Кәсіпорын деңгейінде қорлар үлкен капталды салымдарды қажет ететін объектілер қатарына жатады, сондықтан да ол кәсіпорын саясатын және қызмет көрсету деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың біреуі болып табылады. Бірақ та көптеген кәсіпорындар бұған аса мән бермейді және әрқашан да оларда өздерінің керек болатынын ескермейді. Осының нәтижесінде кәсіпорын қорларға үлкен капитал салу мәселесімен соқтығысады.
Тауарлық — материалдық қорлар әрқашан да материалды-техникалық қамтамасыз етілу жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, оның майысқақ функционалдауын және өз кезегінде «сақтандырғыш» қызметін атқарады [18, 95б.].
Соңғы 15 жылдың ішінде өндірістік дамыған елдерде қорларды басқарумен байланысты әртүрлі сұрақтарға қатысы бар көптеген модельдер жасалған. Модельдеу көмегімен өндіріс немесе өндірістік бағдарлама ішінде қолданылатын шаралар нәтижелігін растайды, өйткені барлық технологиялық желі арқылы өнімнің өту кезеңі өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар модельдеу көмегімен автоматты транспортты құралдармен қызмет көрсетілетін майысқақ өндірістік аймақтың жобасын тексеруге, өндірістің материалды–техникалық қамтамасыз етуге шығындарды бағалауға болады. Қоймаларды компьютер көмегімен жобалауды қолдану олардың ең тиімді жүйесі, қоймаларды эксплуатациялауға кететін шығындар мен қажетті капитал салымдардың шамасы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындар қорлардың деңгейін таңдау үшін дайындау операцияларына кететін шығындарды немесе тапсырысты орындау үшін шығындарды теңестіру және қорлар дефициті кезіндегі шығын мен қорларлы сақтауға кеткен шығындармен салыстыру жолымен математикалық модельдерді қолданылады. Қорларлы сақтауға кеткен шығынға тек қана қоймаларда қорларлы сақтауға кеткен, өнімнің бұзылуы салдарынан болатын ұстамдар, моральды тозу бағасы ғана емес, сонымен қатар капитал ұстамдары, басқаша айтқанда, эквивалентті тәуекел кезінде басқа да мүмкін болатын инвестициялау қолдану арқылы табыс нормасы әсер етеді [27, 116б.].
Өндіріс рационализациясын қамтамасыз ететін және оның технологиясын жетілдіруін қамтамасыз ететін шамалар арасында кеңейген бәсекелес шарттарында қорлар мен бұйымдардың цехтар мен қоймаларда өту уақытының азаюын көрсетуге болады. Осы үшін қолданылатын өндіріспен басқару жүйесі нарықтың талаптарын әрқашан да қанағат етеді. Олардың негізгі кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
– мәліметтерді және жүйені толығымен электронды өңдеуге үлкен шығын жұмсауға қарамастан жұмыстың нақты жағдайынан сметалық жоспарлаудың үлкен ауытқуы;
– өндіріске, қорлардың керекті деңгейіне және циклдың өту мерзіміне нәтижелі әсер етудің жоқ болуы;
– жоспарлаушы құрылымдардың және жоспарлаумен байланысты адамдар іс–әрекетінің жекткілікті еркін болмауы.
Қазіргі уақытта нарықтың бұйым параметрлеріне қойылатын талаптары қатты өсті, ең алдымен олардың сапасына. Бұл ұсыныстың сұраныстан басыңқы болуы салдарынан және артық өндірістік қуаттардың пайда болуы мен т.б. пайда болды. Осыдан шығатыны, табысқа өзінің өндірісін ең рационалды қойған ғана жетеді, сонда оның экономикалық көрсеткіштері оптималды деңгейде болады. Бұған басқа шараларға қарағанда сонымен қатар мына жолдармен жетуге болады:
а) қорлардың құру мен сақтаумен байланысты шығындарды қысқарту;
б) жеткізу уақытын қысқарту;
в) жектізу мерзімін нақтырақ сақтаумен;
г) өндірісті арттырумен;
д) қорлармен басқару жүйесінің қағидасымен.
