Қазақ азаматтық құқығы әдебиеттерінің қысқаша очеркі туралы қазақша реферат
Азаматтық кұқық өзінің бүкіл даму кезендерінде Рим құқығымен тығыз байланыста болды, демек кезінде Қазакстан жерінде тұрған халықтардың азаматтык құкығына да Рим құқығы әсерін тигізбей қойған жоқ. Азаматтық құкық тарихы шын мәнінде бүкіл әлемдік тарихи дамудың, халықтардың өзара байланысының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтың әдет-ғұрып құқық нормаларынан Рим құқығының нормаларына ұқсас келетін тұстардың бар екендігі таңдандырмай коймайды.
Қазақтың көне азаматтық құқығында дін, оның ішінде мұсылман діні құқықтың бір бөлігі болды. Мысалы, шариатта азаматтық құқықтануға арналған бүтіндей бөлім бар. Әрі оның өзі құдайдың құдіретімен жазылған, түсіндіру мен өзгертуге жол берілмеген. Бұдан келіп құкықтың нағыз формализмі, яғни құқық нормасын дәлме-дәл жеткізу келіп шығады. Міне, сондықтан да біз казақтың әдет-ғұрып құқығының нысандары мен салтанатты рәсімдерін кездестіреміз. Мысалы, егер өлтіргені өтірік деп танылса: «Біз діннен безген болайық, Мұхаммедтің үмбеті қазақтың жұрағатына саналмайын», — деп қасиетті кітапты (Құранды) ұстап, төбесіне қойып ант етеді.
Қоғам дамуының жоғары сатысында заңға деген қажеттілік өседі, азаматтық айналым күрделене түседі. Әдет-ғұрып өмірге ілесе алмай, заңға жол береді, сөйтіп бәрі де өзгеріске ұшырайды.
2. Азаматтық құқық туралы алғашқы шығармалар XVIII ғасырда ғана пайда бола бастады. Қазақтың азаматтық құқығы бүкілдүниежүзі халықтарының азаматтық құқықтарихына тән көне кезендердің бәрін де басынан өткізгендігін дәлелдейді.
Мәселен, Омбының Уакытша комитеті жинаған қазақтың әдет-ғұрып құқығы туралы деректерде азаматтық құқыққа байланысты көптеген деректер кездеседі.
Қазақтың азаматтық құқығына байланысты бұрын-сонды жазылып, кезінде баспа жүзін кәрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектерге, әдет-ғұрып, құқық туралы шыққан жинақтарға тоқталайық. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ азаматтық құқығы туралы жалпылама болса да біраз түсінік беретін мағлұматтарды орыс ғалым дарының еңбектерінен көреміз. Айталық, П.С.Палластың, И.Г. Георгидің, И.П. Фальктің және Н.П.Рычковтын», И.Г. Андреевтің шығармаларын айтуға болады. XIX ғасырда азаматтық құкық туралы А. Левшин, Л.Ф. Баллюзек, Г. Загряжский, И. Козлов, П.Е. Маковецкий, Қ.Халиди» және А. Диваев өз еңбектерін жазды.
XX ғасырдың басында қазақ азаматтық құкығы туралы И.С. Колбасенко, Е.А. Алекторов, А.К. Белиловский, Г. Балғымбаев, Ишмұхаммет Букин, Отыншы Әлжанов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К. Жапанов мақалаларын жазды.
Қазан революциясынан соң қазақ азаматтық құқығына қатысы бар әр түрлі шағын зерттеулер, мақалалар жарык көрді.
Осымен қазақтың азаматтық құқығы туралы зерттеулердің қай-қайсысы болса да оның барлық мәселелерін толық қамтымағанын осы шолудан көруге болады. Міне, сондықтан да азаматтық-құқықтық проблемаларды терең зерттеп, өздерінің бұл саладағы қол жеткен нәтижелерімен ұлттық заң ғылымын байытты дейтіңдей осы саладағы ғалымдар есімдерін ауыз толтырып айта алмаймыз.
Дегенмен нақтылы дара деректердің өзін орынды пайдаланудың маңызы зор.
