“Қазақ” газеті туралы қазақша реферат

“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орын- борда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражды 3000, кейбір мағлұматтарда 8000 ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қарыт- кері Ахмет Байрұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, жазешы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін “Азамат” серіктігі болған. Газеттің басы- лып шығуына алғаш жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахметишан Оразаев болған. Ахаң газетке автор ретінде де қатысып“Қызылқұм елінде” деген сияқты мақалалар да жарияланып отырған. Хусаинов —  Каримов баспахагасында басылып тұрған.  Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзық Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.

Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің ең түй- інді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, жер мәселесіне, басқа елдермен қарым-қаты- насына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б. Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев сынды әдебиетіміздің даму шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалары туралы сын-мақалалар мен қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, И.Крыловтан алғашқы аудармалар жарық көрген.

“Қазақтың” басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қалың қазаққа бас-көз болды.
Тағы рефераттар