Қаражатты ары қарай үнемдеу жоғарыда көрсетілгендей резервтерді жүзеге асыру арқылы жасалуы мүмкін. Ең алдымен, бұл қорларды оптимизациялауға жатады [33, 105б.].
Кәсіпорынның материалдық қорлардың оптимизациясы және оларды тиімді басқару мәселенің актуалдығы қорлардың жағдайы кәсіпорынның қаржылық жағдайына және қаржылық нәтижелеріне анықталған әсерін тигізеді.
Қорларды сақтау кезінде тәуекелді төмендету жолдарының біреуі – майысқақ өндіріс жүйесі негізінде технологияларды қолдану. Берілген жағдайда ең негізгі артықшылық дайындау операцияларына кететін шығын мен уақытты қысқарту болып табылады, бұл бұйымдарды кішкентай партиялармен дайындауды экономикалық жағынан тиімді етеді, ал бұл өз кезегінде нарықтың тұрақты өзгерісі мен қатаң бәсекелестік шартында өте маңызды болады. Сонымен қатар қорлардың моральды тозу тәуекелдігі де төмендейтінін айта кету керек.
Қорлармен басқару мәселесін макроэкономикалық деңгейде шешу (әкелудің рационалды партиялары мен сақтандыру қорларын анықтауды қоса алғанда) шаруашылық құрылымдарды ішкі тіркеуді түбегейлі өзгертуді ескереді. Бухгалтерлік тіркеудің ескі құралған жүйесі ресурстармен нақты нәтижелі басқару тапсырмасына сәйкес келмейді. Ол шешім қабылдау мен нұсқасын таңдаумен байланысты операциялық бағалауға мүмкіндік береді және шаруашылық іскерліктің салдарын тек қана үлкейтілген түрде тіркеуге мүмкіндік береді.
Материалды ағыстардың қозғалысын ұйымдастырумен және қорларды сақтаумен (қызмет көрсетумен) байланысты шығындар параметрлерінің бірқатары бүгінгі күнде шығындардың тіркелетін мақалаларында «жасырын» орналасқан. Бұл жағдай салық және бақылау жүргізу органдарының қызығушылығын ешқандай да қысқартпайды, бірақ ең шаруашылық субъектілердің «экономикалық көзқарасына» жол бермейді, ол материалды ағыстар және қорлармен басқару арқылы өз іскерлігін нарықтық қатынас талаптарына сәйкес келтіруіне мүмкіндіктер мен қолдануға тежегіш болады.
Қорлармен басқару жүйесінің ең басты механизімі, онда оның барлық элементтерінің жұмысқа енгізу қажетті, қайта байланыс қағидасын жүзеге асырудан тұрады. Осы қағиданың мәні мынада, егер де жүйенің басқару буыны жүйенің жұмыс элементіне басқару әсерін тигізетін болса, онда жүйеде «қайта байланыс» болуы керек, ол барлық жүйенің жаңа күйі туралы мәліметтер береді және оның функционалдау нәтижелігін бағалайды. Жүйе басқарылады, егер де оған әсер еткеннен кейін оның жаңа күйін анықтауға, және бағалауға мүмкіндік бересе [11, 119б.].
Қорларды басқару жүйесін жоспарлаушының басты мақсаты персонал жұмысының жүйесін және қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді ол жүйенің барлық элементтерінің «бағыныштылығын» қамтамасыз етуге негізделген – қайта байланыс қағидасының позициясы.