Қазақстанның азаматтық құқығын арнайы зерттеу тек XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяқ шенінде басталды. Мерзімі жағынан алып қарағанда алғашқы болып бастаған Г.М. Степаненко болып табылады, оның еңбегі «О текстах кодексов, действующих на территории Казахской ССР» деп аталады. Бұл еңбекте Қазақстан аумағында 1955 жылға дейін қолданылып келген зандарды РСФСР Азаматтық кодексімен салыстыра отырып, оның ерекшеліктерін айқындаған. Бұдан кейін де Г.М.Степаненконын «Законодательство Советского Казахстана о праве собственности в первой фазе развития социалистического государства» (1954 ж.) деген тақырыпта зерттеуі жарық көрді. Осы жылдары С.Зимановтың және Ә.Ереновтін «О характере феодальной собственности на землю в Казахстане», Б.В.Покровскийдің «Договор управления оросительной системы с колхозом» және басқа еңбектер жарияланды. «Правовые проблемы организации и деятельности совхозов» (Авторлар топтамасы, М.А.Ваксберг редакциясымен) атты тұңғыш монография шығарылды (1959ж.). 1964 жылы Қазақ КСР Азаматтық кодексі қабылданған соң азаматтық құқыққа байланысты тұтастай сериялы енбектер жарық көре бастады. Оның катарында мынадай шығармалар бар: Қазак КСР Азаматтық кодексіне түсініктеме (авторлар ұжымы 10 адамнан тұрады), осы түсініктеменің жаңа басылымы 1990 жылы қайтадан жарық көрді.
60-шы жылдарда «Комментарий к Положениям о поставках продукции производственно-технического назначения и товаров народного потребления» (1962ж.); «Правовые вопросы материально-технического снабжения предприятий совнархозов» (авторлары: М.Г.Масевич, Б.В.Покровский, Н.Ғ.Мурзин) (1962ж.); «Правовые вопросы материально-технического обеспечения колхозов и совхозов» (авторлары: М.Г.Масевич, Н.Б.Мухитдшов, М.К.Сүлейменов) (1969ж.) тәрізді бірқатар еңбектер жазылды.
Осы кезеңде азаматтық-құқықтық зерттеулерді маңызды проблемалар бойынша азаматтық құқықтық салалары бойынша жүргізу өріс алды. Мысалы, экономиканы басқару механизмін жетілдіру бағытында мынадай еңбектер жарияланды «Правовые вопросы материального формулирования предприятий» (1972 ж.); «Правовые формы хозяйственного расчета производственных объединений и предприятий» (1975 ж.); «Правовые формы хозяйственного расчета строительных организации» (1978ж.); М.К.Сүлейменовтің «Ответственность за нарушения сроков исполнения договорных обязательств » (1971 ж.), сондай-ақ оның «Структура договорно-хозяйственных связей» (1980ж.); Ю.Г.Басиннің «Материальная ответственность предприятий и организаций за невыполнение заданий и обязательств» (1969ж.); М.Г.Масевичтің «Шаруашылык есепті нығайтудағы өнім тапсыру шарты мен оның рөлі»; Н.Г.Мурзиннің «Преддоговорный арбитраж по поставке в советском гражданском праве» (1964 ж.).
Сол жылдары күрделі құрылысты құқықтық реттеу маңызды проблема саналды. Бұл орайда мынадай еңбектерді атай кеткен жөн: «Правовые вопросы строительства в СССР» (І960ж.); Ю.Г. Басиннің «Правовые вопросы проектирования в строительстве» (1962ж.), сондай-ақ оның «Проект.
Строительство. Закон» (1978ж.) еңбегі; Н.М.Мухитдиновтің «Правовые основы хозяйственной деятельности межколхозных строительных организаций» (1968ж.); А.Г.Диденконын «Правовые рычаги укрепления хозрасчета в строительстве» (1982ж.); А.Г.Диденко мен Қ.С.Мәуленовтің «Управление капитальным строительством в условиях научно-технического прогресса» (1986 ж.) тәрізді зерттеулер.
