коэффициенттерін бағалау саланың орташа көрсеткіштерімен олардың қатынасында жүргізіледі. Егер, компаниядағы коэффициенттің мәні сала бойынша орташадан айырмашылығы болса, онда бұл есептілікті одан әрі тексеру және неғұрлым егжей-тегжейлі талдау қажет.
Шетелдік есептік-талдау практикасында жабу коэффициентінің сындарлы төменгі мәні 2 тең, жоғарысы 3 тең мәні келтіріледі. Алайда, қолданылуы ерекшелігі мен оның перспективасына тәуелді шамамен алғандағы мән ғана. Егер, компанияда қорлардың жоғары айналымдылығы бар болса және онда дебиторлық берешекті өндіріп алумен проблема жоқ болса, ағымдағы коэффициенттің неғұрлым төменгі мәні қолайлы болуы мүмкін. Егер, жабу коэффициентінің мәні 1-1,5-тен аз болса, онда бұл неғұрлым егжей-тегжейлі талдауға арналған дабыл.
Есептелетін кезеңде жабу коэффициентінің өзгерісін талдап, мынадай қорытынды жасауға болады: ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерді жаппайды, ол өз кезегінде, кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді. Алайда, бұл коэффициент 3 жыл үшін өсу үрдісі (0,03 пункт немесе 3%) бар.
Орташа салалық және ұсынылатын нормативтік мәндермен олардың мәндерін салыстырудан басқа, коэффициенттерді талдау кезінде коэффициенттердің өзгеруі үрдісіне талдау жүргізу өте маңызды, өйткені ол кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсарады ма немесе нашарлайды ма, соны түсінуге мүмкіндік береді.
Ең дұрысы, кестені құру көмегімен үрдіске талдау жүргізу орынды, ондағы бір желі компания бойынша коэффициенттің өзгеруін, ал екінші желі – сол кезең үшін коэффициенттің орташа салалық мәнінің өзгеруін бейнелейді.
Өтімділікті сындарлы бағалау коэффициенті ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы активтердің неғұрлым өтімді бөлігінің қатынасы ретінде есептеледі.
Шетелдік есептік-талдау практикасында сындарлы өтімділік коэффициенті 1-ден аз болмауы тиіс деп саналады, бірақ бұл шамамен алғандағы мән ғана. Осы көрсеткішті түсіндіру осындай сияқты оған қосымша келісілуі тиіс.
Сындарлы өтімділік коэффициенті мынадай жолмен өзгерді: 2007 жылы – 0,78, 2008 жылы — 0,71, 2009 жылы – 0,61. Мәндер оңтайлы мәнге сәйкес келмейді – 1-ден артық. Бұл осы немесе болашақ кезеңде төлемдермен қиыншылықтар туралы дабыл болуы тиіс, бірақ бұл кәсіпорынның өзінің қолма қол ақшасын басқара алатынын және пайдасыз қымбат тұратын өтімді қаражатты сақтамайтынын білдіреді.
Абсолютті өтімділік коэффиценті кәсіпорын өтімділігінің неғұрлым қатты өлшемі болып табылады және қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі қажеттілік кезінде өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді.
Шетелдік практикада Абсолюттік өтімділік коэффициенті өте сирек есептеледі, бірақ оның оңтайлы ұсынылатын деңгейі 0,2-0,25-ке тең деп саналады.
Абсолюттік өтімділік коэффициентінің серпіні мынадай деректермен сипатталады: 2006 жыл – 0,04,2007 жыл – 0,08, 2008 жыл – 0,1. Осындай жолмен, ағымдағы перспективада кәсіпорынның төлем қабілеті күмән тудырады және басшылыққа ААҚ-ның есептік саясатын қайта қарау қажет.
Дамыған нарықты экономикалы елдерде сындарлы белсенділік коэффициенті төлем қабілетінің көрсеткіші ретінде пайдаланылады, өйткені біріншіден, қысқа мерзімді бағалы қағаздар жоғары өтімді активтер болып табылады; екіншіден, күшті бәсекелестік жағдайында кәсіпорын шарттық қарым-қатынастарын сирек бұзады, яғни, дебиторлық берешекті өндірумен проблемалар жоқ.
К сындарлы өтімділік = ТА-ТМБҚ = ДС+ҚМҚИ+ДБ
ТО ТО
ҚМҚИ – қысқа мерзімді қаржы инвестициялары
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасында өтімділік пен төлем қабілеті бір-біріне сәйкес келмейді, өйткені жабу және сындарлы өтімділік коэффициенттері қаржы жағдайын қанағаттандырарлық ретінде сипаттауы мүмкін, алайда мәні бойынша, бұл бағалау егер, ағымдағы активтерде елеулі үлестік салмағы өтемсіз ТМБҚ мен мерзімі өткен дебиторлық берешекке келетін болса, қате болуы мүмкін.
К жабу = ДС+ҚМҚИ+ДБ
ТО
Төлем қабілеті кәсіпорында жедел өтеуді талап ететін қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есептер үшін жеткілікті ақша қаражатының болуын білдіреді. Төлем қабілетінің негізгі белгілері болып мыналар табылады:
1. жеткілікті көлемде есептік шотта ақша қаражаттарының болуы
2. мерзімі өткен несиегерлік берешектер мен қарыздардың болмауы
3. таза айналым капиталы.
