Мазмұны
Кіріспе……3
I Тарау. Касса операцияларының есебі……..5
1.1 Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……12
1.2 Төлем карточкаларының есебі……20
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есеп беру…..24
II Тарау. Кассалық операцияларды есепке алу…..29
2.1 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру және касса құжаттарын ресімдеу тәртібі…..29
2.2 Касса кітабын жүргізу тәртібі және ақшаны сақтау ережесі……..33
Қорытынды…….36
Пайдаланылған әдебиеттер……39
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең өзекті мәселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан — 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мәні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зертеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез — келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бұл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.
Курстық жұмыс / 40 бет
Тағы рефераттар
- ҚР – да шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін факторлар
- Алтын Орданың жақындасуының саяси және әлеуметтік алғашарттары
- Сухомлинский Василий Александрович өмірі мен қызметі
- Атан мен Досай батыр
- Жерлеуге жәрдемақы алу жолдары қандай?