Қазақ радиосы және облыстық мемлекеттік арналар туралы қазақша реферат
Алты миллионнан астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 – FM жиілігінен беріледі және заман талабына орай қызмет істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы, музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар бөлімдері бар. Мемлекеттік арналар үшін бұлай құрылым жасаудың маңызы зор болды.
Республикалық радиохабарлары жоспарлы түрде жүргізіледі. Алдымен тақырыптық жоспарлауға тоқталсақ: бұл күнтізбедегі айтулы күндерге, тарихи оқиғаларға, кезеңдерге байланысты жасалатын жоспарлар. Оның жасалу жолдары мынандай: алдымен күндік, апталық, айлық межелер белгіленеді, яғни хабарлар сеткасы жасалады. Онда жанрлық-тақырыптық айдарлардың күні, сағаты көрсетіледі. Бұл көбінесе тұрақты, жүйелі. Келесі кезекте осы хабарлар сеткасы толтырылады. Алдымен жалпы халықтық мерекелер, атаулы жас мөлшеріне келген қоғамның біртуар азаматтарының туған күндері т.б. жайлар ескеріледі. Мысалы, Наурыз мерекесі, Конституция күні, Ұландар күні немесе Сайлау күні сияқты қоғамдық-саяси шаралар да жазылады. Мысалы, «Мүсінші Наурызбаевтың 80-жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбат 20 сағат 30 минутта”, немесе “ Конституция күніне арналған саясаткер Қ. Сұлтановтың әңгімесі”, “Наурыз мерекесіне арналған жайна, жаса Наурыз” атты радиокомпозиция т.б. сияқты жанрлық-тақырыптық хабарлар легі өз ретімен орналастырылып, эфирлік хабарлар алдын-ала дайындалып қойылады.[8]
Ұлтымызға тек ақпарат пен музыка ғана емес, оның жер шарындағы өз салты, дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ерекшелігі бар халық ретінде толық қалыптасуы үшін ұлағатты хабарлар да көптеп берілуі қажет. Яғни өткенді білу үшін де, өркениетке өту үшін де адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұрпақты болашаққа жетелеу алдыңғы толқын міндеті. Қазақ радиосы халықтың, ұлттың радиосы болуы тиіс. Сондықтан, тек қана қысқа ақпарат, жеңіл әуен ғана емес, тағылымдық, тәрбиелік, қоғамдық-тарихи мазмұнды хабарлардың үнемі беріліп тұруы өмір қажеттілігі.
Тағы рефераттар
- 20-30 жылдардағы Испания
- Кредиторлық қарыздар курстық жұмыс
- Инвестициялық саясат негіздері курстық жұмыс
- Германиядағы Қараша революциясының басталуы және барысы
- Мемлекеттік Ә.Қастеев астындағы өнер музейі