Басқару жүйесінің осындай классикалық талабының қарапайымдылығына қарамастан, көптеген тауар жүйелері осындай қасиетке ие болмайды. Қоймалық тіркеу мәселесін шешіп және жетекшілік ету құрылымын беріп, басқарудың жоғары буынының менеджері жүйе қандай күйде екендігі туралы мәлімет алмайды. Басқа жағынан, ол қоймалық тіркеу жүйесінен көп ақпарат алып басқару әрекетін нақты қабылдауға мүмкіндік бермейді. Менеджер қордың ағымды жағдайы туралы ғана ақпарат алады. Бірақ келісіңіз, тауар жүйесінің динамикалық өзгерісінің күйін сақтауға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін жүйенің жалпы мінездемесін білу қажет, онда алдында қабылданған, қате болса да, басқару әсері не реакция мен оның динамикасы көрсетіледі.
Сонымен, қорлармен басқару жүйесінің салыстырмалы құрылымдық элементтері келесідей болу керек:
1) Жүйенің бірінші деңгейінде қоймалық бағдарламалардан және мәліметтер базасының модулі орналасады, оларда тауар қозғалысы мен тауарларды түсіру бойынша сатып алушылармен жұмыс туралы қозғалысы туралы мәліметтер жиналады.
Осы жерде персонал білімі мен бағдарламалық ортамен персонал жұмысының ережелері, сонымен қатар бухгалтерлік нормативті акттар көрсетіледі, олар қоймадан тауардың кетуі мен келуі туралы операциялар жүзеге асыру кезінде персонал тәртібін анықтайды.
Сонымен қатар, бірінші деңгей жүйесінде тауар қалдықтарын анықтауда, тауар сұранысында заңдылықтарды анықтау бойынша персонал білімінің элементі бар.
Осы ақпараттың барлығы қорлармен басқару жүйесі толығымен функционалдау үшін керек, яғни тауарды сақтау мен түсіру үшін.
2) Қорлармен басқару жүйесінің екінші деңгейі қорларды басқарудың әртүрлі модельдерінен тұрады. Қорларды суреттеу моделі және қорлармен басқару әртүрліше жүзеге асырылуы мүмкіндігі.
Ең қарапайым жағдайда, барлығын өзіне адам алғанда, екінші деңгей тәжірибелік нұсқамалардан тұрады, оны қандай да тауарды сатып алғанда басшылыққа алу керек. Тәжірибелі түрде ол басқару жетекшінің басында «сақталады». Оның тәжірибесі мен оның нұсқамалары қорлар туралы не білу керек екендігін анықтайды. Персонал келісімшарттарды жасау бойынша техникалық жұмыстарды және әкелушілермен хабарласу жұмыстарды орындайды. Бірақ басқару шешімдерін қабылдау бойынша нұсқамаларды және ережелерді жасау арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен бағаланған және нәтижелі шешімдерді жасау үшін нұсқамалар сияқты жетекшіге көрсетілген математикалық модельдерді қолданумен өткізілетін нақты зерттеулер нәтижесі болып табылады.
Екінші деңгей жүйесін жүзеге асырудың басқа да нұсқасы мүмкін. Бұл жерде негіз ретінде тауарлы – материалдық қорлардың күйін талдау және қорлардың түзілуі бойынша шешімдерді қабылдау ережелерін жасау үшін қажетті персоналдың білімі мен ережелері құрайды. Қорлардың күйі туралы әр жоспарлы ақпаратты көрсету мен өңдеуде маңызды көмекті мамандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету көрсетіледі, онда басқарудың әр түрлі модельдері жатады.
Мамандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің персонал үшін өзі қажетті ақпаратты қабылдауға мүмкіндік береді, бұл талдаусыз негізделген шешімді қабылдау мүмкін емес. Осы бағдарламалық қамтамасыз етуді қоймалық бағдарламалармен ауыстырып алмау керек. Жүйенің екінші деңгейінде қорлардың күйін талдау мен шешімдерді қабылдау үшін көрсетілген бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс әдістері және тәжірибе бар.
Жүйенің екі деңгейі арасында әрекеттесу сонымен қатар бір деңгейден екіншіге ақпаратты беруді қамтамасыз етумен сәйкес келетін коммуникациялық ережелермен ұсталады. Тәжірибе жүзінде персоналға нұсқама түрінде болады, ол бір біріне әрекет ету керек. Тауарлы қорларға қандай да қатысы бар қызметкерлер арасындағы ақпарат толық көлемде, дұрыс және белгіленген мерзімде болуы керек.