Көлік проблемасын зерттеу барысындада айтарлықтай істер атқарылды, бұл орайда мына төмендегі еңбектерді атамақшымыз: М.К. Александров-Дольник пен Ғ.И. Төлеуғалиевтің «Правовые вопросы доставки грузов от склада отправителя до склада получателя («от двери до двери»)» атты монографиясы (1969ж.); Ғ.И. Төлеуғалиев, Е.Л. Озерянский «Перевозка сельскохозяйственных грузов автомобильным транспортом» (19б8ж.); Ғ.И. Төлеуғалиев «Правовое регулирования сельскохозяйственных перевозок» (1972 ж.); сондай-ақ аталған автордың қазақ тілінде жазылған » Ауыл шаруашылығына транспорттық-экспедициялық қызмет көрсету» (1978 ж.); Ғ.И. Төлеуғалиев пен М.Ғ. Төлеуғалиев «Международное транспортное право» (2001 ж.) еңбегі.
Шығармашылық қызметті құқықтық реттеу, өнертабыс, өндіріске техниканын жетістіктерін енгізу, өнертапқыштар мен авторлардын құқықтарын қорғау тәрізді мәселелер маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бұл орайда ғалымдар ішінде көп енбек сіңіргендер де баршылық, сондықтан да олардың есімдерін атай кетпекшіміз; олар — С.И. Меерзон «Защита интересов советских изобретателей за границей»; Қ.Н.Нәменгенов «Абсолютные и относительные изобретательские правоотношения» (1978ж.) және «Рационализаторлық ұсыныстарды құкыктык реттеу» (1974ж.); О.Қ.Ықсанов «Права авторов произведений изобразительного искусства» (1966ж.).
Цивилист-ғалымдар басқа да проблемаларды қамтыды, бұл орайда Ю.Г.Басиннің «Вопросы советского жилищного права» (1963 ж.), Ю.Г.Басин мен И.И.Поповтың «О жилищных правах советских граждан» (1966ж.); А.И.Беспалова мен М.А.Ваксбергтің «Правовая охрана личной собственности в СССР», А.Г.Диденконың «Право на жилье.
Справочник в вопросах и ответах» (1989ж.) тәрізді зерттеу еңбектерін және «Комментарий к Жилищному кодексу Казахской ССР» (1987 ж.) мысалға келтіруге болады.
1980—2001 жылдары қазақстандық цивилистердің ғылыми жұмыстары кеңінен қанат жая түсті. Атап айтқанда мынадай еңбектер жарық көрді: «Гражданский кодекс Республики Казахстан — толкование и комментирование. Общая часть. (А.Г. Диденконың жалпы редакциясымен); «Комментарий к граж-данскому кодексу» (М.К. Сүлейменов пен Ю.Г.Басиннін жалпы редакциясымен); І.У. Жанайдаров «Проблемы реализации права государственной собственности» 1994 ж.); М.К.Сүлейменов, Б.В.Покровский, А.И.Худжов, В.А.Жәкенов «Право и предпринимательство в Республике Казахстан» (1994ж.); Г. А.Ахмадиева «Правовое регулирование внешнеэкономических контрактов» (1996ж.); И.В. Романкова «Проблема правового регулирования предпринимательства граждан в Республике Казахстан» (1997ж.); С.И. Климкин «Правовые формы предпринимательства в Республики Казахстан» (1997ж.); Қ.С. Мәуленов «Право иностранных инвесторов в Республике Казахстан» (1998ж.) және т.б.
Қазақстан цивилистері ауқымды мөлшерде кандидаттык және докторлық диссертациялар қорғады. Оқу құралдары ең алдымен азаматтық кұкык жөніндегі оқулыктар түрінде көрініс берді. Әдетте оқулық деп азаматтық кұкық жүйелі түрде талданған немесе бір-бірімен байланысты келетін бөлімдері бар шығарманы айтады. Бұл орайда талап деңгейінен шығатын қазіргі азаматтық құқық бойынша оқулық әлі шыға қойған жоқ. Кеңес өкіметі кезінде азаматтық құқык оқулықтарын орыс тілінде Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Саратов зан факультеттерінің, заң институттарының ұжымдары 1944 жылдан бастап шығарған болатын. Қазақстанда азаматтық кұқық жөнінде орыс тілінде окулыктар шығаруға Ю.Г. Басин, Б.Б. Базарбаев, А.И. Беспалова, М.А. Ваксберг, А.Г. Диденко, О.Қ. Ыксанов, Г.И. Төлеуғалиев, С.И. Меерзон тұңғыш рет қадамдар жасады. Оқу құралдарын шығару жөнінде дайындык жұмысы сонау 60 жылдары жекелеген тақырыптар бойынша лекцияларды баспадан шығару арқылы басталған еді.
