Кассалық операцияны жүргізу тәртібі туралы қазақша реферат

Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу барысында АТФБанк банктің толық қызмет түрін ұсынады. Олар: қабылдау, қайта санау, ұлттық және шетел валютасында клиент шотына салу, сонымен қатар клиент шотынан ақша алу. Қолма-қол ақшана клиент алдын ала сұраныс беру арқылы және сұраныссыз да ала алады. Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операция бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банкте мынадай бөлімшелер бар:

—         Кіріс кассасы

—         Шығыс кассасы

—         Кіріс, шығыс кассасы

—         Кешкі касса

—         Сыртқа шығатын касса

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін, клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкноталар мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылғадығын тексереді де, құжаттарды бақылаушы бухгалтерге тапсырады. Ол құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады. Бақылаушы бухгалтер кассалық құжатты алған соң, ондағы операциялық жұмыскердің қолын, қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазбаша түрде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды және ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады. Бақылаушы бухгалтер болмаған жағдайда банктің бұйрығына байланысты оның міндеті кассирге жүктеледі. Кассир кіріс кассалық құжаттарды тапсырып болған соң клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарда санап алып, қабылдайды. Қабылдаған соманы кіріс кассалық құжаттағы сомамен салыстырады. Сома сәйкес келсе, кассир кіріс кассалық құжатқа қол қойып, кіріс кассасы деген мөр қояды.

Шығыс құжат алған бақылаушы бухгалтер мынадай құжаттарды жүргізеді:

—         Қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғаның қолдарының барлығын тексеріп, оны қол қою үлгісімен салыстырады

—         Құжатта көрсетілген соманың саны мен жазбаша түрдегісін салыстыру

—         Клиенттің лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгіде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.

Содан соң барып кассир қолма-қол ақша алушыны кассадағы чектерінің номері бойынша шақырып, тағы қандай сома алатындығын нақтылап алып, содан соң ақшасын береді.

Клиент-заңды тұлғадан ақша қабылдағанда:

Дт-1001

Кт-2203

Депозитордан ақша қаражаттарын салымның сәйкес шотына кірістеу:

Дт-1001

Кт-2211,2223

Чектік кітапшалардың құнын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:

Дт-1001

Кт-4920

Қолма-қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде:

Дт-1001

Кт-4600

Клиент заңды тұлғаға ақша беру:

Дт-2203

Кт-1001

Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде:

Дт-2854

Кт-1001

Несиені қолма-қол ақша түрде касса арқылы бергенде:

Дт1411,1417

Кт-1001
Тағы рефераттар