ТАК=ТА – ТО
Немесе
ТАК=Тұрақты капитал – ДА
ТАК+Меншік капитал + ДО – ДА
Таза айналым капиталының көрсеткішін есептеу кезінде ағымдағы міндеттемелер ағымдағы активтерден асатынын көрсетеді. Сондықтан, бұл көрсеткіштің теріс белгісі бар. (1998 жыл – 294; 1999 жыл – 945; 2000 жыл — 3110).
Кәсіпорынның төлем қабілетін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болып оның несие қабілеті табылады. «Төлем қабілеті» түсінігінің «несие қабілеті» түсінігіне қарағанда неғұрлым кең мағынасы бар. Төлем қабілеті кәсіпорынның барлық берешектерін ескереді. Ол өзінің барлық берешектерін өтеуге, оның ішінде, алынған банктік несиені қайтаруға мүмкіндік беретін осындай қаржы жағдайымен сипатталады.
Кәсіпорынның несие қабілетін анықтау талдаудың келесі кезеңі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында банктік несие кәсіпорынның заемдық қаражаттарының маңызды көзі болып табылады.
Мыналар кәсіпорынның несие қабілетін талдаудың негізгі міндеттері:
● кәсіпорынның қаржы жағдайын айқындау
● қарыз алудың шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несиелік ресурстарды жоғалтуының алдын алу
● оның тиімділігін арттыру бағытында кәсіпорынның – қарыз алушының қызметін ынталандыру
● несиелеудің тиімділігін арттыру
Қосымша ақпараттың мәнін азайтпай, оның ресми бухгалтерлік есептілігін талдау кәсіпорынның несие қабілетін бағалаудың басты тәсілі екенін атап өту қажет. Оған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы тиіс:
● Кәсіпорынның төлем қабілеті мен өтімділігі
● Айналым қаражаттары мен алынған қарыздарды пайдаланудың тиімділігі;
● Шаруашылық айналымындағы өзіндік айналым қаражаттарының болуы
● Кәсіпорынның табыстылығы, өнімділігі
Дәлелсіз дебиторлық берешектің болуы, клиенттер алдындағы міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауарлық қорларды жинақтау, шаруашылық қызметінің төмен тиімділігі, ағымдағы активтердің айналымшылықтарының кідіруі (операциялық циклдың ұлғаюы) кәсіпорынның несие қабілетсіздігінің басты себептері болып табылады.
Банктер, субъектінің несиеге қабілеттілігін талдау үшін өтімділіктің жалпы коэффициенті кеңінен қолданылады. Егер ол 1-ден төмен болса, банк кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің жоқ екендігімен жұмысы болады және тек ерекше жағдайларда ғана несие берілуі мүмкін. Қарызды дер кезінде 1-1,5 шамасындағы деңгеймен өндірудің белгілі бір тәуекелдігі, қарызды қамтамасыз етуге 1,5 жоғары деңгейде кепілдік және оны қайтарымның жеткіліксіздік коэффициенті бар.
Қарыз беруші тәуекелдігінің жоғары деңгейі орташадан жоғары проценттік мөлшерлемеде.
Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, оның коммерциялық құпиясын құрайтын, өзінің несиеге қабілеттілігін бағалау жүйесін қалыптастырады.
Несиеге қабілетті коэффициенттің есептері № 2.5. талдамалы кестеде келтірілген.
Жалпы берешек коэффициенті:
Компания активтерінің жалпы сомасына немесе өзіндік капиталға не несиегерлер берген жиынтық қаражаттың қатынасы ретінде айқындалады.
Үш жыл үшін компанияның ағымдағы міндеттемелерінде мынадай өзгерістер болды: 1998 жыл – 8767 мың теңге, 1999 жыл – 11927 мың теңге, өткен мәннен 36% көп, 2000 жыл – 14644 мың теңге, 1999 жылдың мәнінен 23% көп. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 1999 жылы неғұрлым жоғары мәнге жетті және 16833 мың теңгені құрады, ол 1998 жылға қарағанда 16%-ға және 2000 жылға қарағанда 17% артық. 3 жыл бойы жалпы берешектің коэффициенті сәйкесінше 1998 жылы – 0,39, 1999 жылы – 0,45, 2000 жылы – 0,44 тең, ол табалдырық мәнінен 2/3 төмен. Осындай жолмен, «Қазақтелеком» ААҚ өзінің ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелерін орындауға қабілетті болып табылады. Ұзақ мерзімді коэффициент сәйкесінше 1998 жылы – 0,24, 1999 жылы – 0,27, 2000 жылы – 0,21 тең, ол табалдырық мәнінен 0,5 артық емес.
Тағы рефераттар
- Ом заңы туралы слайд, презентация
- ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ курстық жұмыс
- Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары
- Банктің қаржылық қызметіне талдау
- Лактулозамен байытылған сүт өнімдерінің адам денсаулығына әcepi курстық жұмыс