Кейін 1968 жылы «Советское гражданское право» деп аталатын курс басылымы дүниеге келіп, ғылыми кең ауқымды қамтыды (барлығы 5 рет басылыншықты). Өкінішке орай бұл жұмыс аяқталмай калды. 1978 жылы ҚазМУ-дің заң факультеті азаматтык құқық кафедрасы ұстаздар ұжымымен Жоғары және орта білім беру Министрлігінің арнайы рұхсатымен «Гражданское право Казахской ССР» оқу құралының 1-бөлімі жарыккөрді. Осы оку құралының екінші бөлімі 1980 жылы шықты.
1994 жылы Азаматтық кодекс қабылдануына орай 1998 жылы «Ғылым» баспасынан профессор Ғ. Төлеуғалиев пен доцент Қ.С.Мәуленовтің редакциялык етуімен «Гражданское право Республики Казахстан» оқу кұралының екі томы (орыс тілінде) жарык көрді. Авторлар ұжымының құрамында профессор Ғ. Төлеуғалиев, профессор М.А. Сәрсенбаев, профессор Н. Өсеров, профессор Б.Б. Базарбаев, профессор Л.О. Красавчикова, доценттер О.Қ Ықсанов, К.В. Мұқашева, С.С. Кәрімова, Ә.¥. Шәкірова, заң ғылымдарының кандидаты Ф .С. Қарағұсов, Е.О. Ықсановтар бар. 1999 жылы аталған оқу кұралы өзгертулермен, толықтырулармен екінші басылымда бір томдық болып шықты.
Қазақстанда бірінші рет профессор М.А. Сәрсенбаевтың редакциялық етуімен «Международное частное право» (бірінші басылымы 1996 жылы, екіншісі 1998 жылы) және «Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности» (бірінші басылымы 1995 жылы, екіншісі — 1997 ж.) оқу құралдары жарық көрді. Бұл еңбектерді жазуға профессор Г.И. Төлеуғалиев, доценттер Қ.С. Мәуленов, Т.Е. Қаудыров, К.М. Ілиясовалар қатысты.
1999 жылы профессор М.А. Сәрсенбаев «Международное торговое право» деп аталатын оқу құралын баспадан шығарды
Кәсіпкерлік проблемасының маңыздылығына орай профессор Ғ.И. Төлеуғалиевтің редакциялық етуімен 1999 жылы төрт бөлімнентұратын «Малый и средний бизнес: законодательство Республики Казахстан» жинағы (құрастырушы А.О. Масатбаев) жарық көрді. Қ.С. Мәуленов «Нефтяное законодательство Республики Казахстан» атты нормативтік актілер жинағын жариялады (1999ж.), «Сборник нормативных актов и международных договоров по международному частному праву» бесінші томы (кұрастырушы М.А. Сәрсенбаев) қолға тиді.
Сондай-ақ оқу құралдары жекелеген тақырыптар бойынша да жарық көріп жатыр. Айталық, профессор Ю.Г. Басиннің «Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан: понятие и общая характеристика», «Сделки», «Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства»; М.К. Сүлейменов пен Е.Б. Осиповтың»Залоговое право» (1997 ж.) тәрізді оку кұралдары бар.
Тағы рефераттар
- Халыкты бейбит жане согыс уакытында инженерлик коргау
- Байланысқан тараптар туралы ақпараттарды ашу
- Бейнелеу өнері жайлы лекция және оның мазмұны
- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі курстық жұмыс
- Халықтың табиғи өсімінің төмендеуі және даму жолдары