3) Үшінші деңгейде қаражатпен басқару моделі және қорлардың қаражаттық күйін бақылауға негізделген. Бұл жерде қорлардың түзілуі бойынша қабылданатын ережелердің экономикалық нәтижелігі бағаланады, оларды сатып алу үшін қаражат көздері және қорлармен басқарудың қаражаттық стратегиясы анықталады. Осында қорларды құру бойынша стратегиялық шешімдер қабылданады.
Жүйенің үшінші деңгейі сонымен қатар персонал білімі мен қорлардың күйін бағалаудың мамандырылған әдісі және барлық ұйымның іскерлігінің көрсеткіші «жүзеге асырылған». Экономикалық талдау әдістерінің жүзеге асырылуы мамандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді ескереді.
Қорлармен басқару жүйесінің негізін қорлар мен сыртқы орта күйінің технологиясын құрайды, сонымен қатар қорларды құру бойынша шешімдерді қабылдау ережесі де жатады. Ережелердің өзі мамандырылған бағдарламалық модульдер және персонал үшін нұсқама түрінде жүзеге асырылады. Сонда жүйенің негізгі элементі ретінде «интелектуалды» шешімдерді қабылдау үшін жеткілікті білім деңгейіне ие маман болып табылады, оның білімі қорлар мен сыртқы ортаның ағымды талдануымен нақтыланған.
Сонымен, біз қорлармен басқару жүйесін құрастырған кезде, біз қандай да болмасын дәрежеде осы жүйенің құрылымдық элементтерінің барлығын жасауымыз керек. Әрине, әр бөлек жағдайда кәсіпорын іскерлігінің спецификасы жұмыс әдістерін ескеретін өз жеке элементтері құрылуы керек. Әр жүзеге асырудың жеке болуына қарамастан, қорлармен басқару жүйесінің көбісі үшін жалпы қағидалар біркелкі және баяндау мен зерттеуге жақсы жатады [31, 178б.].
Жалпы РМК «Есіл су» мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан, ол үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтік – экономикалық міндеттерді шешу болып табылады:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі жұмыстар атқару, қызметтер көрсету;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жария еткен Жолдауында еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын белгілеп берді. Ол бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатан үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібін ұйымдастыруды айтты. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырды. Соның ішінде коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту, бұл сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары мен желілерін дамытуды тапсырды. Үкіметке әкімдермен бірлесіп осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес, сонымен бірге бюджеттен бөлінген әрбір теңгенің пайдалануын қатаң бақылауды тапсырды. Бұл болашақ дамудың негізі, қалалар мен жергілікті орындарда орасан көп жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі [34, 2б.]. Жалпы босаған қаражат, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамту, оларды одан әрі үйрету старетегиясын іске асыру мүмкіндігін береді. Ол бізге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етеді.
Сонымен материалдық ресурстарды үнемді пайдалану мен оны пайдалану тиімділігін арттыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды. Сол себепті материалдық ресурстарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды бөлігі. Материалдық ресурстар кәсіпорынның айналым қорының бір бөлігін құрайды, яғни әрбір циклде толық пайдаланылатын қаражат болып табылады және өз бағасын дайын өнім бағасына толық ауыстырады.
Сондықтан қорлармен басқару мақсаты бір жағынан оларды қолдау бойынша жалпы шығындарды минимизациялайтын болса, басқа жағынан кәсіпорынның табысты жұмыс үшін қажетті болады.
Тағы рефераттар
- Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері
- Мультиплексор және демультиплексор
- Білім берудегі компьютерлік технология ерекшеліктері курстық жұмыс
- Ұжым және тұлға арасындағы байланыс
- Джон Кеннеди және АҚШ ВВС қолбасшысы арасындағы мәжіліс